Договор о сотрудничестве между школой и родителям Класс 11А на 2022-2023 учебный год Мы, нижеподписавшиеся родители


Мектеп және ата-ана арасындағы ынтымақтастық



бет4/7
Дата12.10.2022
өлшемі28,4 Kb.
#42486
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Келісім шарт

Мектеп және ата-ана арасындағы ынтымақтастық
КЕЛІСІМ ШАРТЫ №----------
--------------------- сынып 2022-2023оқу жылы
Біз, төмендегі қол қоюшы ата-ана

(оқушының аты-жөні, туған жылы, айы, күні)


бір тараптан және А Макаренко жалпы орта мектебі мектеп директоры Амирбекова Гүлжан Олжабековна екінші тараптан, төмендегіше келісім шартты жасадық:
1.Мектеп міндеті:
1.1. ҚР «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, мектептің ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекітуге;
1.2. Оқушылардың Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес сапалы жалпы орта (негізгі) білім алуына жағдай жасауға;
1.3. Мектеп Жарғысына, орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес бекітуге; ер балаларға –(1-11 сыныптың ер балалары үшін) ақ жиде, қою көк түсті костюм. 1-11сыныптың қыз балалары үшін қою көк түсті юбка, ақ блузка және ақ бантик.
1.4. Жеке тұлғаның жан-жақты рухани дамуына қолайлы жағдай туғызуға;
1.5. Білім алушыларды медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауға және психологиялық денсаулығына қолдау жасау мен нығайтуды қамтамасыз ету;
1.6. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңілдіктер материалдық қамсыздандыру түрлерінің уақтылы берілуін қамтамасыз ету;
1.7. Қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жәрдемдесу; 1.8. «Мектепте» білім алушылар санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау (бет перде,антисептик) «Мектептің» ішкі тәртібі негізінде кезек аяқ киімін кию туралы талаптарды орындауға міндетті.
1.9. «Мектепте» сабақ процесі жүріп жатқан кезде бөгде адамдардың мектепке кіруіне рұқсат етілмейді. Келген бөгде адам міндетті түрде вахтер немесе кезекші мұғалімге жолығып, журналға тіркеліп, рұқсат қағазын алады. «Мектепке» келген ата-анаға білім алушылар мен мұғалімдерді оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет