ҚБ Ал, енді, балалар, сабағымыздың мазмұнына сай келетін бір фразанытаңдап, сабағымыздықорытындылайық.
Оқулықтағы тапсырманы орындаймыз!
(Т) Достарыңмен бір-біріңе «Сен өзіңнің жеті атаңды білесің бе?» деген сұрақ қою арқылы өзара сұхбат жүргізіңдер.
Сұхбатты қорытындылау.
Оқушылар топта жұмыс істей отырып, сыныптастарының өз Жеті аталарын қаншалықты білетінін анықтайды. Бір-біріне сұрақ қоюдың нәтижесінде, қорытындылар шығарады:
мен өз ата-бабаларым жайлы көп мәлімет білуім үшін отбасымның тарихын зерттейтін боламын.
Немесе:
сыныбымыздағы оқушылардың көбі үлкендердің әңгімесін мұқият тыңдайды екен және өздерінің ата-бабаларының есімдерін біледі екен. Сол үшін біз өте қуаныштымыз!
Дәптер
Оқулық
Арғы аталарың, бабаларың – олар сендерге дейін және ата-аналарыңа дейін өмір сүрген, яғни сендердің ата-бабаларың. 100 жылда үш ұрпақ өмір сүреді: ғасырдың басында атасының өмірі басталады, аяғында немересі өмір сүреді.
(Ж) Ата-анаңмен бірге орында. Егер адамның шежіредегі орташа жасын 25 деп алсақ, онда Жеті Атаны білу уақыттың қай кезеңін қамтиды?
Сұраққа жауап беру үшін 25-ті 7-ге көбейту керек. Сонда 175 болады. Демек Жеті Атаны білу деген екі ғасырдың тарихын білу дегенді білдіреді.
Мұғалім: Шежірені білу дегеніміз – тек қана саған дейін өмір сүрген ата-бабаларыңның есімдерін білу емес, шежірені білу – ата-бабаның рухы алдындағы және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Өз отбасыңның тарихын біле отырып, сен тек қана еліміздің
тарихымен таныспайсың, бүкіл адамзаттың тарихымен танысасың.
Сейіт Кенжеахметұлы.
«Жеті қазына» (Жиған- терген) 1-кітап. 2010 ж
«Ана тілі» ЖШС, Алматы
Рефлексия
Мұғалім: Мына сөзге мән беріңдерші: «Мен маған дейін өмір сүрген адамдар сияқты
адаммын, сонымен қатар, мен – менмін, басқа ешкім емес». Қалай түсіндіңдер, балалар? Сендердің қабілеттерің, қызығушылықтарың, сонымен қоса, бойларыңдағы таланттарың сендерге ата-аналарыңнан, сондай-ақ, сендер ешқашан көрмеген ата-бабаларыңнан берілген.
Күндердің күнінде сендер де ата-ана, ата-әже боласыңдар. Сендердің ұрпақтарың да сендердің өмірлеріңе бұрылып, кім болғандарыңды, қандай өмір сүргендеріңді білуге тырысады.
Ұрпақтарың сендермен мақтанатындай лайық өмір сүріңдер деп тілеймін.
ҚБ Сабақтың соңында өзіңнің көңіл күйіңе баға бер. Таңдауыңды түсіндіріп бер.
Үй тапсырмасы
Өз атаң немесе арғы атаң жайлы әңгіме құрастыр. Елімізде болған қандай оқиғаларға қатысқанын анықта.