Ғылымда сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы туралы деректер көп емес. Бәлкім, көшім-қонымы көп тұрмыс салтына лайықты тұрғын жайдың тігіліп-жығылатын үлгісі-киіз үй сол кезде-ақ шыққан болуы ықтимал.
Сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылығының екі жарқын көріністері арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Оның басты компоненті б.з.б. 6-4 ғасырларда қалыптасып Аң стилі қалыптасты
Сақтардың келбеті
Ерте темір дәуірінде Қазақстан аумағында (сақтардың) еуропоидті нәсілдер мекендеген.
Солтүстік және Шығыс Қазақстан жеріндегі сақтарда моңғолоидтық белгілер басым болды.
Үйсіндер (б.з.б. ІІІ ғ б.з.-дың V ғ.)
Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін ұйсін тайпалары мекендеген.
Үйсіндер атауы қытай жазбаларында б.з.б. 2ғ бастап кездеседі.
Қытай жазбаларында үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді.
Үйсіндердің астанасы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасқан Қызыл Аңғар( Чигучен немесе Чигу) қаласы.
Үйсіндердің қоғамдық құрылысы
Үйсін билеушілерінің лауазымы:Гуньмо
Үйсін гуньмосына бағынған тайпа көсемдері: Бек
Үйсін қоғамында дәулетті адамдардың киімдері көбінесе тігілген:жібектен
Бай үйсіндердің жылқыларының саны:4-5 мың
Үйсіндердің басшысы күнби(гуньмо) жасағының саны:30 мың
Үйсіндер халқы: 630 мың
Әскері: 188880 Жауынгер
Үйсіндерде соғыс кезінде тұтқынға түскен адамдар құлға айналып, үй шаруашылығында пайдаланылады.
Билеушілер мен ауқатты адамдар, әскербасылар алтын және сым мөрлер қолданды
Шаруашылығы мен тұрмысы:
Шаруашылығы мен тұрмысы:
Ертедегі деректерде үйсіндер “ағаш егіп, қалалар мен елді мекендер салған” - деп жазылған. Суармалы егістіктер, суландыру жүйесі, бау-бақшалар үйсіндердің астанасы Чигу қаласының маңында орналасқан.
Үйсіндердің тұрақты үйлері тау бөктерлеріне салынды. Қысқы үйлері шикі кірпіштен және тақтатастан қаланған. Үйдің едені балшықпен сыланып, үйді жылытатын жер ошақ ортаға салынды. Үйсін әйелдері саз балшықтан ыдыстар жасаған. Үйсіндерде тері өңдеу кәсібі жақсы дамыған.