XX ғасырдың 30-шы жылдарының соңында Америкада қосу, азайту элементтері, электрондық жад, механикалық компонент енгізілген ЭЕМ құрастырылып шықты. Алғашқы ЭЕМ-ді құру және оның жұмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947 жылдары атақты математик, кибернетик Джон фон Нейман дайындап шықты. Мұнда өңделетін ақпарат пен өңдеу программасын сандық түрде дайындау, деректер мен программаны машинаның жадында орналастыру тәсілдері қарастырылған.

Өмірбаяны
Джон фон Нейман (1903-1957) – еврей текті венгр-америкалық математик. Ол кванттық физика, кванттық логика, функционалдық талдау, жиындар теориясы, информатика, экономика одан өзге де салаларға үлкен үлес қосқан ғалым. Ол әсіресе осы заманғы компьютерлерді жасаушылардың атасы, операторлар теориясын кванттық механикаға қолданушы ғалым, сонымен қатар Манхэттен жобасына қатысушы және ойындар теориясы мен жасушалық автоматтар тұжырымдамасын жасаушы ретінде өте танымал тұлға.
Нейман жастайынан ерекше ақылды болған. Ол 6 жасында 8-дік есептеу жүйесінде ойша айыра алған және де әкесімен көне грек тілінде сөйлесетін. Қоршаған ортаға, математика мен логикақа құштар болған.

20-30 жас аралығында Германияда мұғалім қызметін атқарып жүріп физика мен математикаға үлкен үлесін қосқан.
Фон Нейман 2 рет үйленген. Бірінші әйелі Мариэтте Кевешимен 1930 жылы үйленіп 1937 жылы ажырасқан. Бір жылдан соң Клара Дэнге үйленген. Бірінші әйелінен Марина деген қыз дүниеге келген.