СЕНБІ
Бисмиллəһир – рахманир – рахим. Əл – хамду лиллəһи раббил – алəмин.Уас – салату
уəс – сəлəму алə сəйидинə Мұхаммəдин уə алə əлиһи уə сахбиһи əжмаин.
Уа, мейірімділердің ең Мейірімдісі! Бүкіл күнəмізді: үлкенін – кішісін, алдыңғысын –
кейінгісін, жария болғанын – жария болмағанын кешіре көр. Бізге рақымшылық жаса, кем –
кетігімізді қалпына келтір жəне бізді абыройлы ет.
Уа, Алла тағалам! Кемшіліктерімізді кешір, құлшылықтарымызды қабыл ал, аманатыңды
қайтып алғанға дейін бізге аманатыңды сақтауға көмектес. Бізге жаннатыңды жəне
жаннатта Сенімен жүздесуді нəсіп ет.
Я, Раббым! Біздің жəне барша мұсылмандардың қалаған жəне қаламаған, білетін жəне
білмейтін бүкіл мұқтаждықтарымызды қамтамасыз ете көр жəне төбемізге төніп тұрған
барлық кесел – кесеапатты басымыздан сейілт. Əлемнің түкпір – түкпірінде Сенің
разылығың үшін өмір сүрген мұсылмандарды да, біді де ықыласты ете көр.
Я, Раббым! Жер сілкініп қираған үйдің астында қалудан, жоғарыдан құлап кетуден, суға
батып кетуден, өрт ішінде қалудан, жол апаттарынан, əртүрлі қауіп – қатерден, жылан,
қарақұрт жəне басқа да улы жəндіктердің уынан өлуден жəне өлім сəтінде шайтанның
арбауынан сақтай көр.
Я, Жаратқан Ием! Мұхаммед үмбеті ретінде біздің ынтымағымызды, бірлігімізді күшейт.
Бір – бірімізге деген бауырмалдық сезімімізді ұлғайт. Жамандықтар мен кесел – кесапаттан
бізді аулақ ет.
Я, Жаббар Ием! Бізді басқарып отырғандарға тура жол нəсіп ет. Отанымыз үшін, халқымыз
үшін жасамақ болған қайырлы істеріне жар бол.
Достарыңызбен бөлісу: