«Доктрина», «зайырлылық» терминдеріне анықтама беріңіз



Дата02.05.2023
өлшемі14,18 Kb.
#88913
түріНұсқаулар

Қазақстан тарихы
№1 билет

  1. «Доктрина», «зайырлылық» терминдеріне анықтама беріңіз.

Доктрина - іс-әрекет жасауға бағыт беретін нақтылы нұсқаулар принциптерінің жиынтығы. Мысалы саяси доктрина саяси іс-әрекетті ұйымдастыруға және саяси құбылыстарды қарастыруға арналған өзара келісілген қағидаттар жиынтығы, бірізділікпен құрылған тұжырымдама болып табылады. Доктрина көбіне билік үшін күрестің, саяси қозғалыс мүшелерінің ықпалдастыру құралына айналады. Тарихта ең көрнекті мысалдар ол Трумэн мен Монро. Монро доктринасы - АҚШ сыртқы саясаты принциптерінің декларациясы. Доктрина Америка және Еуропа құрлықтары елдерінің бір-бірінің ішкі істеріне өзара араласпау принципін жариялады. Ал біздің елімізде этностар арасындағы бейбітшілік пен келісімді қолдауға, қазақстандық ұлтты қалыптастыруға бағытталған Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы бар.
Зайырлылық (светскость) қағидаты мемлекетті діни ілімдерден бөлуді көздейді, бірақ дінді қоғамдық өмірден алып тастауды білдірмейді. Ол сондай-ақ қоғамдық-саяси билікті ұйымдастырудың негізгі нысаны ретінде мемлекеттің рөлін сақтай отырып, мемлекет пен діни ұйымдардың ықпал ету салаларын ажыратуға ықпал етеді.

  1. Қазақ хандығының құрылу процесін сипаттаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет