«Қатынас» білім беру саласында байланыстырып сөйлеуін, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілдік әрекетке жеке қабілеттерін, мазмұнды диалог пен монолог құра білу іскерлігін, сауат ашу және жазуды меңгеруге дайындау мақсатында тілдік шығармашылығын көрсетуге бағытталған жұмыстардың мазмұны мен міндеттері қарастырылады.
«Таным» білім беру саласындабаланың қоршаған ортада бағдарын кеңейтіп, толықтыру, салыстыру, талдау, жалпылау, байқау, үлгілеу, қарапайым іздеу әрекеттерін, табиғатты қорғау тәсілдерін меңгеруін, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыстардың міндеттерін, мазмұны мен шарттарын айқындап көрсетеді.
«Шығармашылық» білім беру саласында баланың қоршаған ортаға деген эстетикалық қатынасы мен ұлттық, классикалық және қазіргі көркем құралдардың дамуымен бірге қалыптасуы қарастырылады. Балалар шығармашылығы мен әрекеттерін біріктіру арқылы балалардың көркемдік қабілеттері қалыптасады. Балалар шығармашылығы - өзін, өзінің мүмкіндіктері мен қоршаған ортаны танитын және оларға өзінің көзқарасын білдіретін ерекше әлем.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласындаәлеуметтендіруді қоғамдық қатынастар жүйесіне енуге қажетті балалардың әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің дамуы ретінде қарай отырып, еңбек және білім, білік, дағдыларын, қағидалар, құндылықтар, салт-дәстүрлер, ережелер, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар, бұл сала кіріктірілген сипатта төрт білім беру саласының мазмұнын іске асырады. Балалар әрекеттерін түрлендіруді ұйымдастыру негізінде олардың үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынас жасауда қарапайым өзін-өзі бақылау мен реттеу дағдыларын қалыптастырады.
Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені педагогтерге білім беру салаларын кіріктіру және қазіргі білім беру технологияларын таңдауда шығармашылықпен жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетіне жаңаша қарауды ұсынады.
Әрбір білім беру саласының мазмұнында мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың базалық білім, білік, дағдыларды меңгеру деңгейі бойынша күтілетін нәтижелер аныкталған.
Бағдарлама балаларды мектепте оқуға ойдағыдай бейімделуінің мазмұнын таңдау және жағдайларын анықтау негізінде балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық міндеттерін шешуді қарастырады.
3. «Математиканы оқыту әдістемесі» пән бойынша математиканың бастауыш курсын пән ретінде оқытуды ұйымдастыру тақырыбы қарастырылады. Бұл тақырып бойынша мектептің бастауыш сыныптарында математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері (білімділік, тәрбиелілік дамытушылық және практикалық) айқындалады.
Курстың мазмұны оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен түрлері. Қолданылатын көрнекілік құралдар (оқу әдістемелік жиынтық, көрнекілік, техникалық құралдар т.б.) Бастауыш сынып математикасын меңгеруге балаларды дайындау және математиканы курсында алатын орны. Практикалық сабақтарда оқыту әдістемелік жиынтығының құрлымымен таныстыру, талдау. (Бағдарлама, оқулықтар, математика дәптері, кесте, оқытушыларға арналған нұсқау, қосымша материалдар). Балалар бақшасы мен бастауыш және орта буын мектептеріне арналған бағдарламаны талдау байланысын ашу, оқып үйрену. Математикадан әр оқу жылының соңында оқушылардың білім, білік дағдыларына қойылатын талаптарды талдау, меңгеру. Бағалау нормасын талдау, қабылдау. Мектепте математиканы сабағына қатысу және оны талдау. Бұл тақырып бойынша оқушылар бастауыш сынып оқулығының мазмұнын, міндетін, мақсатын, қолданатын әдіс-тәсілдерді, көрнекіліктерін дайындау білу керек, қай тақырыптың қай сыныпта оқылатындығын; оқулықтағы тапсырмаларды орындай білу, талдай білуге үйрету керек. Бұл курстың базалық мазмұнына математиканың бастауыш курсының негізгі ұғымдары және оны оқытуды ұйымдастырудың әдістемесі кіреді.
Оқу пәні ретінде бастауыш математика курсы оқушылардың белгілі бір білім көлемін игеруіне көздейді. Атап айтқанда: натурал сан туралы қарапайым түсінік қалыптастырады; қарапайым есептеулер жүргізудің тәсілін игереді; шамалар мен оларды өлшеудің тәсілдерімен және прктикалық іс әрекет үстінде олардың арасындағы байланыспен, геометриялық фигуралар мен олардың қасиеттері туралы қарапайым түсініктермен байланысты ұғымдарды оқып - үйрену өмірден алынған нақты материалдар мен мысалдар арқылы жүзеге асырылды.
«Математика» пəнінің мазмұнын ұйымдастыру
Оқу жүктемесінің бөлінуі төмендегіше:
Сынып Апталық жүктеме Жылдық жүктеме
1 4 сағат 132 сағат
2 4 сағат 136 сағат
3 5сағат 170 сағат
4 5сағат 170 сағат
Математика пəнінің мазмұны
Пəннің мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады. Бұл бөлімдер сыныптарға арналған
оқыту мақсаттары бойынша білім, білікті жəне дағдыларды қалыптастыруға арналған
бөлімшелерден тұрады. Бөлімшелердің ішіндегі оқу мақсаттары мұғалімге өз жұмысын
жоспарлауға, оқушылардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқушыларды келесі
оқыту мақсаттарымен таныстыруға мүмкіндік береді.
№ Бөлім Бөлімше