Байланысты: Д ниетану. 4-сынып. Тест. 2-жарты жылды 2013-14 о у жылы
Дүниетану. 4-сынып. Тест. 2-жарты жылдық 2013-14 оқу жылы.
1-нұсқа.
1..Алғашқы адамның пайдаланған кұралын көрсет
А)сіріңке, пышақ, найза Ә)доп,кесе,ожау Б)компас, карта, тасВ)сүйеқ мүйіз
2.Сақ көсемінің Есік қаласынан табылган тарихи қазба ескерткіші
қалай аталады?
А) Алтын адам Ә) Бес күмбез мазары Б) Жошы хан күмбезі В) Сақ көсемінің күмбезі
3. 1.Табиғатты зерттеу әдістерін көрсет:
А)зерделеу, түсіну Ә)экспедиция Б)бағдарлау,болжау В)бақылау, тәжірибелеу
4. Қазақстан дүние жүзінде жер көлемі жағынан нешінші орын алады?
А)1 Ә)8 Б)9 В)10
5. 1.Құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптарын не деп
атайды? А) жазық Ә) қырат Б) белес В) тау
6. Картада таудың түсі қандай түспен беріледі?
А) сары Ә)қошқыл қоңыр Б) көк В)жасыл .
7. Үгілуді туғызатын жағдайларды тап:
А)өсімдіқ, жел,мұз Ә)жауық мүк, жануар Б) жер сілкінісі,жаңбырВ)жел, жануарлар
8. .Кен қабатына жеткенге дейінгі бос жыныстардын үйіндісі:
А) конус Ә)террикон Б)таулар В)үйінділер
9. Басы үшкір келетін төбе калай аталады? А)құз Ә)белес Б)қырат В)шоқы
10. Металл мен олардың қоспалары алынатын тау жыныстары қалай аталады?
А) металдар Ә)металл қоспалары Б)кен В)қазба
11. Қызғылт түсті, жұмсақ металл қалай аталады?
А)тас көмір Ә)темір кені Б)мыс кені В)қоңыр көмір
12. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды тап
А) тас көмір, қола, алюминий Ә) тұз, гранит, асбест
Б) мұнай, қоңыр көмір, қорғасын В) мырыш, тас көмір, мыс
13. Судың үш түрлі күйін белгіле
А) қатты, жұмсақ, тәтті Ә) қатты, сұйық, бу Б) сұйық, қощ, қатты В) бу, қатты, дәмді
14. Оңтүстік Қазақстан облысындағы шипажайдың атын тап
А) Қапаларасан Ә) Сарыагаш Б) Барлық арасан В)Жаркент-Арсан
15. 2. Климат деген не?А) күнделікті ауа райы Ә) Ауа райындағы сағаттық өзгерістер
Б) Ауа райындағы өзгеріс В) Ауа райының жыл сайын қайталануы
16. Шалғын өсімдіктерін тап
А) лалагүл, тұңғиық Ә) тышқанбұршақ жусан Б) қызгалдак, бозжуаВ) кактус, алоэ
17. Дала жануарларын белгіле А) қасқыр, қарақұйрық, суыр Ә) бөдене, бүркіт, құладын
Б) барыс, жапалақ, марал В) құндыз, камшат, шабақ
18. .Суға тапшы аймақ қалай аталады? А) шөл Ә) шалғын Б) өзен В) тау
19. Дала өсімдіктерін көрсет
А) Лалагүл, тұңғиық Ә) қоға, құрақ Б) шырша, карағай В) бетеге, жусан
20. Шөлді жерді мекендейтін, жауынан қорғана беретін ебедейсіз
кірпі түрі қалай аталады?
А) мойынды кірпі Ә) карынды кірпі Б) құлақгы кірпі В) бүйірлі кірпі
Дүниетану. 4-сынып. Тест. 2-жарты жылдық 2013-14 оқу жылы.
2-нұсқа.
1.Алғашқы адамның баспанасы:
А)үңгір Ә)үй Б)өзен жағасы В) ағаш басы
2. Адам еңбегінің жануарлар еңбегінен айырмашылығы неде?
А) әртүрлі заттар жасайды Ә) адамдікі саналы еңбек
Б) табиғаттан үйренеді В)әдемі бұйым жасайды
3. Жердің шар тәрізді екендігін қалай анықтаған?
А)ертедегі жазбалардан Ә)көру арқылы Б)бақылау арқылы В)сана арқылы
4. Көкжиек түстарын түсбағдарсыз қалай анықтауға болады?
А)айға қарап Ә)жұлдызға қарап Б)табиғат құбылысына қарапВ)тауға қарап
5. .Пайдалы қазбалар картада калай бейнеленеді?
А)шартты белгімен Ә)суретпен Б)әріппен В)сызықпен
6. Жыра неден пайда болады? А) үгілуден Ә) судың жер бетін тілімдеуінен
Б) жер сілкінісінен В) арнайы қазудан
7. Картада таудың түсі қандай түспен беріледі?
А) сары Ә)қошқыл қоңыр Б) көк В)жасыл .
8. Аспан тау деген мағынаны біддіретін тау атын тап:
А)Жоңғар Алатауы Ә)Іле Алатауы Б)Алтай тауы В)Тянь-Шань
9. Қызғылт түсті, жұмсақ металл қалай аталады?
А)тас көмір Ә)темір кені Б)мыс кені В)қоңыр көмір
10. Қостанай облысындагы Арқалық кен орнында ашық әдіспенөндірілетін металл қалай аталады?
А)қорғасын Ә)мырыш Б)мыс В)боксит
11. . Қарағанды кен орнын ашқан адамды көрсет
А) Қ Сатпаев Ә) А Байжанов Б) Б Тұрысбеков В) К Ахметов
12. Тас көмірдің ең қатты, сапалы түрі қалай аталады?
А)қоңыр көмір Ә)антрацит Б)жанғыш көмір В)қатты көмір
13. Су жердің қандай бөлігін құрайды?
А) Ә) Б) В)
14. Күн сәулесі қызуынан су қандай күйге ұшырайды?
А) қар Ә) мұз Б) жаңбыр В) бу
15. . Ең үлкен көлді көрсет А) Байкал Ә) Каспий Б) Балқаш В) 3айсан
16. .Ауаны тазартудың ең тиімді жолын көрсет
А) завод, фабрикаларды азайту Ә) адам санын көбейту
Б) көгалдандыру В) транспорт түрлерін көбейту
17. Көгалдан аумағы жағынан үлкенін қалай атайды?
А) бақша Ә) шалғын Б) егістік В) дала
18. Ормансыз жазық алқап қалай аталады?
А) шалғын Ә) шөл Б) дала В) тау
19. 13.Суға тапшы аймақ қалай аталады? А) шөл Ә) шалғын Б) өзен В) тау
20. Мол суда өсетін азықтық дақыл қалай аталады?
А) жүгері Ә) мақта Б) тары В) күріш