1925 жылы жарияланған «Наследие Чингисхана» деген еңбегінде Н.Трубецкой Ресей мемлекеттілігі тек қана орыстармен құрылмағанын, бұған сондай-ақ Еуразияны мекендеген басқа халықтар да қатысқанын, əсіресе мұнда үлкен рөл атқарған Шыңғысхан империясынан қалған мұра екендігін айтты [7]. Осындай көзқарасты славянофилдер көсемдерінің бірі — А.С.Хомяков те ұстанды. Ол «Русьті монғолдардың бағындыруы орыстар үшін бақытты болды» деді жəне Ресейдің болашағын тек Шығыспен байланыстырды.
Жалпы, Н.С.Трубецкойдың еуразияшылдық идеясына қатысты ұстанған пікірлерінің негізгі өзегін оның келесідей айтқан ойы құрады: «Восточнославянские племена занимали первоначально лишь незначительную часть той громадной территории, которую занимает современная Россия. Сла- вяне заселяли первоначально только небольшую западную часть этой территории, речные бассейны, связующие Балтийское море с Черным. Вся прочая, большая часть территории современной России была заселена преимущественно теми племенами, которые принято объединять под именем «туранских» или «урало-алтайских». В истории всей названной географической области эти туранские пле- мена играли первоначально гораздо более значительную роль, чем восточнославянские, русские пле- мена. Даже в так называемый домонгольский период туранские государства в пределах одной Евро- пейской России (царство волжско-камских болгар и царство Хазарское) были гораздо значительнее варяжско-русского. Само объединение почти всей территории современной России под властью од- ного государства было впервые осуществлено не русскими славянами, а туранцами-монголами».
Петр Николаевич Савицкий «Европа и Евразия» деген мақаласында Н.Трубецкойдың «Европа и человечество» кітабы бойынша пікірін білдіреді. Ол толығымен кітаптағы Батысқа қарсы көзқарасты жақтай отырып, еуропоцентризмнен тек саналы түрде ғана емес, сонымен қатар романо-германдық мəдениетке іс жүзінде Ресей мəдениетін қарсы қою қажеттігіне мəн берді.
П.Савицкий Еуразия халықтары арасындағы этникалық байланыс туралы «Поворот к Востоку» атты мақаласында: «Ресейдің өзі де енді «Шығыс» емес пе? Русьтен тамырында хазар, қыпшақ, татар немесе башқұрт, мордва немесе шуаш қаны араласпаған адамды таба аласыз ба?» — деп жазған еді. Ол еуразияшылдық идеясының негізін салушылардың бірі болды. Ол 1920 жылы Болгарияға қоныс аударады. Осы кезде Софияда жарыққа шыққан «Исход к Востоку. Предчувствия и свершения. Утверждение евразийцев» атты бірінші еуразиялық жинақтың шығарылуына қатысады. Ал 1921 жылдың соңында Чехословакияға кетеді, онда Прага Орыс заң университетінде приват-доцент болып қызмет жасайды.
Петр Савицкий жиырмасыншы жылдары большевиктер биліктен кетеді дегенге сеніп, басқа еуразияшылдармен бірге Ресейге келуді жоспарлаған. 1927 жылы «Трест» арқылы Мəскеуге құпия келеді. Ол бұл сапардың мақсаты жөнінде былай деген болатын: «Менің осы сапардағы көздеген мақсатым Мəскеудегі «еуразияшылар» тобымен байланысу жəне Кеңес үкіметіне қарсы күресудің бірлескен жоспарын жасау болды». Алайда П.Савицкий ОГПУ-дың «Трест» операциясының құрбаны болады.
Ғалым отызыншы жылдары Прага неміс университетінде орыс, украин жəне ресейтанудан сабақ береді. 1940 жылы Прагада орыс гимназиясының директоры болады.
1945 жылы Праганы Кеңес əскері азат еткеннен кейін СМЕРШ органдарымен бұрынғы ақгвардияшыл ретінде тұтқындалып, ұшақпен Мəскеуге жіберіліп, онда 8 жылға лагерьге қамалады. 1956 ж. босатылып, ақталған кезінде Мəскеуде қалудан бас тартып, Чехословакияға қайта оралады. Онда ол аударма жұмыстарымен айналысады. Елуінші жылдары Л.Н.Гумилевпен хат жазысып тұрған. 1960 ж. Батыста «П.Восток» бүркеншік есімімен өлеңдер жинағын шығарады. Өлеңдерінде лагерьде болған күндері туралы жазғаны үшін 1961 жылы ЧКР Мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен қайта тұтқындалады. Бірақ əлемдік қауымдастықтың араласуымен тұтқыннан босатылады. Осылайша, еуразияшыл ғалым П.Н.Савицкий өмір бойы кеңес үкіметі тарапынан қуғын- сүргінге ұшыраған.
Николай Яковлевич Данилевский де еуразияшылдық идеясын қалыптастырушылардың бірі.
«Мəдени-тарихи түрлер» ұғымы Н.Данилевский ілімінің негізі болды. Ол тарих жүзіндегі негізгі мəдени-тарихи түрлерді былайша бөлді: 1) египеттік; 2) қытайлық; 3) ассирия-вавилон-финикиялық, немесе халдей немесе ежелгі-семиттік; 4) үнділік; 5) ирандық; 6) яһудилік; 7) гректік; 8) римдік; 9) жаңа-семиттік, немесе аравийлік, жəне; 10) герман-романдық, немесе еуропалық, сонымен қатар өз дамуын жетілдіріп үлгермеген мексикандық жəне перуандық.
Н.Данилевский герман-романдық жəне славяндық түрлерге ерекше көңіл бөлді. Славяндық түрдің болашағы туралы тұжырымдап, болашақта герман-романдық түрдің құлдырауына орай Ресейде славяншылдық тарих төріне шығатындығын дəлелдеді. Ол славян халықтарының герман халықтарына қарағанда үш ерекшелігі бар деп тұжырымдады, атап айтқанда, олар:
1) этнографиялық; 2) діндарлығы; 3) тарихи тəрбиедегі ерекшелігі.
Николай Данилевскийдің айтуынша: «Əрбір славян орыс, чех, серб, хорват, словенец, болгар (поляк) үшін — Құдай мен оның Қасиетті шіркеуінен соң — славян идеясы идеядан жоғары, бостандықтан жоғары, ғылымнан жоғары, білімнен жоғары, жер бетіндегі барлық игіліктерден жоғары болуы керек». Əрине, Н.Я.Данилевскийдің идеялық ұстанымының негізінде славяншылдық басым болды.
«Россия и Европа» деген еңбегінде Н.Я.Данилевский Ресей тарихын Еуропа елдерімен үздіксіз байланыста қарастыра отырып, Батыстың саяси, мəдени экспансиясынан сақтану қажеттігі туралы жазды. Сондай-ақ ол мұнда еуропоцентристік көзқарасты сынға алды.
Вернадский Георгий Владимирович еуразияшылдық қозғалысына 1923 жылы қосылады. Ол еуразияшылдық тарихи тұжырымдамаларының авторы болды. Г.Вернадскийдің нағыз еуразияшылдық туындылары қатарында «Начертание русской истории», «Опыт истории Евразии», «Звенья русской культуры» атты еңбектерін атауға болады [8].
Георгий Вернадский тұжырымдамасы Дала мен Еуропаның өзара қарым-қатынасы контексінде Еуразия континентінің дамуына негізделді.
Г.Вернадскийдің «Русское масонство и царствование Екатерины ІІ» атты монографиясында сол уақыттағы Ресейдегі масондықтың ықпалын саяси жəне мəдени тұрғыдан қарастырады. Ғалым Ресей тарихындағы монғол шапқыншылығы мəселесіне келгенде, оның зардаптарымен қоса, жағымды жақтарын да атап көрсетті. Оның тұжырымдауынша, монғол шапқыншылығы орыс жерлерінің біріктірілуіне, Ресейдің оңтүстікке жəне шығысқа бет бұруына, орыс халқының өмір сүру кеңістігінің кеңеюіне əсер етті.
Жалпы алғанда, еуразияшылдық доктринаның постулаттарын Г.В.Вернадский былайша айқын тұжырымдады: «Азиялық» жəне «еуропалық» Ресей арасында табиғи шекара жоқ. Демек, «еуропалық» немесе «азиялық» деп бөлшектенетіндей, екі Ресей де жоқ. Тек «еуразиялық», немесе Ресей Еуразия, деп аталатын бір ғана Ресей бар» [6; 2]. Сондықтан оның ғылыми еңбектері «Еуразия тарихы бұл Орман мен Дала арасындағы үнемі өзара əрекеттесу: «Орман мен Даланың» бірлігі» деген қағидатқа сүйеніліп жазылды.
«Южная Россия впервые была политически организована киммерийцами (1000–700 гг. до н.э.), затем скифами (700–200 гг. до н.э.) и сарматами (200 г. до н.э. – 200 г. н.э.), затем последовали готы (200–370 гг. н.э.), смененные гуннами (370–454 гг. н.э.)... Скифское государство было скорее конфе- дерацией сильных кочевых родов. Как социально, так и по легальному статусу оно соответствовало государству, базировавшемуся на родовом законе» [9], — деп пайымдады Георгий Вернадский. Ол Еуразия тарихындағы біртұтас мемлекет құру үрдісін кезең бойынша зерттегенде Сақ мемлекетінен бастап КСРО-мен аяқтады.
Қорыта айтқанда, классикалық еуразияшылдық идеясының теориялық негіздерін қалыптастыруда орыс ғалымдары — Н.С.Трубецкой, П.Н.Савицкий, Н.Я.Данилевский, Г.В.Вернад- скийлердің үлесі зор болды.
Классикалық еуразияшылдықтың негізін салған орыс ғалымдарының басымы еуразияшылдықты тарихи жəне саяси тұрғыда қарастырды. Сондай-ақ олар Еуразиядағы көне түріктердің саяси, тарихи жəне мəдени рөлдерін айқын көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |