Дүниенің екі бөлігі —


жылы «На путях. Утверждение евразийцев» атты екінші жинақ жарияланды



бет5/6
Дата31.12.2021
өлшемі41,01 Kb.
#23582
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Классикалық еуразияшылдық идеясы

1922 жылы «На путях. Утверждение евразийцев» атты екінші жинақ жарияланды.

1923–1927 жылдар аралығында «Еуразия дəуірнамасының» үш саны шығады. Ол — діни, ұлттық, экономикалық, мəдениеттану, əскери мəселелерді қамтыған мақалалар жинағы болды. Жиырма шақты жыл ішінде ондаған монография, брошюра, «Еуразия хроникасы», «Еуразия жобалары», «Версты» журналдары, Парижде апталық «Еуразия» газеті шығарылады.

Еуразиялық баспа қозғалысқа қатысушылардың еңбегін Берлинде, Парижде, Прагада, Белградта, Софияда    жариялап    тұрды.    Көптеген    елдерде    еуразия    үйірмелері    құрылып,    семинар  мен конференциялар өткізілді, еуразияшылдардың идеясын насихаттайтын дəрістік оқулар ұйым- дастырылды.

Еуразияшылдық идеяның екінші кезеңінде сол алғашқы ой-тұжырымдар жаңаша серпінмен одан əрі жалғасты. Себебі ресей эмигранттары социалистік жүйенің ұстанымдары азиялық тұрғындардың ойынан шығып, одан əрі еуразияшылдық идеяның жүзеге асуын жеделдетеді деп үміттенді. Олар Еуразия кеңістігінде Ресей ділінің үстемдік құруы ашық айтылып, Ресейді «айрықша мəдени-тарихи əлем» деп жариялай бастады.

Еуразияшылдардың алғашқы еңбектері Кеңестер Одағында да назардан тыс қалған жоқ. Мəселен, 1929 жылы Қызыл профессура институты «Марксизмді жаңаша сынауға қарсы» деген жалпы атаумен жинақ шығарады. Сол жинақтағы «Орыс эмигранттарының марксизмді  сынауы» деген үлкен мақала тұтастай еуразияшылдыққа арналды. Олар бұл қозғалысты: «Ақ эмиграцияның Еуропада «көшіп жүрген» анағұрлым оңшыл бөлігі, сондай-ақ КСРО-дан қуылған профессураның анағұрлым реакцияшыл бөлігі» сипатындағы ағым деп көрсетті. Алайда, кейіннен «еуразияшылдық» ұғымы 1980 жылдың соңына дейін кеңестік əдебиет беттерінде мүлде сөз етілмеген.

Еуразияшылдардың көзқарасы мынаған тоқайласады: Ресей туралы пайымдай отырып, оның бастапқы киевтік-мəскеулік «жаратылысы» туралы емес, Еуразия «мекен-құрлығы» туралы, сол құрлықтың алыс қиырларындағы көптеген этностар мен мəдениеттерді бауырына басқан, əрі тұтастығын сақтап, бірлігін бұзбаған Еуразия туралы сөз қозғаған орынды болмақ. Еуразияшыл идеологтар орыс мəдениетін Еуропа мəдениетінің бөлшегі деп қараған жоқ, Батыс пен Шығыстың үлгісін тең дəрежеде бойына сіңірген өзіндік бет-бейнесі бар мəдениет ретінде қарастырды [5].

Еуразияшылдардың пікірі бойынша, Ресейдегі мəдениет бастауының шешуші факторы əуелі, татар-монғол шапқыншылығымен, ал, кейіннен орыстардың Сібірге, одан кейін көптайпалы Азияға экспансия жасауымен, тіпті Америка жеріне ішкерілей енуімен байланысты. Орыс халқын еуропалықтарға да, азиялықтарға да жатқызуға болмайды, ол мүлде ерекше этникалық қауым болып табылады. Орыс мəдениеті мен мемлекеттілігінің осындай бет-бейнесі Ресейдің өзгеше тарихи жолын жəне батысеуропалық дəстүрмен сəйкеспейтін ұлттық-мемлекеттік бағытын айқындайды.

Үшінші кезеңде еуразияшыл идеяның көңіл қалауынан гөрі, нақтылы тарихи жағдайлармен көбірек санасқанын аңғаруға болады. Яғни, əлемдік бəсекелестікке Еуразия халықтары өздерін мүдделестер, тағдырластар ретінде сезініп, əлеуметтік-экономикалық жəне саяси-мəдени одақтастықты еуразияшылдықтың өзекті постулатына айналдыра бастады. Əсіресе КСРО ыдырағаннан кейін еуразияшылдық идеяның бұл сияқты жаңа бағытына тəуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың тікелей ұйытқы болғаны белгілі. Бұл мəселеде Л.Н.Гумилев Еуразия ойкуменін тарихи тағдыры біртұтас, əлемнің алтыдан бір бөлігі ретінде қарастырды. Осы орайда ол Ресей тарихындағы Ұлы Дала рөлін мүлде жаңаша парақтады. Атап айтқанда, орыс тарихында бел алып жататын «татар-монғол езгісі» деген идеядан бірінші болып бас тартты. Ол үшін Ресей деген Монғол ұлысынан кейінгі біртұтас Еуразия империясының православтық вариациясы еді. Мұндай идея өзінен-өзі Ресейдің тарих сахнасына шығуындағы Еуразия көшпелілерінің рөлі деген екінші идеяны дүниеге келтірді. Міне, еуразияшылдық мəселесінде Л.Н.Гумилев осындай идея арқылы өзін ұшқыр, ойлы ғалым ретінде əйгілей алды. Ол бұрынғы саяcи-идеологиялық еуразияшылдықты дəлелді тұжырымдамасы бар ғылымға айналдыра білді [6].

Еуразияшылдық идеясын ұстанушы орыс зиялылары алдымен еуразияшылдық топ, одан қозғалыс болып қалыптасып, одан саяси партия құрған болатын. Олар Ресей мен дүниежүзіне жаңа жағрапиялық жəне тарихи түсініктеме беріп, оны ресейлік немесе «еуразиялық» деп атайды.

Еуразияшылдық идеясының қалыптасуына теориялық негіз болған Н.С.Трубецкойдың  «Европа и человечество» атты еңбегінде Ресей империясының құлауының себептері қарастырыла келе, бұған зиялылардың ұзақ уақыт бойы еуропалық мəдениеттің ықпалында болуы əсер етуі мүмкін деген мəселе көтеріледі. Сондай-ақ Н.Трубецкой бұл еңбегінде Батыс мəдениеті əмбебап жəне жалпыадамзаттық бола алмайтындығын атап көрсетті.

Н.С.Трубецкой 1922 жылы қазан айында Венаға кетеді. Ол Вена университетінің славян филологиясының профессоры болып тағайындалады. Николай Трубецкойдың еуразияшылдық көзқарастары салыстырмалы-тарихи тілтану саласында жүргізген ғылыми ізденістеріне де ықпал етеді. Ғалым — тілдік одақ теориясының авторы. Оның тұжырымдауынша, бір жағрапиялық мəдени- тарихи аймақтардағы бірнеше тілдерде ортақ шығу тегіне қарамастан, ерекше ұқсастық болады.   Бұл — ұзақ уақыт бойы көрші өмір сүру жəне қатар дамудан туындайтын ұқсастық. Сондықтан Н.С.Трубецкой «еуразияшылдық» ұғымының анықтамасын: «Бұрын Ресей империясы, ал қазір КСРО атанған мемлекеттің ұлттық субстраты деп осы мемлекетті мекендейтін жəне көпхалықтық ерекше сипатымен ерекше ұлттық белгіні иеленген халықтардың бірлігін, тұтастығын айтамыз. Осы ұлтты — еуразиялық, оның мекенін — Еуразия, ал ұлтшылдығын — «еуразияшылдық» дейміз!» — деп айқындады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет