Апаттардың және зақымданудың себептері. Төтенше жағдайларды зерттеу және есепке алу. Бағалы заттар мен адамдарды эвакуациялау.
Еңбек процессі «адам-орта-машина (еңбек құралы)» жүйесі жиынтығының бар болуымен және өзара әрекеттесуімен сипатталынады. Сонымен екі мақсат қойылады: біреуі белгілі нәтижеге жету, екіншісі адам өміріне және денсаулығына керексіз салдарын (зияндықтарын) (өрт, апат, зілзала, зақымданулар және ауру) болдырмау.
Қажетсіз оқиғалар пайда болудың ықтималдылығын қауіп деп атайды. Потенциалдық (жасырын) және нақты қауіп болады. Потенциалды қауіпті іске асыру үшін белгілі жағдайлар немесе себептер болу керек.
Қауіп жабдықта және материалдарда жиналған энергияның бақылаусыз, адамда және қоршаған ортада тікелей шықанның нәтижесінде пайда болады.
Адамдардың қате ойлап (білім тұрып дұрыс емес жасау) істері, жабдықтардың ақаулары меністен шығуы, сондай-ақ қоршаған ортаның есептелмеген әсерлері қауіптің пайда болудың талапкерлері мен құрамды буындары болып табылады.
Адамдардың қате және ойланбаған істері тәртібінің жеткіліксіздігі, жұмысқа дайын еместігі, сол пайдаланған техниканың құрылымын және потенциалдық қауіпті технологияны білмегенінің салдарынан қауіп пайда болады.
Техниканың ақаулары мен істен шығуы оынң төмен сенімділігімен немесе адамдардың қате немесе дұрыс емес әрекеттерінен болады.
Есептелмеген (күтпеген немесе жіберілетін шектерден асатын) әсерлер адам үшін жұмыс ортасы жағдайының жеткіліксіздігімен, оның техникалық жабдыққа зияндығымен байланысты болады.
Зақымданулар мен төтенше жағдайлардың себептері келесіге жіктеледі:
а) ұйымдастырушылық – нұсқау мен оқытуды болмауы немесе қанағатсыз өткізілуі: жұмыс пен демалысының қанағаттандырмайтын режімі,
арнайы киімдер, жеке қорғаныстық құралдары және т.б. жұмыс жағдайына сәйкессіздігі немесе ақаулықтары;
б) техникалық – энергетикалық және көлік жүйелерінің (қауіпсіздік болктауы және басқа құралдарының болмауы) құрылымдық жеткіліксіздігі, технологиялық процестердің жетіспеушілігі, шектейтін және сақтайтын қондырғылардың болмауы, қол және ауыспалы механикалық аспаптың ақаулығы;
в) санитарлық – гигиеналық жайсыз метеорологиялық жағдайлар, дұрыс жарық бермеу, діріл мен шуылдың жоғары деңгейі, қоршаған ортаның ластануы және т.б.;
г) психофизиологиялық – ұжымдағы қанағатсыз психологиялық жағдайы, алкогольдік мастануы, адамның еңбек жағдайларына анатомофизиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің сәйкессіздігі болады.
Зақымданудың және кәсіби ауруларды талдаудың тәсілдерін статистикалық және монографикалық әдістерді пайдалана отырып өткізеді.
Өндірістік зақымдануды және кәсіби ауруларды талдау статистикалық және монографикалық әдістерді пайдалана отырып өткізіледі.
Статистикалық әдіс болған төтенше жағдайларды, кәсіби уланған және ауырғандарды тіркеген құжаттар (Н-1 форма бойынша актілер, жұмысқа жарамсыздық қағаздары) бойынша зақымданудың себептерін зерттеуде негізделген.
Зақымдану деңгейін бағалау үшін зақымданудың жиілігі мен ауыртпашылығының салыстырмалы статистикалық көрсеткіштерін пайдаланады.
Жиілік коэффициентін мына формула бойынша анықтайды Кz=, мұнда п – есептік уақытта болған төтенше жағдайлардың жалпы саны; Р – сол есептік уақытта жұмыс істеушілердің ортатізімдік саны.
Өндірісте болған төтенше жағдайлардың біреуіне келетін, уақытша жұмысқа жарамсыздығының орта ұзақтығын белгілейтін зақымдану ауыртпашылығының коэффициенті Кт=, мұнда Т – есептік уақытта (жарты жыл, бір жыл) есептеуге жататын барлық төтенше жағдайлар бойынша уақытша жұмысқа жарамсыздық күндерінің қосынды саны.
Өндірістік зақымдану деңгейін объективті бағалау үшін жалпы зақымданудың көрсеткішін (зақымдану шығындар коэффициентін) пайдаланады
Коб=Кz·Кт=Т·1000 /Р. (3.1)
Аталған зақымдану коэффициенттерін анықтауға ауыр жарақат (мүгедек) және өлімдер болған жағдайлар жатпайды.
Статистикалық әдістің түрлері топтық және топографиялық болады.
Зақымдануды зерттеудің топтық әдісі зақымдардың ауыршылығына қарамастан төтенше жағдайлардың қайталауында негізделген. Жасалған зерттеулердің мәліметтері жағдайлар бойынша бірдей болған, сондай-ақ зақымданулардың сипаты бойынша қайталанған төтенше жағдайларды табу мақсатында топтарға таратылады. Бұл кәсіпті, оның жұмыс түрін анықтауға, өндірістік жабдық түрінің ақауларын табуға және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты шараларын белгілеуге мүмкіндік береді.
Топографиялық әдіс төтенше жағдайлардың болған орнындағы себептерін зерттеуден тұрады. Барлық төтенше жағдайлар жұмыстың өндірістік жоспарында шартты белгілермен жүйелі жазылады, нәтижесінде жарақат болған орындарды: нақты зерттеуді талап ететін өндірістік учаскелерді көруге және алдын алу шараларын қабылдауға болады,
Өндірістік зақымданудың монографиялық әдісі өзіне болған жағдайдың барлығын: еңбек және технологиялық процесстер, жұмыс орны, негізгі және қосымша жабдықтар, қорғанудың жеке құралдары, өндірістік орынның жалпы жағдайын және т.б. кешендеп зерттеуді талап етеді. Белгілі өндірістік учаскені монографиялық талдаған кезде, сондай-ақ зерттеудің техникалық әдісін (аспаптарды, құрылыс құралымдарын, машиналарды, механизмдерді сараптау, өндірістік ортаны ьақылау және т.б.) қабылдайды. Сонымен тек болған ТЖ себебі ғана емес, жұмысшыларға зиянды әсер ететін зияндықтар мен қауіптер де табыла бастайды.
Апат пен зақымданулар пайда болатын қауіптер. Өндірістік қауіптерді, оның зияндылығын талдай отырып, қауіптің ықтималдық сипатын атап кетуге болады. Қажетсіз жағдай болмады, бірақ болуы мүмкін, және ол алдымен шығындарға (материалдық, адам – апат, өлімдер, зақымдануларға) әкеледі. Қауіпсіздікті іске асырудың немесе оның санды бағалаудың шарты тәуекел болып табылады. R=, мұнда п – жарақатталған немесе қайтыс болғандардың саны, адам.; N – қауіпті аумақта болған адамдардың жалпы саны.
Қазіргі техникалық құралдарының жоғары энергетикалық қуатының әсер ету ықтималдығы жылына/10-6 –10-8 1 болу керек.
Тәуекелдің жеке (4 кесте) және әлеуметтік (топтық) түрі болады. Мамандардың пікірі бойынша қауіпті бағалау ретінде тәуекелді пайдалану дәстүрлі көрсеткіштерге қарағанда дұрыс болады.
Өлім шығынының орта қауіпін есептеудің негізі топтық тәуекел болып табылады, ол келесі түрде анықталады: Rсоц = N·К, мұнда N-апаттың жалпы саны (авариялар); К-год –1-өлім жағдайларының жиілігі.
Мысалы, есеп. 1969ж АҚШ-та 15 млн. Автомобиль апаты болды, 300-дің бір оқиғасы өліммен бітіп отырды, яғни 300апат / К=1 өлім. Сонда Rәлеум=15·10-6 апат /жылына х1 өлім /300 апат=5·10+4 өлім/жылына. Бағаланатын уақытқа АҚШ халығының санын 200 млн. адамға тең қабылдай отырып, аламыз
R=Rәлеум / Νхалығы=5·104/2·10-8=2.5·10-4 өлім / (адам жылына).
Тәуекелдің жарамды деңгейі оқиғаның сипатынан байланысты. Кейбір елдерде, мысалы, Голландияда болатын қауіптердің шамасы заңнамалық тәртіп ретінде бекітілген. Өлім жағдайлары үшін ол жылына бір адамға 10-6 тең қабылданған. өлімнің жеке қауіпі жылына 10-8 кемітілген болып есептелінеді.
4 К е с т е - Әртүрлі себептерден болатын өлімнің орташа қауіпі
Себебі
|
Жеке қауіпі,
жылына -1
|
Себебі
|
Жеке қауіпі,
жылына -1
|
Жүрек аурулары
|
8,5·10-3
|
Су астындағы өлім
|
3,3·10-5
|
Рак
|
1,6·10-3
|
Авиациялық апаттар
|
1,0·10-5
|
Автомобиль апаты
|
2,5·10-4
|
Құлайтын заттардан соққы алу және электр тогымен жараққатану
|
6,0·10-6
|
Төбеден құлау
|
1,0·10-4
|
Найзағай соққылары, дауыл
|
5,0·10-7
|
Өрт, жарылыстар
|
4,0·10-5
|
|
|
Қауіпті анықтаудың 4 әдістемелік тәсілі болады:
а) инженерлік, ол статистикаға, жиіліктердің есебіне, қауіпті ықтималды талдамасына, қауіп ағаштарын құруға тіреледі;
б) үлгілік, жеке адамға, арнайы кәсіби топқа және т.б. зиянды факторлардың әсер етудің үлгісін құруға негізделген;
в) сараптық, әртүрлі оқиғалардың ықтималдылығы тәжірибелі мамандарды сұрап шығумен анықталады;
г) әлеуметтік, халықты сұрап шығуға негізделген.
Қауіпті зерттеудің жалпы қабылданған кезеңдері оны талдау, бағалау және басқару болып табылады.
Қауіпті талдау деп қауіп шақыратын қажетсіз оқиғаларды табуды айтамыз. Электр қондырғыларында қызмет көрсеткен кезде қауіптің пайда болуын белгілеу керек электр қондырғысына әсер ететін және апаттық жағдайларға әкелетін ішкі және сыртқы факторларды анықтау қажет.
Электроэнергетикада қуіп деген терминін объектілердің жұмыс кезінде нормаланған жағдайларынан тыс қызмет жасаудың материалдық және әлеуметтік салдарын түсінеміз. Техникалық жүйелердің сенімділігін ескере отырып, қауіпті R=V·С өрнегімен табамыз, мұнда V – уақыт бірлігіне оқиғаның пайда болу жиілігі, жылына-1; С – бір оқиға салдарының құны, мың тенге.
Энергожүйелердегі электр жабдықтардың бұзылуын талдауда, оның істен шығуын белгілейтін негізгі факторлардың бірі қысқа тұйықталу болып табылады. Сонымен электр жабдықтардың 60-80% істен шығуы және электр қондырғыларының 50-65% істен шығуы байланысты.
Қауіпті басқару – қажетсіз оқиғалардың пайда болу себептерін алдын алуға, жоюға немесе соның салдарын төмендетуге бағытталған шаралардың жиынтығы. Ол өзіне: техникалық жүйелер мен объектілерді жетілдіруді; қызметкерді дайындауды, экстремалдық жағдайларды жоюды қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |