«Дүниежүзі тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Нұр-Сұлтан, 2019 жыл
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3. Күтілетін нәтижелер 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 6
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6
7. Модерация және балл қою 7
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 8
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 16
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 24
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 33
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. Күтілетін нәтижелер
Білу:
өркениеттердің тарихи типтері мен олардың ошақтарын;
мемлекеттің тарихи түрлері мен мемлекеттік-құқықтық институттарының қалыптасуы мен даму кезеңдерін;
әлемдік тарих барысына ықпал еткен әскери-саяси оқиғаларды;
әлемдік мәдени-тарихи прогреске ықпал еткен әлемдік жаңалықтар және жетістіктерді;
қазіргі әлемдік мәдениеттің жағдайы мен тарихын; адамның, қоғамның пайда болуы мен дамуына қатысты, әлем халықтары мен өркениеттерінің негізгі ғылыми теорияларын;
әлемдік қоғамдық ойдың дамуына елеулі үлес қосқан тарихи қайраткерлерді; - дүниежүзі тарихы бойынша негізгі жинақталған ғылыми еңбектерді біледі.
Түсіну
мәдени-тарихи процесті оның бірлігі мен алуан түрлілігін;
мемлекеттің тарихи формалары мен түрлерін, өркениеттің өзіндік ерекшеліктерін;
мемлекеттік-құқықтық институттарының маңызын;
әлемдік өркениеттердің қалыптасуы мен дамуына табиғи-географиялық факторлардың ықпалын;
тарих барысына әскери-саяси оқиғалардың ықпалын;
әлемдік тарихи-мәдени прогресс үшін адамзаттың жетістіктері мен ұлы ашылулардың маңызын;
түрлі тарихи кезеңдерде әлемдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын;
жаһандық әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін жалпы адамзаттық құндылықтардың маңызын түсінеді.
Қолдану
уақыт пен кеңістікте әлемнің мәдени-өркениеттік орталықтары мен мемлекеттері құрылуын анықтау кезінде;
мемлекеттердің түрлері мен тарихи формаларын, өркениеттердің өзіндік ерекшеліктерін анықтау барысында;
түрлі тарихи кезеңдердегі әлем халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы ерекшеліктерін анықтауда;
әлем тарихындағы тарихи тұлғалардың рөлін анықтау кезінде;
өткен және қазіргі кездегі оқиғалар мен құбылыстарға қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады.
Талдау
әлем халықтарының ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып тарихи дамуын;
түрлі тарихи кезеңдерде қоғамның қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) ықпалын;
тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды;
әлем халықтарының тарихи дамуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларын;
әлемдік тарихи-мәдени процесс туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды жинақтайды.
Бағалау
түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамның дамуына (географиялық, демографиялық, көшіқон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін;
әлем тарихының ықпалы контекстінде тарихи тұлғалар қызметін;
әлемдік өркениеттің қалыптасуы мен дамуына түрлі әлем халықтары мәдениетінің қосқан үлесін;
тарихи деректердің шынайылығын;
әлем тарихының этникалық, саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.