Джон Фиджеральд Кеннеди 1971 ж 29 мамырда Массачусетс штатынын Бостон аласы Бруклин ауданында дџниеге келді


Джон Ф. Кеннедидің құпия өлімі – ғасыр қылмысы



бет7/9
Дата27.11.2023
өлшемі464,5 Kb.
#130112
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дип.-Джон-Ф.Кеннеди-саясаткер-және-дипломат

2.4.Джон Ф. Кеннедидің құпия өлімі – ғасыр қылмысы.

Құрама Штаттар тарихында іске немесе іске асырылмаған президент өміріне жасалған қастандық бірнешеу болып саналады. 130 жыл ішінде президенттерге сегіз рет қастандық жасалған. Оның төртеуі жүзеге асырылса (Линкольнге, Гарфильдке, Маккинлиге және Кеннедиге), төртеуі жүзеге асырылмады (Джэксонға, Теодор Рузвельте, Франк лин Д. Рузфельтке және Гарри С. Трумэнге). Төрт қайғылы оқиғалардың ішінде Авраам Линкольннің өлімі көп зардаптар әкелді:мысалы,сол кездегі халықты езгіге салған көптеген саяси және әлеуметтік мәселелер, егер де Линкольн үкіметі кезінде оң шешімін табар еді. Қазір де сол кездегідей тарихи маңызға ие Джон Кеннедидің өлімі жайлы көп айтылуда./35/


Оқиға былай болған еді.
1963 жылы 22 қараша да сағат 11:35-те Даллас әуежайына № 2 АҚШ әскери-әуе күштерінің ұшағы қонды. Онда АҚШ-тың вице-президенті Линдан Джонсон болды. Бес минут өте әуежайға АҚШ әскери-әуе күштерінің № 1 ұшағы АҚШ-тың 45 жасар президентін әкелді.
Өйткені, президент пен вице-президент қайғылы жағдай орын ала қалған жағдайда АҚШ бір мезгілде екі негізгі тұлғасын жоғалтпас үшін екі ұшақпен ұшады.
Джон Кеннедидің Техас штатына іс-сапарының негізгі себебі 1964 жылы сайлау қарсаңында оңтүстік штаттарда өз беделін көтеру еді. Өйткені, 1960 жылы сайлауда Техас штатында Никсоннан жеңіліп жаба жаздаған.
Міне, президент Далласта. Жергілікті уақыт 11:50-де президент кортежі әуежайдан қалаға бағыт алды. Бірінші машинаның артқы орындығында Кеннеди әйелімен отырса, алдыңғы орындықта президент күзеті жөніндегі құпия қызметінің екі агенті отырды./36/
Президент кортежі батыс пен шығысты тоғыстыратын, қаланың негізгі сауда бөлігі Мэйн-Стритке түсті. Қарсы алушылар саны көбейе түсті.
Мэйн-Стриттің аяғында автомобильдер колоннасы оңға, Хьюстон-Стритке бұрылды. Алда Хьюстон-Стрит пен Эльм-Стриттің тоғысқан жерінде жеті қабатты ғимарат бой көтерген еді.
Президент автомобилі Эльм-Стритке бұрылған кезде бір ғимараттың сағаты 12:30-ды көрсетіп тұрды.
Көп уақыт өткеннен кейін атыс даусы естілді. Кейін Кеннеди өлімінің куәгерлері кітап қоймасынан атқанын нақтылады. Джон Кеннеди мойнынан және басынан өлімші болып жараланды.
Қайғылы жағдай өте тез өрбіді. Белгісіз біреу Кеннеди Даллас көшесімен өтіп бара жатқанда атты. Фотографтың бірі Кеннедидің басынан қан бұрқ ете қалғанын мәлімдеді. Президент Кеннеди Парклэнд ауруханасына жеткізілді.
Сағат 13:34-те Джон Фитцджеральд Кеннеди ауыр жарақаттан қайтыс болды. Ал, сағат 13:36-да Вашингтон президентінің өлімі туралы хабарды растайды. Полиция қастандық жасауы мүмкін, жасы 30-дар шамасындағы адамға іздеу салады. Көп өтпестен күдікті деген қарулы бірнеше адам тұтқындалды. Линдан Джонсон автоматты түрде президент болады. Ал, сағат 20:00-де Ли Харви Освальд ресми түрде өлімге кінәлі деп жарияланды./37/
Кеннеди өлінің алғашқы күнінен бастап кінәлі кім? деген сұрақ толғандырды. Және осы күнге дейін шын мәнінде бұл сұраққа жауап табылған жоқ.
Қастандыққа кінәлі деп табылған Ли Харви Освальд полиция бөлімінде түнгі клуб иесі Джек Рубидің қолынан қаза тапты.
Ли Харви Освальд кім болған еді? Ол мектеп бітіргеннен кейін теңіз жаяу әскер корпусына ерікті түрде енген еді. Бірақ әскери өмір оған ұнамады.Осыдан кейін ол Ресейге кетуді жөн көрді. Ресми құжаттардың бірінде ол коммунист екенін және коммунисттік елде тұрғысыкелетінін мәлімдеді.Бұл расқа айналды. Біріншіден,оны тінтіген кезде коммунистік әдебиет табылады. Екіншіден АҚШ-қа оралғаннан кейін бірқатар солшыл ұйымдармен байланыста болады. Мысалы ол коммунистік емес бірақ Кубаға деген әділ саясат үшін күрескен Нью-Иорктік бір ұйыммен байланыста болған. Сонымен қатар, Освальд Жаңа Орлеанда солшыл ұйымның бөлімшесін ашуға тырысқан. /38/
Алайда, көптеген адамдар Ли Харви Освальдті американдық шпион деп айыптады. Бұған дәлел ретінде Освальдпен Федеральды тергеу бюросы арасындағы байланысты алуға болады.
1963 жылы қарашада көп адамдар өз-өзіне „Құрама штаттардың президентті қорғайтын тәжірибелі құпия қызметі соншалықты қарапайым қателікке қалай жол берді және қылмысқа қатысы бар деген жалғыз күдікті ешқандай түсінік берместен барлығының көзінше қалай өлтірілді?”-деген сұрақ туындады.Бұл сұрақ әлем қоғамын және ең алдымен американ халқын толғандырды.1963-шы жылы 29- қарашада президент Джонсонның бұйрығымен президент Кеннедидің өлімінің себептерінің тергеуі жөніндегі арнайы камиссия құрылды.Жеті адамнан тұратын комиссияның төрағасы Эрл Уоррен тағайындалды . Уоррен комиссиясынын жұмысы 10 айға созылды. Оның негізгі тапсырмасы Джонсонның көрсетуі бойынша Кеннеди және Освальдтың өлімі туралы мәліметтерді анықтау.1964 жылы 24 қыркүйекте Уоррен комиссиясы Ақ үйге 552 куәгерді сұрау арқылы көлемді баяндамасын ұсынды. Комиссияның қорытынды шешімі бойынша призидент Кеннедидің өлімне себепкер болған қастандық Ли Харви Освальд тарапынан жасалынған. Сонымен қатар комиссия президент өлімі қандай да бір топтың ісі емес, тек Ли Харви Освальдтің жеке әрекеті деген қорытындыға келді. Джон Кеннедидің өліміне байланысты ресми мәлімет осындай еді./39/
АҚШ –та көп адамдар тергеу анық және әділ дәрежеде жүргізілген жоқ деп есептейді. Уоррен комиссиясының 27 томдық баяндамасы американдықтарды қанағаттандырмады.
Батыста, соның ішінде АҚШ-та Джон Кеннедидің жұмбақ өлімі әлі өз шешімін тапқан жоқ деген мақалалар мен зерттеулер жарық көрді.Мысалы Сильван Фокстың, Гарольд Вайсбергтің, Томас Бьюкеннің, Эдвард Эпштейннің,Марк Лейннің, Фред Куктың, Иоахим Йостеннің, Хью Тревор-Ропердің, Джошиа Томпсонның және тағы басқалардың пікіріше, Кеннедидің өлімі жеке адамның ісі емес, үлкен бір топтың ісі./40/
АҚШ үкіметі болса, ресми версиядан басқа мәліметтерді жалған деп тауып, әлі күнге дейін жоққа шығаруды.
Кеннеди өлімінен көп уақыт өтсе де оның себептері әлі күнге дейін көлеңкеде қалуда және енді ол ешқашан толық анықталмауы мүмкін.
Президентті кім өлтірді? деген сұраққа нақты әрі анық жауап ала алмауымыз мүмкін,бірақ Кеннеди неге өлтірілді? деген сұраққа жауап табылуы мүмкін.
„Ғасыр өлімінде” бірнеше себептер болу мүмкін. Американ монополистік топтары өзара қандай ашық бәсекелестік күрес жүргізетіні және мұның зардаптары өте бай және ықпалды адамдарға тиетіні жалпыға аян.Уолл – Стритпен тығыз байланыста болған бастап қаржы топтарына жатқан Кеннеди басқа қаржы монополистерін қанағаттандыра алмады. Олар Кеннедиді көре алмаушылықмен қатар сескенді.Кеннеди ақ үйде отырып, бір топқа бизнеспен араласуға,кең жол ашқанымен,екінші бір топқа кедергі келтіретінің байқамады.
Ресми мәлімет бойынша Ли Харви Освальд президент өліміне тікелей кінәлі деп табылды.Сонымен қатар, біз тағы бір адамды анықтауымыз керек.Ол Джек Рубенштейн немесе жай ғана Руби болатын.Ол Освальдті білмесе де өлім жұмбағын күрделендіруде басты роль ойнайды. Руби Освальты Кеннедидің өлімінен екі күн өткеннен кейн өлтірді. Ол бұл әрекетін тек президент үшін және барлық халық үшін кек алу деп түсіндірді./41/
Руби Освальдты 24 қараша күні сағат 11:24-те Даллас полициялық түрмесінің жертөлесінде,аймақтық түрмеге алып бара жатқан кезде өлтірді.
Освальд пен Рубидің қандай байланысы бар? Әлде, Руби тергеуге кедергі жасағысы келді ме? Ол да қазіргі күнге дейн толық шешімін таппаған мәселе.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет