Дизайн, тестиль және киім технологиялары факультеті Кафедра «Тоқыма өндірісінің технологиясы» ЕҢбекті қОРҒАУ


- кәсіпорындардағы тұрмыстық орындарды алдын ала ескерілген санитарлық нормаларға сай тазалық және реттілікті ұстану үшін және жүйелі бақылау жабдықтарымен қамтамасыз ету



бет21/48
Дата05.12.2022
өлшемі230,26 Kb.
#55063
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
Байланысты:
ЕҚ дәрістер кешені (копия)

- кәсіпорындардағы тұрмыстық орындарды алдын ала ескерілген санитарлық нормаларға сай тазалық және реттілікті ұстану үшін және жүйелі бақылау жабдықтарымен қамтамасыз ету;

- 18 жасқа толмаған жастардың және әйелдердің еңбегін қорғау туралы жағдайлардың сақталуы.



Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлерінің 2007 жылғы 31 шілдедегі №184-ө бұйрығымен сәйкестендірілген «Қызметкерлерге сүтті және емдік - профилактикалық қоректенуді және арнайы киімдермен және жеке қорғаныс құралдарымен жұмыс беруші қаржаты есебінен қамтамасыз ету» сүйене отырып, қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасай отырып, қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ киімін жөндеуді қамтамасыз етуге, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес оларды профилактикалық өңдеу, жуу және зарарсыздандыру құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағамдармен жабдықтау тегін көрсетілуі керек.
Профилактикалық шаралар жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді олардың неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген тәуекелдерді болғызбау жөніндегі шараларды қабылдау өте маңызды.
Еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені үшін жауапкершілікті сақтандырумен қатар қатты улану жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның тиісті аумақтық бөлімшесіне хабарлау керек.
Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды, сондай-ақ еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты басқа жұмысқа ауыстыру кезінде не кәсіптік аурудың белгілері пайда болғанда кезде өз қаражаты есебінен қызметкерлерді міндетті, мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өткізу керек.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жұмыс берушінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
Қызметкерлер бұл мақсаттарға шығынданбауы керек және қаражат көлемі ұжымдық шартпен айқындалады.
Сүт алушылардың тізімі ұйымның кәсіподақтық келісумен кәсіпорын әкімшілігімен ұсынылады.
Ережеге сай сүт тағамдарын ашық түрде радиоактивті және улағыш заттармен тұрақты тікелей шарттарда жұмыс істеуші тұлғаларға беріледі.
Сүт тек қана цехтарде жұмыс істейтін жұмысшы мен қызмет ­ күндеріне және өндірістердегі еңбектің зиянды шарттарымен еңбек етушілерге арналған.
Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында және де басқа өндірістерде жиі кездесетін өндірістік зияндылықтардың бірін қарастыратын болсақ:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет