Документ Google Keep



Pdf көрінісі
Дата14.05.2023
өлшемі92,67 Kb.
#93033
Байланысты:
фонетика сессия. 1-7 сурак



1 билет.
1)төл зерттелім ғалымдар пікірлері
2)вокализм жіктелімі
3)”нөсерін” талдау
1)Алғашқы зeрттелулeрде қазақ тілі дыбыс жүйecі туралы, қaзақ тіліндeгі дыбыстардың
caны мен caпасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жaсалмаған eді. Нaғыз
ғылыми зeрттеу А.Бaйтұрсынов пен Қ.Жұбанoв eңбeктерінен басталатыны байқалады.Анa
тілінің дыбыс зaңдылықтарын көкірeк көзімeн пaйымдап,өзге ұлт зерттeушілерінің көзінe
ілінe қоймаған, қазақ тілінің өзіне ғaна тəн фонeтикалық құбылыcтардың басы ашылып
қазақ жазуының өзіндік үлгісі 1900-1950 жылдарды қамтыған төл-зeрттeлім кeзеңінде
қалыптаcты.
Ахмет Бaйтұрcынұлы 1912 жылы жaрық көргeн "Жaзу тəртібі" eңбегіндe қазақ тіліндe 24
түрлі дыбыс бар, oның ішіндe 17 дауыccыз дыбыcтар бар eкенін жəне cөз құрамындағы
дауыccыз дыбыстар дауысты дыбыстарға тəуeлді, яғни дауыcты дыбыстардың жуан –
жіңішкелігіне қарай дауыccыздардың да жуан - жіңішкe бoлaтындығын анықтаған.
Қ.Жұбaнoвтың 1936 жылы жaрық көрген «Қазақ тілі грамматикасы » eңбегіндe
дыбыcтарды 3-ке бөлген: дауыстылар, дауыcсыздар, coнoрлар. Соның ішінде
дауыссыздардың сaнын 12 деп көрсеткен: қ, к, ш, с, т, п, д, б, з, ж, ғ-г.
2)Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар акустикалық жəне артикуляциялық
ерекшеліктеріне қарай былай жіктеледі:
Тілдің қатысына қарай:
1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а, о, ұ, ы,(у).
2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ə, е, ө, ү, і, и, (у).
Ə.Жүнісбеков дауысты дыбыстарды жасалу орнына қарай тіл ортасы тіл арты деп бөледі.
Тіл ортасы Ə, Е, І, Ө, Ү. Тіл арты А,Ы, О, Ұ
Еріннің қатысына қарай:
1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.
2. Езулік (лингваль) дауыстылар: а, ə, е, и, ы, і.
Жақтың қатысына қарай:
1. Ашық дауыстылар: а, ə, е, о, ө.
2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, (у).
Қазақ тіліндегі дыбыстардың жаққа қатысын зерттей келе, С.Мырзабеков былай жіктейді:
1. Ашық дауыстылар: а, ə.
2. Жартылай ашық: о, ө, е.
3. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
Ал, о, ө, е дауыстыларын зерттеуші ғалым Ə.Жүнісбеков ашыққа да, қысаңға да қоспай, өз
алдына құранды дыбыстар деп бөліп қарайды.
2-билет
1)Дыбыс туралы ұғым.Дыбыстау мүшелеріне сипаттама
2)Орфоэпиядағы прогрессивті ассимиляция
3)Бойына сөзіне талдау
1) Дыбыс фонетиканың ең кішкентай бірлігі ,мағынасы жоқ белгілі бір тілдегі


фонемалардың тіркесуі арқылы мағына құрай алады.Дыбысты жасауға қатысатын
мүшелер:өкпе,кеңірдек,дауыс шымылдығы,көмей,ауыз қуысы,мұрын қуысы,тамақ
қуысы,тіл,кішкентай тіл,тіс,ерін,таңдай,жақ т.б.Бұларды сөилеу аппараттары деп
атайды.Дыбыстау мүшелерінің ішінде əсіресе дауыс шымылдығы тіл жəне ерін қызметінің
орны ерекше.Кеңірдектің кеңейген жері көмейге орналасқан дауыс шымылдығы
жиырылып тұрады.Керілген кезде ауаның əсерінен дірілдейді де одан үн пайда
болады.Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды.Дауысты дыбыстар тон арқылы
жасалады ал дауыссыз дыбыстар да тонның дəрежесі əр түрлі болады.Үнділерде
көбірек,ұяңдарда жартылай ғана болады ал қатаңдарда тон мүлдем болмайды.Дыбыстау
мүшелері актив жəне пассив екіге бөлінеді.Актив мүшелер дыбыстау кезінде қимыл
қозғалыс жасайды.Олар:тіл, ерін, жұмсақ таңдай,дауыс шымылдығы,бөбешік жатады.Ал
пассив мүшелер онша қызмет атқармайды.
2) Ассимиляция морфермалар жігіндегі қатар келген дауыссыз дыбыстардың
акустика-артикуляция жағынан өзіне ұқсатуы.Ол екіге бөлінеді
1. Прогресивті Ассимиляция
2. Регресивті Ассимиляция
Прогрессивті ассимиляция бір сөз көлемінде немесе сөз аралығында алғашқы дыбыстың
кейінгі дыбысқа артикуляциялық жағынан өзіңе ұқсатуы.Ол толық жəне жартылай болып
бөлінеді. Орфоэпияда кездесетін түрі Жартылай Прогрессивті ассимиляция.Оның
кездесетін орны егер сөз ш дыбысына аяқталса қосымша с дабысынан басталса онда с
дыбысы ш дыбысы болып естіледі.
3 билет.
1. Жунисбеков енбектери туралы саралау
2. Екпин туспитн косымшалар
3. Мұратқа
1. Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін жаңа бағытта зерттеген Жүнісбеков
"фонетикалық Строй казахского языка", гласные в казахском языке" жəне тағы.б еңбектері
негізінде 2009 жылы "Қазақ фонетикасы" еңбегі жарыққа шықты.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жаңа қырынан зерттеп жүрген фонетист Ə.Жүнісбеков
"Строй казахского языка, Фонетика" атты еңбегінде қазақ тілінде 9 төл дауысты бар деп
көрсеткен.
( классификация)
Ғалым тек қазақ тіліндегі тек төл дыбыстарды зерттеген. Орыс тілінен енген дыбыстарды
қарастырмсған. (в, ф)
2. Əдетте казақ тіліндегі екпін біршама тұрақты, сөздің соңғы буынында болады. Мысалы,
ба-ла, əкімшілік, терезе, сияқты сөздерде екпін соңғы ла, лік, зе буындарына түсіп тұр.
Сөзге косымша (жалғау, жұрнақ) жалғанғанда да, əдетте екпін соңғы қосымшаға түседі.
Мысалы: қала-қалалардың-қалаларымыз, жақсы-жақсылык-жақсылықтар-жақсылықтарың
т. б.
Бірақ казак тілінде барлык қосымшаларға екпін түсе бермейді. Екпін түспейтін
(қабылдамайтын) косымшалар:
1. жіктік жалғауларына екпін түспейді. Мысалы: жақсы-сың, бара-мыз, жүре-ді, үлкен-сіз т.
б.


2. етістіктің болымсыздық мағынасын туғызатын -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасына
екпін түспейді. Мысалы: айқыз-ба, көрмей-сің-дер, жаздыр-ма-ған, айтыңқыра-ма-ды т. б.
3. Есім создерге жəне етістіктің есімше тұлғасына жалғанып, теңеу, ұқсату, мəнін білдіретін
-дай, -дей, -тай, -тей, -лай, -лей, жəне -ша, -ше жұрнақтарына екпін түспейді. Мысалы:
үй-дей, бала-ша, келген-дей, айтқан-ша т. б.
4. етістік тұлғаларына жалғанып, тілек, өтініш мəнін білдіретін -шы, -ші қосымшасына екпін
түспейді. Мысалы: көр-ші, айтыңқыра-шы, көрсең-ші, барайық-шы т. б.
4 билет.
1.Буын ,буынның түрлері ығысу жығысу
2.естілім зерттелім кезеңі
3.жүректі сөзін талдау
Бір сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық 
бөшек буын деп аталады.
Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы,
қарлығаштардың деген сөзде бес дауысты дыбыс бар, яғни сөз бес буыннан құралған.
Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.
Бір дауысты дыбыстан құралған жəне дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа
аяқталған буын ашық буын деп аталады. Мысалы, а-на, ба-ла, да-ла, бе-ре-ке, ə-ке,
ша-ға-ла, же-ті, та-ға, т.б.
Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буын жалаң ашық буын деп аталады. Мысалы, ə-же,
ұ-лы, ү-кі, а-та, т.б.
Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, өр,
ант, əн, ұлт, аң, ұрт, үй, арс, ел, өрт, т.б.
Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған, яғни ортасы дауысты дыбыс
екі шеті дауыссыз дыбыс болып келген буын бітеу буын деп аталады. Мысалы, бұлт, жер,
қант, той, құрт, тау, жұрт, жез, төрт, дос, серт, гүл, мұрт, қол, бырт-бырт, сарт-сұрт,
жарқ-жұрқ, сөз, көз, май, дөң, дүлдүл, мазмұн, жолдастық, т.б.
: бір буынның соңғы дыбысының екінші буынға ауысып, буындардың бастапқы сапасының
өзгеруін буынның жылысуы немесе алмасуы(2) делінсе, екіншісінде дауыстыдан біткен
буынға дауыстыдан басталған буын жалғанса, алғашқы дауысты түсіп қалады. Бұны буын
ығысуы дейміз(3) делінген. Қалай айтылса да, буын алмасуы бар жерде дауысты
дыбыстың қатысы бар екені белгілі. 
*2сұрақ естілім зерттелім кезеңі*
ХІХғ. - Естілім-зерттелім кезеңі дет аталады. Қазакстанның Ресейге қосылуы қазақ
даласында ірі өзгерістерді тудырды. XIX ғасырдың екінші жартысында орыс патшалығы
Қазақстанды отарлау саясатын толык іске асыруы үшін казак халкының тұрмыс-тіршілігін,
салт- санасын жетік біліп, тілін, дінін жан-жакты зерттеуді колга алды. Осы мақсатпен орыс
зерттеушілері казақ даласына көптеген зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды. Зерттеу
нəтижелері жинақтарда, мерзімді баспасөздерде жарияланды. Қазак тілі жөнінде айтылган
алғашкы пікірлер мен зерттеулердің дүниеге келуі осы кезеңмен тұстас келді.
Қазак тілінің фонетикасы туралы тұңгыш пікір миссионер Н.И.Ильминский (1822-1891)
еңбегінде айтылды. 1860 жылы Қазанда жарык көрген «Материалы к изучению киргзского
наречия» деген еңбегі орыс графикасымен жазылган еді. Н.И.Ильминский казак тіліндің


дыбыстык құрамы 8 дауыстылардан жəне 19 дауыссыздар: а (ə), е, ы, і, в, ү, ү, д , п, б, м, у,
т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, й, қ, г, к, г, ң дыбыстарынан тұратынын жазады. Сондай-ақ,
Н.И.Ильминский а жэне ə дыбыстарын бір фонема деп карастырған. Сонымен қатар қазак
тіліндегі дыбыстардың айтылу ерекшеліктері, өзара үндесіуі, дыбыстык алмасулар да
зерттеуші назарынан тыс калмаган. Мəселен, Н.Ильминский сөздігінде «ауұтқу, бүгілөк,
бұлдіргө, бүлдүргөн, бөлтүрүк, күлдүрөуүш, мұрұндұк, өтүрүк, сүңгүрүуұр, тұгөндө, үйүрүм,
үрүптөс» деген сиакты сөздердің үндестік заңдылығына сай жазылуы XIX ғасырда казак
тілінде ерін үндестігінің ыкпалы зор болғаныдыгынан хабар береді.
5-билет
1. Орфоэпиядағы фонетикалық процесстерді атаңыз.
2.Тіл ұшы консанантизмнің анықтамасы.
3. бесігінің сөзге талдау
1)Протеза – (грек.prothesis – алдында тұру) – сөздің алдынан басы артық дыбыстың
қосылуы. Бұл кірме сөздің айтылуын жеңілдету үшін қажет. Мұндай дыбыс дауысты да,
дауыссыз да болуы мүмкін. Қазақ тілінде протеза болатын – негізінен, қысаң дауыстылар.
Ол л,р дыбыстарынан басталатын кірме сөздердің алдынан жамалады.
Олай болатыны, қазақ тілінде лақ, лап, лау, лық, лып, лаң, лүп сияқты он шақты еліктеуіш
болмаса, байырғы атауыш сөздер бұл дауыстылардан басталмайды.
Ы: лаж, лай, лашын, рас, разы, рақым
І: леген, лекер, рəсім, рет, реніш
Ұ: рұқсат, ру, рух
Ү: Рүстем, рөл 
Қазақ тілінде протезаның күші елеулі, ол өз алдына буын болып тұрады. Сондықтан,
жазуда да жағаласып жүреді. Протезаны ескермеу өлеңге үлкен нұқсан болар еді.
«Ырас десең, ырас сөз мен айтайын» («Бекболат» дастаны). Орыс (Русь), ораза (руза),
орамал (румал) сөздердің басындағы о-да протезаның нəтижесі,
Екі-үш дауыссыздан басталатын орыс сөздері протезамен айтылады: ы (станция), ы
(стакан), і (стенд). Мұның жазудағы көрінісі: үстел (стол).
Эпентеза (грек.epentesis - қыстырылу) – сөз ішіндегі дауыссыздардың арасына
дауыстының қыстырылуы.
Мысалы: класс – кылас, теория – тейория.
Бұл да сөздің айтылуын жеңілдетуге негізделген. Ертеректе тілімізге еніп, айтылуына орай
жазылатын бөрене, жеребе, керуерт, кінəз, пүліш сөздері эпентезалық құбылысының
нəтижесі.
Редукция – (лат.peduktion – қайырылу) – бұл да дауыстыларға байланысты құбылыс . Сөз
ішіндегі дауыстының көмескіленуі.
Редукцияға ұшырайтын қысаң дауыстылар.
Мысалы: Мағына – мағна, тұжырым – тұжрым, дəрігер – дəргер, тəжірибе – тəжрибе,
көкірек – көкрек.
Протеза – (грек.prothesis – алдында тұру) – сөздің алдынан басы артық дыбыстың
қосылуы. Бұл кірме сөздің айтылуын жеңілдету үшін қажет. Мұндай дыбыс дауысты да,
дауыссыз да болуы мүмкін. Қазақ тілінде протеза болатын – негізінен, қысаң дауыстылар.
Ол л,р дыбыстарынан басталатын кірме сөздердің алдынан жамалады.
Олай болатыны, қазақ тілінде лақ, лап, лау, лық, лып, лаң, лүп сияқты он шақты еліктеуіш
болмаса, байырғы атауыш сөздер бұл дауыстылардан басталмайды.
Ы: лаж, лай, лашын, рас, разы, рақым


І: леген, лекер, рəсім, рет, реніш
Ұ: рұқсат, ру, рух
Ү: Рүстем, рөл 
Қазақ тілінде протезаның күші елеулі, ол өз алдына буын болып тұрады. Сондықтан,
жазуда да жағаласып жүреді. Протезаны ескермеу өлеңге үлкен нұқсан болар еді.
«Ырас десең, ырас сөз мен айтайын» («Бекболат» дастаны). Орыс (Русь), ораза (руза),
орамал (румал) сөздердің басындағы о-да протезаның нəтижесі,
Екі-үш дауыссыздан басталатын орыс сөздері протезамен айтылады: ы (станция), ы
(стакан), і (стенд). Мұның жазудағы көрінісі: үстел (стол).
Эпентеза (грек.epentesis - қыстырылу) – сөз ішіндегі дауыссыздардың арасына
дауыстының қыстырылуы.
Мысалы: класс – кылас, теория – тейория.
Бұл да сөздің айтылуын жеңілдетуге негізделген. Ертеректе тілімізге еніп, айтылуына орай
жазылатын бөрене, жеребе, керуерт, кінəз, пүліш сөздері эпентезалық құбылысының
нəтижесі.
Редукция – (лат.peduktion – қайырылу) – бұл да дауыстыларға байланысты құбылыс . Сөз
ішіндегі дауыстының көмескіленуі.
Редукцияға ұшырайтын қысаң дауыстылар.
Мысалы: Мағына – мағна, тұжырым – тұжрым, дəрігер – дəргер, тəжірибе – тəжрибе,
көкірек – көкрек.
Элизия – (лат.elision – жаншу, итеріп шығару) – бунақтағы сөздердің арасында қатар
келген екі дауыстының алдыңғысының түсіп қалуы. Мысалы: қара ала, мына адам. Мұны
контактілі элизия дейміз. Ал осы уақытқа дейін редукция деп танылып келген.
Мысалы: орын+ы, ерін+і, мұрын+ы сияқты құбылыстарды контактісіз элизия дейміз.
Метатеза – (грек.metathesis – ауыстырып қою) – сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың
өзара орын ауыстыруы.
Мысалы: Əпке – əкпе
Тепкі – текпі
Аферезис – элизияға қарама-қарсы құбылыс, яғни бунақта қатар келген екі дауыстының
кейінгісінің түсірілуі. Сирек кездеседі.
Мысалы: Не істейін? – нестейін?
Не ішесіз? – нешесіз?
Гаплология – сөз ішіндегі біркелкі буындардың бірінің түсіп қалуы. Мысалы: Араластыр –
арластыр
Балалар – балдар
Орфоэпияға осы *7* түрі жатады.
2)Тіл ұшы консонантизм- үстіңгі күрек тіске жабысып, ауа жолын бөгеп, тез ажырайды.
Альвеоляр: н,л,ч
Н фонемасы тіл ұшы альвеолға тию арқылы жасалады. 
Л фонемасын айтқанда тіл ұшы алвеолға біртегіс, кесе көлденеңдеп тиеді.
Ч фонемасы африкат дыбыстарға жатады. Т + шь
6 билет


1.Екпін-фонемалық зерттелім дəуірі
2.Веляр(тіл арты)-қ,ң,ғ,х анықтама
3.Беруге талдау
Екпін-фонемалық зерттелім дəуірі:
Негзгі зерттеу əдісі ретнінде,екпін мен фонемалық талдау алынғандықтан осылай
аталады.Қамтитын кезең XX ғасырдың 50-70 жылдары.
“Қазіргі қазақ тілі” фонетика тарауы. Мұнда акедемик Шербаның концепциясын арқау ете
отырып сөз мағынасымен сөз тұлғасын ажыратуға ебі бар тілдегі ең кішкене дыбыстық
бірлікті фонема деп атайды.
1954жылғы І.Кеңесбаевтың «Қазіргі қазақ тілі»оқулығында дауыстылар саны 11. Оның
тоғызы монофтанг екеуі(и,у) дифтонг деп бөліп қарастырады.
Ісмет Кеңeсбаев 1954 жылы жaрық көргeн "Қaзіргі қазақ тілі" eңбегіндe дауыссыздaрың
сaнын 25 деп көрсeткен: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, һ, у, (щ).
Ғалым П.М.Мeлиoранскийдің «"л" сонoрының жуанды-жіңішкелі түрде aйтылатын
вaриантын дербеc фонема» деп айтқан пікірін дұрыс емeс деп cанаған. Оның ойынша
дауыccыздар қай-қайсысы болса да, бірдe жуaн, бірде жіңішке бoлып келе береді. Қазақ
тілінде дауыссыздардың бұл түрде aйтылуы фонемалық ерекшелікті көрcетпейді, тек
aкуcтикалық aйырманы көрсетeді.
Cапaрхан Мырзaбeковтің 1986 жылы жaрық көрген «Қaзақ тілінің фонeтикаcы» eтты
eңбегінде дауыстылардың санын 11деп көрсеткен:а,ə,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,у. Дауыссыздaрдың
сaнын 25 деп көрcеткен: б, в, г,ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, у, һ, ф, х, ц, ч, ш, қ, ң. Ғалым
«щ əріп eмес дыбыс. Ол – сoзылыңқы (немесе қос) ш дыбысының тaңбаcы» дeп
қарaстырaды.
Веляр:
Веляр (таңдай) дауыссыздар ( лат. velum - шымылдық, жұмсақтандай) - тілдің арткы
таңдайға тиюі арқылы жасалатын дауыссыздар:
қ, ғ, ң,х (Ісмет Кеңесбаев бойынша)
қ,ғ,ң,й (Əлімхан Жүнісбеков бойынша)
7-билет.
1. Қазақ тіл білімі жəне консонантизмдер жайлы алғашқы ғылыми зерттеулер
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар жөнінде алғашқы зерттеу мəліметтері Н.И.Ильминский,
В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский еңбектерінде айтылған болса, А.Байтұрсынұлы,
Қ.Жұбанов еңбектері ана тілімізде зерттеудің алғашқы үлгісі болды. Сондай-ақ, Е.Омаров,
Қ.Кемеңгерұлы, т.б. еңбектерінде де дауыссыз дыбыстарға қатысты алғашқы талдаулар
жасалды. Одан кейінгі кезеңде І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, Ə.Жүнісбек, Б.Тайлақбаев,
С.Омарбеков, А.Қошқаров, М.Райымбекова, С.Мырзабеков, Ə.Бəйімбетова, С.Оразалин,
В.А.Шнайдер, Б.Баймұханов, Ж.А.Исаева, А.Молдашева т.б. зерттеулерінде жан-жақты
қарастырылды.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың саны Н. Ильминскийден бастап кешегі
40-жылдарға дейін көбіне 19 делініп келді. Кей текстер мен сөздіктерде қ, ғ мен к, г арқылы
берілетін жайлары да кездеседі. Сондай -ақ, й, у (кейде р, л) дыбыстарын кезінде А.
Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы жəне баскалар жарты дауысты түрінде танығаны
белгілі.


50-жылдардан бері казақ тілі оқулықтарының бэрінде бір ауыздан 25 дауыссыз аталып,
əбден бауыр басып, үйренісіп кеттік. Жоғарыда Ə.Жүніспеков көрсеткен в, ф, х, ц, ч
дыбыстары негізінен орыс сөздерімен бірге енгені анык. Фонетиканың бас оқулығында
акад. I. Кеңесбаев: «Орыс графикасы негізінде қазак эдебиет тіліне в, ф, ч, х тэрізді
фонемалар енді, деп алады да, былай жалғастырады: « Екі тілде (казакша, орысша)
сөйлейтін қазактар в, ф фонемаларын ешбір мүдірмей айта алады. Бұлар ана тілі
дыбыстары есебінде қолданылып та жүр. Ал х фонемасын казактың осы күнгі əдеби
тілінде сіңіп кеткен деуге болады».
Қазак тіліндегі қ түбірде дауыстылар коршауында тұрып, осы х-ға жуык (ахьін, жахын,
ыхылас, Ахан, ахыл, Жахан счяқты) дыбысталатынын жокка шығаруга болмайды. Ал ч
дыбысының диалектілерде (сөз басында челек, чапан, чал түрінде) кездесетіні анық.
Сонымен қатар эдеби тілімізде де тш, тж тіркестерін тч түрде дыбысталады. Мысалы: ит
жылы, ат шаптырым. Сондай-ақ атса, атсыз, етсіз, кетсе сияқты сөздегі тс дыбыстар
тіркесі тц-га жуык айтылады.
Қазак əдебиетіндегі байырғы дауыссыздардың таңбалары тек жуан айтылады: бы, гы, ды,
жы, зы, ый, қы, ыл, мы, ны, ың, пы, ыр, сы, ты, үу, шы.
Дауыссыздардың ішінде үнемі жіңішке айтылатын к, г дыбыстары зерттеушіледің назарын
эр кез өзіне аударып отырған.
Қазақ арасында болып, олардың айтуын аңдаған П. Мелиоранский бұл (қ, г, к, г) төртеуінің
анык естілетінін айтады. А. Байтұрсынұлы алғашқы «Тіл кұралында: «Қ һəм ғ дыбыстары
һеш уакытта жіңішкермейді. К һэм г ыбыстары һеш уақытта жуандамайды, яғни жуан
айтылмайды. Сондықтан бұл дыбыстар тоң дыбыстар деп аталады», — деп көрсетеді.
Халел Досмұханбетұлы: «Дұрысында қ мен ғ дыбысының жіңішке түрін қ, г қылып
таңбалау керек еді. К мен г карыптерін тастау керек едің деуін десе де, жазу тұрғысынан
карап, к мен г əріптерін қолдана беру керек»,- деп табады.
Оган керісінше, қ мен к - катаң бір (к) фонема, ғ мен г - ұяң бір (г) фонема деген пікірді 20
жылдай дəлелдеп, айтып келген. Ə. Жүнісбеков казақ тілінде 17 дауыссыз фонема бар
деген тұжырымга келді. Мұны мойындайтын болсак, біз де кыргыздар сияқты: қазақ, кіргіз,
карга, кыз, жылқы, тагдыр деп жазып, қазақ, қыргыз, қарга, қыз, жылқы деп айтатын
боламыз.
2. Буынның түрлері
Шартты белгілер.
- дауысты дыбыс, лат А таңбаланады.
/ дауыссыз дыбыс, лат В таңбаланады.
Дауысты дыбыстың орнына қарай буын үш түрлі топқа бөлінеді:
1. Ашық буын – жалаң дауысты дыбыстан немесе дауыссыз дыбыстан басталып,
дауыстыға аяқталатын буынның түрі. Мысалы: қа – ла, ə - ке [ВА-ВА, А-ВА].
2. Тұйық буын - дауыстыдан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буынды атаймыз.
Мысалы: от, ез, ат, [АВ, АВ, АВ] айт, ант, өрт, [АВВ, АВВ, АВВ].
3. Бітеу буын – дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссызға аяқталатын буынның түрі.
Мысалы: қант, бас – бар – мақ, мек – теп
[ВАВВ], [ВАВ], [ВАВ], [ВАВ], [ВАВ-ВАВ].
Буын кейде өзгеріске ұшырап, орнын өзгертіп отырады, мұны тілімізде буын алмасуы деп
атайды. Жалпы ғалымдардың пікірінше, буында мағына болмайды. Бірақ, қазақ тілінде
көптеген түркі тілдері сияқты бір буынды мағына беретін сөздер өте көп кездеседі. Мұны
ғалымдар кездейсоқтық деп таниды.
Буын алмасуы


Сөзге қосымша жалғанғанда немесе сөз арасында екі дауысты дыбыс қатар келгенде
буын ішінде өзгеріс пайда болады.
1. Екі дауысты дыбыс қатар келіп, бірі түсіріліп, буын санының кемуін, буынның ығысуы
деп атаймыз. Мысалы: қара – ала, қа – ра – ла [ВА- ВА-А-ВА] = сары ала са – ра – ла = қа
– ра – ла, сары - ағаш са – ра – ғаш [ВА- ВА-ВА].
Жаңа өзен жа – ңа ө - зен [ВА- ВА А-ВАВ] жа- ңа
2. Сөзге қосымша жалғаннан жағдай буынның соңғы дыбысының келесі буынға ауытқуын
буынның жылысуы деп атаймыз. Мысалы:
қайт: қайт+у, қай – ту
Ескерту: сөз басында жалаң дауысты дыбыстың ашық буын құрауы жəне оның ешқашан
өзгеріске түспеуі заңды құбылыс жəне буынның соңы дауыссыз дыбысқа аяқталады,
қосымша дауыссыздан басталып, жалғанса, буын ішінде өзгеріс болмайды.
Буынның құрамы
Екі буынды сөздер тілімізде өте мол, олар түбір сөздер, буынды сөздер, біріккен жəне
қосарланған сөздер болып келе береді. Мысалы: халық, садақ, тағам, бала, мүлік. Туынды
сөз мысалы: жаушы, егін, өнім, орақ, күрек, отын, əнші.
Біріккен сөздер: қолғап, белбеу, Ербол, Ақжол, аққу, Айнұр, Айгүл, Ботакөз.
Қосарланған сөздер: тез – тез, баж – бұж, тарс – тұрс, қос – қос, сарт –


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет