3-нұсқа 1. Каролингтер әулетінің ең атақты королі:
А) Пипин Қысқа
В) Хлодвиг
С) Ұлы Карл
Д) Карл Мартелл
2. Королингтер империясы сыртқы жаулардың соққысынан және ішкі ыдырау себептерінен құлдырай бастады:
А) IX ғасырға қарай
В) XІ ғасырға қарай
С) XІІ ғасырға қарай
Д) XІІІ ғасырға қарай
3. Ұлы Карлдің балалары Верден қаласында жиналып, империяны қайта бөлісу туралы шарт жасасты:
А) 943 жылы
В) 1043 жылы
С) 843 жылы
Д) 743 жылы
4. Верден келісімі нәтижесінде Еуропада қалыптасқан мемлекеттер:
А) Англия, Франция
В) Италия, Англия, Ресей
С) Франция, Германия, Италия
Д) Германия, Англия, Ресей
5. Император І Константин 330 жылы Рим имперясының астанасын қай қалаға көшірді?
А) Парижге.
В) Афина қаласына.
С) Мегар аймағына.
Д) Византияға.
6. І Константиннің астананы көщірудегі мақсаты:
А) Шетелдер мен байланыс жасау мақсатында
В) Себебі қала Эгей теңізі мен Қара теңіз арасында орналасқан
С) Жері құнарлы болды
Д) Халықтың саны көп болғандықтан
7. Шығыс Рим империясы қандай империя деп аталды:
А) Рим империясы
В) Латын империясы
С) Ағылшын империясы
Д) Византия империясы
8. Византия империясының астанасы:
А) Константинополь
В) Мейер
С) Бордо
Д) Эдесса
9. Шығыс Рим империясы (Византия) қай жылы құрылды?
А) 395 жылы
В) 495 жылы
С) 295 жылы
Д) 476 жылы
10. Рим империясының мемлекеттік тілі:
А) неміс тілі
В) ағылшын тілі
С) француз тілі
Д) латын тілі
11. Византияның алтын ақшасы:
А) Динар.
В) Асс.
С) Талант.
Д) Номисма.
12. Византияда салық төлеушілердің қатары неше жыл сайын тексеріліп отырды:
А) 5
В) 15
С) 20
Д) 10
13. Византия империясында жоғарғы сот қызметін атқарды:
А) василевс
В) сенат
С) дума
Д) вече
14. Заң кімдердің шексіз билігі мен құқығын қорғады:
А) думаның
В) сенаттың
С) Василевстің
Д) веченің
15. Византия империясында мемлекеттік қызметтің неше түрі қалыптасты?
А) 2
В) 1
С) 3
Д) 4
16. Императордың кеңесші орғаны аталды:
А) сенат
В) дума
С) вече
Д) бояр
17. Византия империясындағы мемлекеттік қызметтің түрлерін ата.
А) сенат, дума
В) вече, василевс, дума
С) әскери, вече, дума
Д) әскери, азаматтық, сарайлық
18. Мемлекеттік билік пен шіркеудің арасында одақ қай кезеңде құрылды?
А) V –VІ ғасырда
В) IV –V ғасырда
С) VІ –VІІ ғасырда
Д) VІІ –V ІІІ ғасырда
19. 407 жылы Батыс және Шығыс Рим империяларының арасындағы жағдай:
А) бейбіт келісім жасалды
В) сауда қарым-қатынасы басталды
С) соғыс өрті тұтана жаздады
Д) екіге бөлінді
20. 440 жылдары Консантинопольды басып алу қаупін туғызған тайпалар:
А) герман
В) готт
С) сақ
Д) ғұндар