|
Табиғат және менің қауіпсіздігім
|
бет | 129/160 | Дата | 06.01.2022 | өлшемі | 0,72 Mb. | | #11372 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: Дүниетану қысқа мерзімді жоспарыТабиғат және менің қауіпсіздігім
Оқыту мақсаты:
|
3.2.3.2 геологиялық және табиғи-климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін
құрастыру.
|
Сабақтың мақсаты (Күтілетін нәтижелер)
|
Барлық оқушылар:
табиғат катаклизмдерінің не екендігін білетін болады;
төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік техникасының қағидаларын сақтайтын болады.
Көптеген оқушылар өзінің жеке қауіпсіздігіне және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне саналы түрде және жауапкершілікпен қарайтын болады.
Кейбір оқушылар:
өзінің тұрып жатқан аймағында қандай төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін екендігін зерттейтін болады;
төтенше жағдай кезіндегі өзін-өзі ұстау қағидаларын құрастыратын болады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар табиғатта немесе қоғамда төтенше оқиға болған кезде тез ұғынып, дұрыс әрекет ететін болады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|