Күнге қарап бағдарлау.
– Күнге қарап көкжиек тұстарын қалай анықтауға болады, кім біледі? Көкжиек тұстарын анықтаудың ең ежелгі әдісі – Күнге қарап бағдарлау. Күн шығыстан шығып, батыстан батады. Талтүсте Күн оңтүстікте болады.
Егер талтүсте күнге арқаңды беріп тұрсаң, онда көлеңкең солтүстік тұсты бағыттайды. Арқа жағың оңтүстікті, оң жағың шығыс, сол жағың батысты бағыттайды.
Күннің шығар тұсы шығысты, батар тұсы батысты көрсетеді.
Темірқазық жұлдызына қарап бағдарлау.
Мұғалім: Жұмбақты шешіңдер. Ол жұлдыз аспанның
Жанып тұрған көзі ме? Аспанға қаққан қазықтың Нұрға айналған өзі ме?
Ол жұлдыз қадалып
Аспанда нұр боп жанып тұр. Күдіктің бәрінен арылып Жолаушы алға жүріп тұр.
Күн батысымен аспаннан мыңдаған жарқыраған жұлдыздарды көруге болады. Жерден өте алыс қашықтықта орналасқандықтан, олар бізге жалтыраған нүкте секілді көрінеді. Шын мәнінде, Жұлдыздар өте үлкен. Егер жұлдызды аспанды мұқият қарайтын болсаңдар,
жұлдыздардан құралған көптеген суреттерді көруге болады. Кәне, тексеріп көрейікші. Суретке назар аударыңдар. Енді үлкен шөмішті көріп тұрсыңдар ма? Таптыңдар ма?
Жарқыраған жеті жұлдыздан құралған шөміш секілді жұлдыздың төңірегінде тағы басқа да көптеген жұлдыздар бар. Бағзы заманнан бері адамдар осы шөмішке ұқсайтын жұлдыздарға
|