- Жилисбаева, Р.О., Хромцов С.В., Безопасность и охрана труда на предприятиях текстильной и легкой промышленности [Электронный ресурс] : учебное пособие. - 10.02 мб., - PDF. - Алматы, 2008. - 243 б. - ISBN 978-601-263-040-4. http://library.atu.kz/files/9674.pdf
Дәріс 6. Жұмыс орындарын жарықтандыру және оларды нормалау. Дәрістің жоспары
1. Жарықтың ағзаға әсері.
2. Табиғи және жасанжы жарықтандырудың нормативі.
3. Өндірістік жарық түрлері
4.Табиғи және жасанды жарықтың есептемесі
Өндірістік жарықтандыру. Жарықтандырудың өте жоғары санитарлы-гигиеналық маңызы бар. Жарықтандыру дәрежесі жоғарылаған сайын жұмыс өнімділігі (кейде15%-ға дейін және одан жоғары) және жұмыстың сапасы да арта түседі сонымен қоса өндірістік жарақаттар мен авариялардың болуы азаяды.
Жарықтандыру табиғи, жасанды немесе аралас болып бөлінеді. Жасанды жарықтандыру өз кезегінде, жұмыс орнында пайдаланатын, авариялық, күзетуге арналған, сонымен қатар жалпы және жергілікті жарық болып бөлінеді.
Адам денсаулығы үшiн өте қолайлы табиғи жарықтандыру болып табылады. Ол табиғи жарық көздерінен пайда болады және тәулік уақытына, жыл мезгіліне, тұрғылықты жердің географиялық көлеміне, атмосфера жағдайына және тағы басқа да факторларға байланысты өзгеріп отырады.
Табиғи жарық адамның тіршілік әрекетіне қажетті қалыпты жарықты толығымен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да біздің заманымызға дейінгі өмір сүрген адамдарға жасанды жарықтың да қажеттілігі көп болған, олар от жағу, факелды пайдалану және тағы басқа да жану құралдарын қажеттіліктеріне пайдаланған.
Жарықтың шығу типіне байланысты өндірістік жарықтың үш түрі болады:
табиғи – Жарық көзі күн болып есептеледі (тік және шағылысқан)
жасанды –жарықтың жасанды түрлері;
аралас – табиғи жарық жеткіліксіз болғанда, оған жасанды жарықты біріктіреді.
Табиғи жарықтың артық жағы және кері әсер ететін жағы да болады.
Табиғи жарықтар құрылымдық жағынан келесідей түрлерге жіктеледі:
- қабырғалық, ол бір немесе екі жақты терезе арқылы түсетін жарық;
- төбелік, жарық бөлме ішіне аэрационды немесе зенит шамдары арқылы түседі.
- аралас, төбелік жарыққа қабырғалық жарық қосылғанын айтады.
Басқаларға қарағанда аралас табиғи жарық тиімдірек болып келеді, өйткені ол өндірістегі бөлмелердің ішіне жарықтың таралуын біркелкі таралуын қамтамасыз етеді.
Жасанды жарық жоғарыда аталған табиғи жарықтың кемшіліктерін жояды және тиімді жарық режимін қамтамасыз етеді.
Жасанды жарық келесідей түрлерге бөлінеді: жұмыс орнындағы, авариялық, күзетуге арналған және кезекші жарық.
Жұмыс орнындағы жарықтандыру өндірістік үрдістердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету үшін, адамдар жүретін жолдар үшін, көлік қозғалысы үшін арналған және барлық өндірістік бөлмелер үшін міндетті болып табылады
Авариялық жарықтандыру жұмыс жарығының кенеттен ажырауы кезінде (апат болған кезде) жұмысты жалғастыру үшін орналастырады және осындай бұзылуларға байланысты қалыпты жұмыс істеп тұрған жабдықтар өрт, жарылыс және т.б. апаттар тудыруы мүмкін. Өз кезегінде авариялық жарықтандыру, қауіпсіздік және эвакуациялық жарыққа бөлінеді. 1) Эвакуациялық жарық - жұмыс орнындағы жарық өшкенде және апат болған жағдайда өндірістік бөлмелерден адамдарды эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін пайдаланады; адамдар өтуге арналған қауіп төндіретін жолдарда қойылады: баспалдақтарда, өндірістік бөлмелерден өтетін жолдарда. 2) Қауіпсіздік жарық – жұмыс орнындағы жарықтың авария себебінен өшуі кезінде жұмыстың жалғасуын қамтамасыз ететін жарық.
Күзетуге арналған жарықтандыру, ол түн мезгілінде арнайы қызметкерлермен күзетілетін, өндіріс аймағының шекарасына орналастырылған жарық.
Кезекші жарықтандыру–жұмыс уақытынан тыс кезде пайдаланылатын өндірісті жарықтандыру түрі.
Аралас жарықтандыру кезінде, тәуліктің жарық кезінде табиғи және жасанды жарықтарды бірмезгілде қолданатын жарық. Аралас жарықтандыру тұрғын үйлерде қоғамдық және әкiмшілік-тұрмыстық ғимараттардың бөлмелеріндегі жарықтарды тиiмдi көлемдi-орналастыру шешiмдерін таңдау шарттары бойынша қажетті жағдайларда ғана рұқсат етiледi.
Адам ағзасына жарықтың әсері. Жарық бұл адамның тіршілік ету ортасының негізгі элементі деп қарауға болады және қазіргі заманның ең маңызды медицина-биологиялық мәселесiнiң негiзгi факторларының бiрi болып табылады – адам ағзасы және қоршаған орта.
Қазір ғылыми-техникалық прогрестің дамыған ғасыры, жан-жақты дамыған аудандарда сәулелі энергияның көздерін кең қолданады. Осыған байланысты адамдар әр түрлi спектрлiк сипаттамасы бар табиғи және жасанды сәулелi энергия көзінің әсеріне ұшырайды және өте үлкен қарқынды диапазонға душар болады: күндізгі күннің жарығы түсуі кезінде 100000 лк және одан да жоғары, ал түнде айдың сәулесінде 0.2 лк болады.
Спектрдiң оптикалық аудандарында сәулелердің барлық түрлерi бірдей физикалық жағдайда болады. Бірақ спектрдiң әрбiр жеке бөлiктерінің (көрінетін, ультракүлгін және инфрақызыл сәулелер) нақты толқын ұзындықтары және электр тербелісінің жиелігі болады және де өз кезегінде спектр учаскелерін, олардың биологиялық әсерін және гигиеналық мәнін сапалы сипаттай алады.
Жарық – көрінетін сәуле – ол көзге шағылыстыру әсерін тудырады, сонымен қоса әлемді көзбен көру сезімін қамтамасыз етеді. Дегенмен көзге жарықтың әсері тек көру аспектісімен шектелмейді, ол көздің торлы қабығына құбылыстардың, суреттердің және көру образдарының бейнелерінің пайда болуын тудырады. Көрудің негізгі процесінен бөлек, жарық гуморальді және рефлекторлық сонымен қатар басқа да реакциялар тудырады.
Жарық иммунды және аллергиялық әсерлер туғызады, сонымен қатар ағза ауысымының көрсеткіштеріне әр түрлі ықпал етеді, қандағы аскорбин қышқылының деңгейін, бүйрек үстi безiн және миды өзгертеді. Ол жүрек-қантамырлар жүйесіне де әсер етеді. Кейінгі кездерде жарық әсерінен пайда болатын көздің ауру мен сонымен қатар нерв қоздырғышының гуморальді әсері анықталған.
Адам ағзасындағы жарықтан пайда болатын реакцияның неғұрлым көп мөлшері, адамға тиімді эффект тудырады, дегенмен жарықтың зиянды әсері де бар.
Жасанды және табиғи жарықтың параметрлерін нормалау. Ең алдымен ҚР-ның нормативтiк құжаты болып 2.04-05-2002 жылғы ҚНжЕ құрылыс нормалары және ережелерi болып табылғанын атап өтемiз. Жобалаудың нормалары. Табиғи және жасанды жарықтандыру.
Табиғи жарықтың параметрлерін нормалау. Уақыт бойынша табиғи жарықтандырудың тұрақсыздығы, ауа райының жағдайына байланыстығы табиғи жарықтандырудың дерексіз өлшем бірлігін енгізудің қажеттiлiгін туғызды, сондықтан да параметрмен нормаланатын табиғи жарықтандыру табиғи жарықтықтың коэффициентi (ТЖК) болып табылады.
Табиғи жарықтандырудың коэффициентi – бұл бөлме ішіндегі жазықтықтың аспан жарығындағыдай (тiкелей немесе шағылысулардан кейiн) табиғи жарықтың, сыртқы көлденең жарықтық бiр уақыттағы мәнге қатынасы және ашық аспан астындағы жарықты өлшеу, ол пайыз бойынша анықталады:
(1)
мұндағы е – табиғи жарықтандыру коэффициенті (%);
Еіш – бөлме ішіндегі табиғи жарықтандырудың мәні, лк;
Есырт – бөлме сыртындағы табиғи жарықтандырудың мәні, лк.
Жасанды жарықтың параметрлерін нормалау. Әртүрлі аудандарда орналасқан ғимартатар үшін табиғи жарық коэфициентінің (ТЖК) және eN мәнін нормалау, формула бойынша анықталады:
(2)
мұндағы N –табиғи жарықты қамтамасыз ететін топ нөмірлері 1-кестеде;
ен – ТЖК-ің нормативтік белгілері;
mN – жарық климатының коэфициенті 2-кестеде көрсетілген.