Оқу материалдары белгілі бір жүйемен реттеліп жоспарланбаса білім тиянақты қалыптаспайды. Сондықтан білім жүйесінде әр пәннің өздеріне тән бекітілген - бағдарламасы болады. Осы бағдарламаға сәйкес оқу материалдары белгілі принциптермен іріктеліп, жүйеленеді, яғни жүйелілік, бірізділік принциптерімен жүзеге асады. Сондай-ақ материалдың тәрбиелік орны, ғылыми тиімділік тұрғысы, көрнекілік жүйе, өлкетану, жеделдете оқыту, қиындықта оқыту, қарапайымнан күрделену бірізділігі сияқты принциптер ұсталынады.

Оқытудың ғылымилық принципібілім беру мазмұнының қазіргі ғылым мен техниканың, әлемдік өркениетгің жинақтаған тәжірибесінің даму деңгейіне сәйкестігін қарастырады. Бастауыш кластарда жаратылыстану ғылымдарының қазіргі жетістіктері мен жаңалықтарын кірістіре отырып, нақты ғылыми фактілермен, құбылыстармен, табиғи заңдылықтармен таныстыруға бағытталу болып табылады.