Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктерінің географиялық жағдайы


Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата07.02.2023
өлшемі0,85 Mb.
#66039
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктерінің географиялық жағдайы

Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Жаңа тақырып
(15 минут)
Гидросфераның негізгі бөлігін Дүниежүзілік мұхит құрайды. Дүниежүзілік
мұхит – бірнеше бөліктерге бөлінсе де, Жердің біртұтас қабығын құрайды.
Яғни, дүниежүзілік мұхит бөлек-бөлек аттары бар жеке мұхиттардан тұрса
да, олардың бәрі біртұтас болып табылады. Дүниежүзілік мұхиттың кез-
келген нүктесінен келесі нүктесіне құрлыққа аяқ баспай жетуге болады
екен. Жер шарында дүниежүзілік мұхиттың алып жатқан ауданы 361 млн
км2. “Дүниежүзілік мұхит” ұғымын география ғылымына 1917 жылы орыс
ғалымы Ю.М. Шокальский енгізген болатын. Дүние жүзілік мұхит
құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстікмұзды
мұхит. Тынық мұхиты дүниежүзілік мұхиттың 50 %-ын, Атлант 25%-ын, Үнді
– 21 %-ын, Солтүстік мұзды мұхит 4%-ын алып жатыр. - Тынықмұхит –
көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен мұхит. Ауданы-178,6 млнкм2 Тынық
мұхит тек үлкендігімен ғана емес, мұхит табанындағы жерқыртысының
өте күрделілігімен, өте тереңдігімен, жер сілкіну құбылыстарының
жиілілігімен, аралдардың көптігімен ерекшеленеді. Тынық мұхит барлық
материктердің жағалауларын шайып жатыр. 1520-1521 жылдары
Ф.Магеллан дүние жүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш жүзіп
өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар
оны «Тынық мұхит» деп атаған. - Тынық мұхиттың ені батыстан шығысқа
қарай 19 мың км, ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 16 мың км-ге
жетеді. - Тынық мұхитта дүниежүзілік мұхиттың ең терең бөлігі Мариана
шұңғымасы орналасқан. (11022 м) Атлант мұхиты – меридиан бағытымен
созыла орналасқан және сыртқы пішіні S әрпіне ұқсас келеді. Ауданы – 91,7
млн км2. Ұзындығы - 16 мың км. Ең терең жері – Пуэрто Рико -8742 м.
Атлант мұхиты Жер шарындағы ең игерілген мұхит болып саналады.
Атлант мұхит жағалауында дүние жүзіндегі халық тығыз қоныстанған,
шаруашылыығы басым елдер орналасқан. Үнді мұхиты – ең жылы мұхит
болып табылады. Оның ауданы 76,2 млн км2. Көпшілік бөлігі оңтүстік
жарты шарда, Азия, Африка, Аустралия және Антарктида құрлықтарының
аралығында орналасқан. Ең терең жері Ява немесе Зонд деп аталады,
тереңдігі -7729 м Солтүстік мұзды мұхит- мұхиттар арасындағы ең кіші, ең
таяз, ең суық мұхит. Ауданы 14,8 млн км2. Ең терең жері – Гренланд теңізі
(-5527м). Толығымен полярлы ендікте орналасқан. Дүниежүзілік мұхиттың
бөліктері. Мұхиттың бөліктеріне теңіздер, шығанақтар, бұғаздар жатады.
Теңіз – мұхиттың бір бөлігі, алайда суының қасиеті, ағыстары және ондағы
тіршілік дүниесі жөнінен мұхиттан айырмашылығы болады. Теңізді
мұхиттан түбектер, аралдар немесе су астындағы жоталар бөліп тұрады.
Ірі теңіздер: Жерорта теңізі, Қара теңіз, Қызыл теңіз, Охот теңізі, Араб
теңізі. Шығанақ – құрлыққа еніп жатқан мұхиттың, теңіздің немесе көлдің
бір кіші бөлігі, оның ені мен тереңдігі біртіндеп кішірейеді. Атлант мұхиты
Еуропа жағалауындағы Бискай шығанағын, ал Үнді мұхиты Еуразияның
оңтүстігінде құрлыққа ішкері еніп, Бенгал шығанағын құрайды. Ірі
шығанақтар: Бенгаль, Гудзон, Мексика. Бұғаз – екі жағынан материктердің
немесе аралдардың жағалаулары шектеп тұрған енсіз су айдыны.
Бұғаздардың ені алуан түрлі болады. Тынық және Атлант мұхитын
жалғастыратын Дрейк бұғазы ең кең және ең терең бұғаз болып
саналады. Ірі бұғаздар: Дрейк, Гибралтар, Магеллан, Мозамбик, Беринг,
Мозамбик.
МҰхит құпиялары туралы бейнеролик көрсету




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет