Ой қозғау
|
Мұғалім: Балалар, бізді қоршаған орта, мәселен, жан-жануарлар, өсімдіктер, өзен-көлдер, таулар, Жер, Күн, Ай, Жұлдыз және басқа да аспан денелері, сонымен қатар, табиғи құбылыстар, жауынның жауғаны, найзағайдың ойнағаны, желдің соққаны, бәрі-бәрі
табиғатты құрайды. Демек, табиғаттың да жаны бар. Ол да дем алады. Бүгін біз сабағымызда табиғатта болатын төтенше жағдайларды сөз ететін боламыз. Сабағымызды бастаймыз.
Өмір – адамға берілген баға жетпес қымбат сый. Өмір сүру құқығы барлық адамға бірдей беріледі, бірақ оны мәнді, мағыналы және бақытты қылып өткізу әр адамның өзіне
байланысты. Алайда біз алдымызда не күтіп тұрғанын, қандай қауіпті жағдайлар боларын білмейміз. Қай заманда да адам өз өміріне төнген түрлі қауіптермен, мысалы, табиғат
катаклизмдері, түрлі ауру-індеттер және басқа да қауіптермен аман қалу мақсатында күресіп келген.
Ұлы суретшілер табиғаттың сұрапыл күшіне таңдана, тамсана отырып, өздерінің шығармаларында дүлей апаттарды керемет бейнелеген.
«Виртуалды экскурсия»
– Осы құбылыстарды бір сөзбен қалай атауға болады? (Табиғи апат)
|
Табиғат
дыбыстарының аудиожазбасы
И. Айвазовский, У. Тернер, И. Левитан суреттерінің көшірмелері
|