Джумажанова, Г. Т



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата28.04.2023
өлшемі397,5 Kb.
#88169
1   2   3   4   5   6
Ключевые слова: «личность», «эмоция», «эмоциональное состояние», «переживание», «чувство». 
Бүгінгі таңда адамдар мен қоғамның салауат-
тылығы бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік 
сипатқа ие болып отыр. Адам салауат ты өмір 
мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, 
өзін білімділер қатарына жатқыза алмайды. 
Өйткені әрқайсымыздың денсаулығымыз – бұл 
жеке байлық қана емес, сондай-ақ еліміздің 
экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті 
шарт. Адамдардың денсаулығы да сол елдің 
өркениеттік деңгейін танытатын маңызды 
факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі 
шарты – мәдени орта, салауатты өмір салты. 
Тұлғаның жаңа психологиялық мүмкін-
діктерін қалыптастыруға бағыттау, баланың 
психикалық дамуы, оны ілгері дамыту, мақсатқа 
бағдарлай ұйымдастыру, тәрбиелеуді басқару 
және өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруға 
кең өрісті жағдай туғызады. 
Қазіргі кезеңде тұлға – психологиядағы 
ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады. 
Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік 
дамуы белсенді тұлғаны қалыптастыруға 
жоғары талап қояды. Ал қоғамның қазіргі 
жағдайында елдің саяси, мәдени, әлеуметтік-
экономикалық жақтарын жаңғырту кезінде, 
жастардың болашақта ізгі ниетті азамат болып 
дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу 
үрдісі үлкен ықпал тигізетіні сөзсіз. 
Адамның тұлғасы қарым-қатынастарының 
кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Тұлға 
– бұл қоғамдық тарихи дамудың өнімі. Адам-
ның қоғамдық қатынастар жүйесінде ала-
тын орны, оның орындайтын іс-әрекеті – бұл 
оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын 
жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адам сипат-
тамасы үшін маңызды орын алады, яғни оның 
мінез-құлық пен іс-әрекетінің жоғары саналы 
формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа 
байланысты барлық қарым-қатынастарының 
бірлігін құрайды. Нәтижесінде адамның кез-
келген реакциялары және ішкі аффективті 
өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжіри бе 
барысында жинақталған тұлғаның ерекшелік-
терімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы 
биологиялық және әлеуметтік факторларға бай-
ланысты. Сонымен қатар тұлғаның дамуында 
нақтылы тарихи орта негізгі болып саналады. 
Оқушылардың тұлғасының дамуы, механизмді 
құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы 
факторларға тәуелді болып келеді. 
Л.С. Выготскийдің «баланың психикасы 
әлеуметтік табиғатқа ие» деген пікірі осыған 
негізделеді [1]. Баланың тұлғалық дамуы, 
оның дамуындағы әлеуметтік жағдайлармен 
байланыс ты. 
Сонымен, тұлға біріншіден, әлеуметтік 
қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі 
ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің 
жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа 
енуімен, анықталып және де біріккен әрекетпен 
қарым-қатынасқа қалыптасып отырады. Кеңес 
психологиясында, адамды тұлға деп, қоғамның 
субъектісі ретінде оның қарым-қатынасқа түсу 
жүйесін сипаттайды. 
А.Н. Леонтьев «тұлға» ұғымына адамның 
шарттанған ерекшеліктері – физикалық конс-
титуцияны, жүйке жүйелерінің типтерін, тем-
пераментті, 
биологиялық 
қажеттіліктерді, 
табиғи нышандарды, сонымен қатар меңгерілген 
өмір лік маңызды білімдерді, ептіліктерді дағды-
ларды жатқызады [2]. 
Қазіргі кезде психологияда эмоция жайын-
дағы ілім және оның теориялық дамуы жалпы 
психологияның өзге тақырыптарымен салыс-
тырып қарағанда өзіндік сипаты бар күрделі 
мәселелер қатарына жатады. Эмоция мен сезім 
жеке үрдістер сипатында болғанымен, белгілі 
жағдайда біріне-бірі ұқсас, алайда олардың 
өзіндік мәндері ерекше және адамның жан 
дүниесінің әр алуан ерекшеліктерімен байланыс-
ты болады деп қарастырылады. 


Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии. №2 (49). 2014
72
Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері
Қазақ тіліне аударғанда «эмоция» сөзі – 
ол жан-дүниенің қозғалысы, жан-дүниенің 
қобалжуы. Адамның эмоциялары оның мінез 
құлқында ерекше рөл атқарады. Эмоциялар мы-
надай қызметтер атқарады:
Эмоцияның жағымсыз бағалау рөлі – адам-
ның оқиғаға адамның түрлі әсерінің болу 
мүмкіндігін білдіреді.
Эмоцияның басқарушы рөлі – Адамды 
қоршаған шындықты және қандай да бір оқи-
ғаға қатынасын бейнелеуден басқа, адамның 
мінез құлқын басқаруда эмоция маңызды рөл 
атқарады.
Эмоцияның қорғаныс қызметі – адамға төн-
ген шынайы немесе жалған қауіп туралы ақпарат 
береді. Бұл қызметі қорқыныш тың туындауы-
мен тығыз байланысты. 
Эмоцияның сигналдық қызметі – сыртқы 
көрініс арқылы адамның басқа адамға жай 
күйін хабарлауы. Академик П.К. Анохин адам-
мен жануарлардың мінез-құлқын бекітуде эмо-
цияларды маңызды деп көрсетеді. Эмоциялық 
әсерленулер эволюцияда тетік ретінде бекітілген, 
ол өмірлік дәрістерді оптималдық шекте 
ұстайды және өмірлік маңызы бар факторлардың 
жетіспеушілігінің немесе артықшылығының ал-
дын алады деген көзқараста болды [3].
Тұлғаның эмоционалды сферасының зерт-
телуі психологиялық-педагогикалық тұр ғы да 
аса маңызды. Себебі оқу тәрбие арқылы тұлға 
білім, іскерлік, дағдыны меңгеріп қана қой-
майды, сонымен қатар айналадағы шындыққа
адамдарға деген эмоционалдық қатынастарды 
қалыптастыру мүмкіндігі туады. 
В.К. Вилюнас эмоцияларды жеке психикалық 
үрдістер ретінде емес, тұлғаның қызметінің 
көрінісі ретінде қарастырды 
[4]. Ол эмоцио-
налды құбылыс бейнелеуші мазмұннан және 
эмоцио налды күйзелістен тұрады деп санады. 
Л.С. Выготский эмоциялардың теориялық 
мәселелерін өз зерттеулері арқылы қарастырған. 
Оның көзқарасы бойынша эмоциялар ағзаны 
белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған 
ортамен өзара қатынасын реттейді [5].
Э. Клапаред эмоция туралы дамыған бала 
мен қалыпты жағдайдан ауытқыған баланы 
ересек адамдармен салыстыра отырып, арнайы 
тәжірибе арқылы зерттеді. Ол эмоция мен сезім 
жеке процестер сипатында болғанымен, белгілі 
жағдайда біріне-бірі ұқсас, алайда олардың 
өзіндік мәндері ерекше деген көзқараста бол-
ды. Эмоция адамның жан дүниесінің әр алуан 
ерекшеліктерімен байланысты болатындығын 
да қарастырды 
[6].
З. Фрейд бірқалыпты дамыған бала мен жүй-
ке ауруына ұшыраған баланың эмоцияларын 
ересек адамдардың тіршілігімен салыстыра 
отырып зерттеуге мамандардың үнемі көңіл ау-
дарып отыратындарына назар аударды 
[7].
Тұлғаның эмоционалдық дамуы субъектінің 
іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы қоршаған 
адамдармен қарым-қатынасының сипатына, мі-
нез-құлық ережелерін меңгеруіне байланыс ты. 
Көп жағдайда эмоция және сезім синоним
ретінде қолданылады. Сезім – тұлға қа-
сиеті, ал эмоция сезімнің көріну үрдісі деп 
қарастырылады. Сезімнің негізгі көзі адамның 
іс-әрекеттері. Адамның сезімдері бағыты, 
тереңдігі, тұрақтылығы және әсерлілігі жағынан 
әртүрлі болып келеді. Эмоция қалпындағы 
сезімдерді бастан кешіру азды-көпті байқала-
тын сыртқы көріністермен (бет-әлпет кейпі, ым-
ишарат т.б.) қатар жүреді. Сезімдер адамның 
тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына 
байланысты сан алуан формаларда көрінеді. 
Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет. 
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының 
адамның қажеттіліктеріне сәйкес келу-келмеуіне 
байланысты пайда болып отыратын психикалық 
процестің түрін сезім деп атайды [8]. 
Қажеттіліктердің түрлеріне, жағдайға байла-
нысты сезім көптеген жағымды және жағымсыз 
түрде өтеді: қуану, шошыну, абыржу, наздану, ма-
засыздану, зерігу, психоэмоционалдық зорлану. 
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық 
ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін 
осындай ерекшеліктердің бірі – қарама-қарсы, 
полярлық сапалықтар деп аталады (сүйсіну-
сүйсінбеу, көңілдену-қажу, шаттық-уайым, т.б.). 
Олар өзара екі полюске ажырасып, біріне-бірі 
қарама-қарсы мағынада болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі – олардың 
белсенді және солғын көрініс беруіне байланы-
сты. Адамға ерекше күш беріп, әрекетке ұмтыл-
дыратын, көтеріңкі сезімдер стеникалық (стен 
– грек тілінде күшті деген мағынаны білдіреді) 
деп аталады, ал адамды күшінен айы рып, барлық 
іс-әрекеттерін баяулататын сезім түрлерін ас-
теникалық (астения – әлсіз) деп атайды.
Шамадан тыс күшті тітіргендіргіштер адамда 
көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Сезімдер 
мен эмоциялардың адамның өмір тәжірибесінде 


KazNU Bulletin. Psychology and sociology series. №2 (49). 2014
ISSN 1563-0307
73
Г.К. Джумажанова, Г.Т. Дакина 
алатын орны үлкен. Әр адам өз алдына қойған 
мақсатын орындау жолында өмір үшін қүресте 
күшті сезімдерсіз табысқа жетуі қиынға соғады. 
Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан 
айналу мүшелеріне өзгерістер ендіретінін бет 
әлпеті мен бүкіл дене қимылдарына, сөздің 
интонациясы мен тембіріне, дикциясы мен 
паузасына да өзгерістер енгізеді. Көңіл күй – 
эмо циялардың күрделі түрінің бірі. Адамның 
көңіл-күйіне оны қоршаған орта үлкен әсерін 
ти гізіп тұрады. Егер оның қызметі жақсы жүріп 
жат са, ұжымы татулықта, отбасындағы жағ дайы 
жақ сы болса, көңілі де көтеріңкі болады. Кө ңілге 
адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйесі нің 
ерекшеліктері әсерін тигізеді. Адмның өмір-
тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиғалар да 
көңіл-күйі арқылы көрініс береді. 
К. Изард бойынша эмоциялық ахуалдар 
және олардың психологиялық сипаттамалары-
мен сыртқы көріністері көрсетіледі. 
Қызығушылық (эмоция ретінде) – дағды-
лармен біліктерді, білімдер мен түрткіні 
дамытуға ықпал ететін жағымды эмоциялық 
ахуал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет