«Дүниежүзі тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 10-сынып



бет7/13
Дата27.12.2022
өлшемі0,54 Mb.
#59896
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
«Ä?íèåæ?ç³ òàðèõû» ï?í³íåí òî?ñàíäû? æèûíòû? áà?àëàó ñïåöèôèêàöè

Барлығы

30

ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу


Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы жауап нұсқаларының ішінен бір немесе бірнеше жауап нұсқаларын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсырма №*

Тапсыр ма түрі*

Орындау уақыты, мин*

Балл *

Бөлім бойынша балл

Этникалық және әлеуметтік процестер

10.2.1.1 Антропогенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау

Қолдану

1

1

ҚЖ

12

9

30

10.2.1.4 Л.Н. Гумилевтің этностардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылыми көзқарастарының ерекшеліктерін зерттеу

Жоғары деңгей дағдылары

1

2

ТЖ

8

5

10.2.1.6 Қазіргі кездегі ассимиляция мен саны аз этностардың жойылып кету
себептерін анықтау

Қолдану

1

3

ҚЖ

6

5

10.2.3.1 Тарихи процестерді түсіндіру үшін «социогенез», «формациялық әдіс», «өркениеттік әдіс» ұғымдарын қолдану

Қолдану

1

4

ҚЖ

7

5

10.2.2.1 Тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «ұлтшылдық», «шовинизм», «нәсілдік кемсітушілік» терминдерін қолдану

Қолдану

1

5

ҚЖ

7

6

БАРЛЫҒЫ:


-

5

-

-

40

30

30

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер






















15
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


  1. Адамның пайда болуының негізгі теорияларына байланысты төмендегі кестені толтырыңыз.

Ғарыштық теория

Эволюциялық теория




Діни теория

Мәні, мағынасы










Негізін қалаушылар, қолдайтындар










Теорияны қолдауға бір мысал келтіріңіз










[9]

  1. Л.Н. Гумилев ұсынған теорияның үзінділерімен танысып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Ұлт немесе халықтың бұрынғы анықтамасы бойынша, ортақ тілі, территориясы, ортақ тегі, экономикалық байланыстары, саяси бірлестігі және мәдени ерекшеліктері, діні, санасезімі сияқты белгілер негізге алынып, этногенез аяқталған процесс боп саналса, Гумилев этносты аяқталмаган процесс ретінде көрсетті.
Осындай тиімсіз жағдайларда Л.Н. Гумилев өзінің тарихи ұстанымдары мен көзқарастарын өз еңбектері арқылы көрсете білді. Этногенез – ұлттың, халықтың пайда болуы, дамуы және жойылу процесі. Ежелгі түркілер тарихын зерделеген Л. Гумилев халықтар мен ұлттардың пайда болуы мен жоғалуына жауап іздеп: «Финикиялықтар бір кезде болды, ал қазір жоқ, финикиялықтар кезінде француздар болған жоқ, олар IX ғасырда пайда болды, XIX ғасырда қалыптасты» деген сұрақ қояды.
Пассионарлық теория бойынша ұлт немесе халық бір ортақ атадан шыққан ұрпақтар жиынтығы емес. Саналы адам пайда болған палеолит дәуірінен бастап, бүгінге дейін қаншама халықтар мен ұлттар ауысып, өзгерді. Бір халықтың ұрпақтары кейін қалыптасқан бірнеше халықтардың құрамында болуы мүмкін, себебі, этнос, ұлт дегеніміз – бір тектен таралған адамдардың жиынтығы емес, жүйе. Ұлт жойылғанда, оны құрайтын адамдар жоқ боп кетпейді.
Не себепті этногенездің Пассионарлық теориясы КСРО-да және басқа мемлекеттерде қолдау таппады? (екі себебін жазыңыз)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[2 ]
Л.Н. Гумилевтің ұсынған теориясының басқа этногенез теорияларынан негізгі 3 ерекшелігін көрсетіңіз?
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[3]

  1. «ФИШБОУН» әдісі арқылы қазіргі кездегі ассимиляция мен саны аз этностардың жойылып кету қаупін ашып көрсетіңіз.


[5]

  1. Төменде көрсетілген жауаптарды социогинез туралы теориялардың қайсысына тән екенін көрсетіңіз.

    1. субъективтік фактордың маңызын арттырып, дін және мәдениетке көп көңіл бөлді.

    2. субъективтік факторлардың рөлін төмендетті.

    3. К.Маркс

    4. А.Тойнби


«формациялық әдіс»

«өркениеттік әдіс»



Өз таңдауыңызды 1 сөйлеммен түсіндіріңіз
______________________________________________________________________________ __

[5]

  1. Төмендегі суреттерге қарап, ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы этносаралық қатынастарды «ұлтшылдық», «шовинизм», «нәсілдік кемсітушілік» терминдерін қолдана отырып сипаттаңыз. Екі дәлел келтіріңіз.


[6]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет