Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»


Аквинат Құдайдың бар екендігінің бес дәлелін келтіреді



бет12/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
Аквинат Құдайдың бар екендігінің бес дәлелін келтіреді:
1) Дүние дегеніміз қозғалыс. Әрбір зат қозғалысының бастауы бар, бұл қағида сезімдеріміз арқылы дәлелденеді. Осы қозғалысқа алғашқы күш беретін — Құдай.
2) Екінші дәлел «туындатушы себеп» ұғымынан шығады. Дүние себеп пен салдардан тұрады. Әр заттың себебі бар. Алғашқы себеп — Құдай.
3) Үшінші себеп кездейсоқтық пен қажеттілік ұғымдарына негізделген. Дүниеде кездейсоқ нәрселер көп, бірақ қажеттілік, заңдылықтың бар екендігі күмәнсіз. Мысалы, планеталар қозғалысы, адамдардың өмірі. Осы қажеттілік-заңдылықтарды туғызатын Құдай.
4) Заттардың жетілу дәрежелері әр түрлі. Бір зат толық жетілген, екіншісі шамалы жетілген. Абсолютті, ең жоғары жетілген — тек Құдай ғана.
5) Ақылы жоқ заттар да белгілі бір мақсатқа, ретке бағынып, табиғатта өмір сүреді. Олардың бәріне мақсат сілтеп отыратын — Құдай.

  1. Абай Құнанбаев дүниетанымындағы адам мәселесі.

Философияның негізгі зерттеу нысандарының бірі адам екені көне заманнан белгілі. Адам мәселесі – философияда толық шешімін таппаған іргелі тақырып. Абай: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» атты қанатты сөз қалдырған.
Хәкім Абай өзінің азаматтық көзқарасын, халқының өмірін, болмыс тіршілігін, қара сөздері арқылы паш етті.
Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мәселесі адам. Абай өзінің азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай философиясының басты мақсаты адамды барынша жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің онтологиялық-аксиологиялық мәнін ашу. Бүкіл өміріне азық етіп басқаларға да шарапатын тигізу. М.Әуезов Абайдың: «ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылдықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады»;- дейді. Бұл тұжырым Абайдың адамгершілік тәрбиеге, оның негізі болатын мораль философиясына орала беретін себебін ашып көрсетеді. Абай қазақтардың өткені мен бүгінін, болашағын, салт-дәстүрі мен рухани мәдениетін жетілдіру, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бүгінгі уақыттың талабына сай ой түйіндейтін болсақ, хакімнің ойлау мәдениеті қазақтың менталитеті, болмыс бітімі қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға болады, деген сауалдар төңірегінде өрбіді. Ол өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірибесін, поэзия мен прозасын, ой-толғанысы мен философиясын адам бойынан таба білді. Ол кісілік қасиеті, білімі мен парасатын елдің қамын ғана емес, адамзаттың мақсат-мүддесін ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын адамды тәрбиелеуге жұмсады. Ұлы данышпанды адам өмірінің мәні, тұрмыс тіршілігі мен болмысы, ар – намысы сияқты мәселелер ерекше толғандырды. Ол былай дейді: Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес, «мені» мен «менікінің» айрылғанын, «өлді» деп ат қойыпты өнкей білмес Өйткені, қоғамдағы құбылыстар мен процесстердің өзегі адам болмысы болып табылады. Бұл жерде «мен» деген не, «менікі» деген не, сауалдарға жауапты Абайдың өзінен табамыз. ”Мен” дегеніміз ақыл мен жан. Екеуі де рухани түп негіз. “Менікі” деп сөзді тәнге қатысты айтып отыр. Абай адам баласының жаман-жақсы қасиеттеріне терең мән беріп, философиялық ой толғауларында атап көрсетеді. Отыз сегізінші сөзінде Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек дейді. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшіншісі зұлымдық. Үш - ақ нәрсе адамның жақсы қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет