Жеті жас дағдарысы Мектеп жасындағы бала, барлық жас кезеңдері сияқты, психикалық дамуында дағдарысқа немесе күрт өзгерістерге ұшырап отыратындығы ғылыми әдебиеттерде баяндаған.
Мұндай өзгеріс баланың жеті жастағы дағдарысы деп те аталады. Осы кезде баланың ақьл-ойының өсуіне орай қауырт өзгерістерге ұшырап, тәрбиесі жөнінен де бұрынғы уакытқа қарағанда неғұрлым қиындай түсетіні айқын байқалады. Бұл кезеңде оны енді мектеп жасына дейінгі бала деп те, оқушы деп те атау қиын. Өйткені, ол өтпелі кезеңді басынан кешіреді.
Соңғы уақытта бұл жасқа арналған бірқатар зерттеулер жарық көрді. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда жеті жастағы бала енді бұрынғы нағыз балалық ерекшеліктерінен айырылады. Алайда оның қимыл-қозғалыстары мен ішкі жан дүнесі сол балдырғандығын көрсетеді. Бұл кезенде бала алдына мақсат қойып, оны өздігінен аңғара білуі, тілегіне жетіп, оны жүзеге асыруы толық жетілмеген.
Мектеп жасына дейінгі баланын дағдарысқа ұшырау жағдайы оның аңғырттығы мен бірбеткейлігінін күрт өзгеретіндігін қарапайым бақылау арқылы көзге түседі. Бірақ оның мінез-құлқы мен өзінің маңындағы адамдармен қарым-қатынастарынан анық байқала қоймайды.
Жеті жастағы баланың бойы тез өсіп, едәуір өзгерістер болады. Бұл кезенде баланың тісі түсіп, оның орынына жаңа тістер шығады. Жеті жастағы баланың кезеңі үш жастағы кезеңнен әлдеқайда күрделі сипатта болады.
Жеті жастағы баланың басынан өтетін дағдарыстың негізінен екі түрлі ерекшелігін қарастырып көрейік. Бала айтқанға көнбей қырсығады. Жүріс-тұрысы өзгереді. Мінезінде ойланбай істейтін жасанды қылықтар пайда болады, ұшқалақ, қылжақбас күлдіргі қылықтары пайда болып, ол өзін сайқымазақ ретінде көрсетеді. Мұндай қылықтар баланың жеті жасқа дейінгі кезеңі болғанымен, оның төңірегінде оған жете мен бермейді. Мұнда қылжақтау әрекетінің пайда болуы нендей себептерге байланысты? Бала мұндай келеңсіз қылжақбас бейнелерді әсіресс өзінің сыртқы тұрпатына, өзгелердің жүріс-тұрысына қарап еліктеп істейді. Мысалы, біреудің дауысы дірілдеп шығатын болса, соның сөйлеу ырғағьна қарап, бала өз дауысын да дірілдетіп шығаратын болады. Сондықтан баланың орынсыз сөз айтып, қалжыңдаса, оған ешкім де таңданбайды. Өйткені мұңдай мінез көріністері жеті жасар балаларға тән ерекшелік екендігі оның дамуындағы заңды құбылыса тән мінез және онын ұяндықтан ажырап, өзіндік ерекшеліктерін сыртқа шығару белгілері болып саналады.
Жеті жастағы баланын дағдарысының ең басты көрініс- оның жеке басының ішкі және сыртқы дүниесіндегі елеулі өзгерістерге ұшырау себептерімен байланысты.
Баланың мінезіндегі дағдарысқа ұшырау себептерін оның бойындағы ішкі және сыртқы сапалы өзгерістердің пайда болуымен ұштастыру қажет. Өйткені баланың бойында жаңадан өзіндік мінез көріністері пайда болып, мұндай ерекшеліктер былайғы адамдарға күлкілі болып көрінеді. Осы орайда бала мінезіндегі өзгерістердің зандылық екендігін атақты актер Ч.Чап-лин орындаған рольден айқын көруге болады. Ол ересек адам-дардың ролін ойнағанда өзін ерекше балалың аңғыртгықпен, балалық мінезбен көрсетеді. Оның күлдіргі әрекетгерінің сыры да, басты шарты да осында.
Бала бойындағы аңғалдық мінездік жоғалуы онын есі кіріп, ақыл-ойнның сапалық деңгейге көтеріле бастауы деген сөз. Мұндай мінез баланың бойына сыналай еніп, оның аңғырт және өзіндік іс-әрекетінде елеулі өзгерістер тудырады. Сонымен жеті жастағы дағдарыстың өзіндік сипатымен қатар, баланың әр алуан әрекеттерінің ықпалынан ақылы кіріп, сыртқы болмыстың мән-жайын түсіне білуге бағдарлап отырады.
Қазіргі заманғы жеке адамның психологиясы мен психопатологиясындағы күрделі мәселелердің бірі — әрбір нәреснің мән-жайына түсіне білу деп санар едік. Бұл мәселенің мазмұньн ашып көрсету үшін нәрселердің сыртқы әсерін қабылдаумен ұштастыра отырып қарастырған түснікті болатын сияқты. Адамның сыртқы әсерлерді қабылдауындағы елеулі ерекшелік — оның түсінікті болуы, затты тікелей қабылдауы.
Қабылдайтын әсерлер комплексті түрде ішкі әсерлермен бір мезгілде ұштасып жатады. Мысалы, мен бірден сағатты көремін. Адамның сыртқы әсерді қабылдауын миы зақымданған ауру қабылдауымен салыстыру керек. Оңдай ауру адамға сағатты көрсетсеңіз, оны танығанымен не үшін қажет екенін білмейді. Ол сағатга көргенімен оның қандай зат екенін айыра алмайды. Егер сіз сағатты сырқттың көзінше бұрап немесе оның жүретінене көз жеткізу үшін құлағыңызға тақап тыңдасаңыз, немесе уақытты білу үшін оған қарасаңыз ауру адам бұл сағат болу керек дейді. Ол көрген затты сағат деп пайымдайды, Ал біз үшін сағаттың уақыт өлшеуші құрал екендігі санамызда мықты ұялайды, Сонымен, қабылдау көрнекі ойлаудан ажыратылмайтын қасиет сияқты. Көрнекі ойлау процесі затты түсінумен қатар. сүреді. Егер мен мына зат сағат десем, содан кейін бұған ешқандай ұксамай мұнарадағы әлде бір сағатты көріп, оны да ағат деп атасам, онда мен бұл затты белгілі бір заттар тобына қататын нәрсе деп ұғынамын. Қысқасын айтқанда, әрбір нәрсенің бейнесін қабылдауда жинақтау сипаты болады. Сонымен бірге, қабылдау процесінің біздін танымымыз бойынша, оның үнемі мағыналық сипатга болып отыратындығына көзіміз жетеді. Осы орайда қабылдаудың өзіндік талғамалы болатындығын да атау керек. Мысалы, мен сағатты оның жанында жатқан заттар құрылымында ғана емес, сол сағаттың өзін жеке зат ретінде қабылдап білемін.
Адамның мағыналық қабылдауын шахмат ойынымен салыстырып қарауға болады. Бала шахмат тақтасындағы түрлі фигуралардың түр -түсіне қарап, онымен ойнай білмесе де, әрбір астың түсіне қарап таңдай бастайды, бірақ олардың жүріс ретін, құрылымын анықтай алмайды. Ал шахмат ойнауды үйренген бала өзгеше әрехет жасайды. Бала үшін қара ат пен ақ пешка бір-бірімен байланыспайтын сияқты болады, ал заттың жүрісін білетін екінші бала аттың қолайсыз жүрісі оның пешкасына қауіп төндіретінін түсінеді. Ол үшін ат пен пешка — біртұтас ұғым. Жақсы ойынша ойын білмейтін балаға қарағанда шахмат тақтасындағы фигураларға олардың орналасу жағдайына қарай тайымдауының өзгеше құрылымда екендігін түсіне білуі. Қабылдаудың жеке бөлшектерінің біртұтас көрнекі тұлға ретінде әсерленуі. Шахмат тақтасындағы тастардың орналасу жағдайына орай олардың ерекшеліктерін түрліше қабылдауы.
Біз қоршаған әлемді шахматшының шахмат тақтасы тұтас түріндегі әсеріндей қабылдаймыз. Біз заттардың көршілес немесе бөлек-бөлек тұрған жағдайын ғана емес, сонымен бірге барлық түйсіктер байланысты түрде белгілі қатынаста деп қабылдаймыз.
Дыбысты тілде тек атаулар ғана емес, сонымен бірге заттарды мағынасы да бар. Сәби заттардын мағынасынан көрі өзі ме басқалардың әрекеттерін, ішкі көңіл-күйін де («Менін ұйқы келді», «Тамақ ішкім келді», «Мен тоқып тұрмын») сөз аркылы өте ерте білдіре бастайды. Тілдің қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланьш, көңіл-күйін де сөздермен атауға, оларды өзар байланыстыра алуды үйренеді. Сөздермен байланыс жасау қара пайым құрама ғана емес; ол әрқашан да жиынтық түсінікті біл діреді. Кез келген сөз затгың бірлігін білдіре бермейді. Егер қазір суық болып тұр десек, ал бір күннен кейін, тағы да солай десе суықты жекелей сезінудің өзі жинақтау әрекеті болып шығады Сөйтіп ішкі көңіл-күйін білдіретін процесс жалпылық мағынаға ие болады.
Сәби бөлме ішіндегі заттарды: орындықтарды, столды жеке-жеке қабылдай алмайды, оңың ересектерден айырмашылығы сол заттардың бәрін тұтас түрінде қабылдайды. Ал ересектер көз алдындағы заттардың бәрін даралап көреді жән солай қабылдайды. Жас сәби өзіне дағдылы өмір әсерін қалай қабылдайды? Ол қуанады, ренжиді, бірақ өз қуанышының мәнін ұғына алмайды. Қарны ашып тұрса да, оған түсіне алмайды Аштықты сезінуді және «мен ашпын» дегенді түсіну арасында үлкен айырмашылық бар. Жас сәби өз басындағы күйін аңғарып біле алмайды.
Жеті жасар баланың өз көңіл-күйін біліп, «мен қуаңдым» «мен ренжідім», «мен ашулымын», «мен көңілдімін», «менің ызам келіп тұр» деген жайттардың мәнісін түсіне бастайды, яғни ол өзінің күй-жайын бағдарлай алады. Ал үш жастағы сәбидің басқа адамдарға қатынасын аңғаруы сияқты, жеті жастағы бала өзінің әсерлену сезімін ұғына алады. Соның нәтижесінде жеті жасар баланың бойындағы дағдарысын сипаттайтын кейбір ерекшеліктер көріне бастайды.
1. Өмір тәжірибесінің әсерінен бала басынан кешірген нәрселердің мәнін түсініп, оларды жинақтап түсіну мүмкіндігі қалыптасады. Әрбір жаңа жүріс сайын тастар арасындағы жаңа байланыстардың пайда болатыны сияқты, баланың тіршілігі әрекетінде белгілі пайым, тұтас ұғым жасалады. Осыдан келіп жеті жастағы баланың танымдық әрекеті жаңа сипатқа ие болады.
2. Жеті жастағы баланың дағдарыс кезеңінде сыртқы әсерлер жиынтығын жалпылап, басынан кешірген сезім күйлерін даму жағдайын түсінерлік дәрежеге жетеді. Сәтсіздікке ұшыраса оған реніш білдіріп, өзге балалардың ұнамсыз қылықтарын жақтырмай сырт айналады. Кемтарлардың жүріс-тұрысысына күледі. Өз басынан кешірген сәтсіздіктеріне реніш біддіреді. Ал арадан көп уақыт өтпей-ақ, ашық-жарқын бола қалады. Алайда ол көптеген сәтсіздіктерді қорытып, оған жалпы сипат беруге ойы жетпейді. Мектеп жасындағы бала өз сезімі мен басынан өткен жайттарды жинақтай бастайды. Басынан кешірген ашу-ызалары тұтасып, оның ренішті жағдайлар жайындағы түсінігі қалыптасады. Алайда ондай сезім күйлерінің бәрі дара уақиға сипатында болып қала береді. Мектеп жасына дейінгі балада өзін-өзі бақылау, намыстану сезімдері қалыптаспаған. Мұның бәрі бала өсе келе өз бойындағы ерекшеліктерін әр алуан жағдайларды басынан кешіру арқылы сезіне алатын болады. Жеті жастағы баланың дағдарысы осы өз басынан өткен оқиғалар мен мінез-құлықтарының мәнін түсіне алмау себептерінен туындап отыратындығын атап көрсетуді қажет етеді.
Мектеп жасына дейінгілердің өзімшілдігі басым. Бірақ ол өзінің мүмкіндігін жеке басының қасиеттерін бағалай білуінен алшақ жатады. Осыдан келіп жеті жасқа қарай баланың бойында бірқатар күрделі құрылымдар пайда болады. Алайда мұндай өзгерістер мектеп жасына дейінгі қиындықтардан түбегейлі түрде ерекше сипатта болады.
Баланың бойында пайда болған жана құрылымдар нәтижесіңде оның бұрынғы қисық-қыңыр, қылжақбас қылықтары біртіндеп жойыла бастайды; Жеті жастағы дағдарыс кезіңде балада ішкі және сыртқы өзгерістердің пайда болуы арасында оның тұңғыш маңызды түсіну ерекшеліктері қалыптасып, енді тіршілік бейнесі туралы ниеттерінің ішкі күресі де пайда болады. Конфеттің тәттісін алу керек пе, әлде оның байқалғанымен белгілі тұжырымға тоқтау қабілеті әлі де тұрақты сипат ала қоймайды. Сондықтан олар әсерлердің қарама-қайшылығын іріктеуінде солқылдақтық көрсетеді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде кездесе қоймайтын тәрбиесі қиын деп аталатын балалар да кездеседі. Бұл кезеңде бала өз басын бағалау маңындағыларымен қарым-қатынаста қандай орын алатынын ол әлі де пайымдай алмайды. Соның салдарынан ол өзінің Ішкі қайшылықтарының мән-мағынасын түсіне алмайды. Ал жеті жастағы баланың дағдарыс кезінде мектеп жасына дейінгі ерекшеліктерінен ажырап, дамудың жаңа кезеңіне қарай аяқ басады. Өтпелі кездегі мұндай ерекшеліктер енді баланың бойыңда жаңа сапалардың пайда болуына қолайлы жағдай тудырып, оның дамуын жаңа күрделі сатыға көтереді.
Баланың даму ерекшеліктерін зерттей отырып, енді ол жайыңда ғылымға жаңаша түсінік ендіруге тура келеді. Мұңдай талап баланың әлеуметтік ортаға деген қатынасын жете зерттеп, оның мәнін неғұрлым тереңірек аша тусуді қажет етеді. Бұл қажеттілік әсер ететін жайттарды ұштастыра отырып, зерттеу деген сәз. Алайда, өмір тәжірибесінде бұл факторларды алдымен даралап қарастырып, содан кейін оларды бірінен сон бірін байланысты деп қарастыру етек жайып келгенді.
Балалық шақтың қиын кезеңдерін зерттегенде мәселенің түпкі мәнін құрайтын не? Басты роль неде? Баланың бітімі ме, әлді ортаның жағдайы ма? Генетикалык сипатын психологиялық жағдайы ма, әлде дамудың ішкі шарты ма? деген мәселелердің мәнін анықтап алуды қажет етеді. Шынында баланың дағдарыс кезеңінің тіршілік ортасына деген ішкі қатынасын мынадай екі түрлі жағдаймен ашып көрсетуді мақсат етеді.
Ортаны практикалық және теориялық жағынан зерттеген кездегі бірінші басты кемшілік — бұл біз ортаны оның абсолютті көрсеткіштері бойынша зерттейміз. Қиын жағдайды іс жүзінде зертгеумен айналысатындар мұны жақсы біледі. Сізге баланың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерттеген мәліметтерді ұсынып, онда тұрған алаңның көлемі, төсек-орыны, суға неше рет шомылатыны, төсек-орнын ауыстырып отыруы, үй-ішідегілердің білім дәрежесі, мәдени деңгейі және т.б. анықталады. Зерттеу әрдайым біркелкі болады да баланың өзіне, оның жас ерекшелігіне көңіл бөлінбейді. Сөйтіп баланың тіршілік ортасы жайында абсолютті көрсеткіштерімен бағалап, бала дамуындағы оның әлеуметгік жағдайын білдік деп есептейміз. Кейбір совет ғалымдары мұндай абсолюттік көрсеткіштерді зерттеу принципіне айналдырады. А.Б.Залкинд редакциясымен шыққан оқулықта баланың әлеуметтік ортасы оның бүкіл даму барысында негізінен өзгеріссіз қалады дегең тұжырымына кез боламыз. Егер ортаның абсолюттік көрсеткіштерін алатын болсақ, онда кейбір тұста мұндай пікірмен келісуге болады. Дегенмен іс жүзінде теориялық жағынан да, практикалық тұрғыдан да мұндай тұжырым мүлдем жалған болып шығады. Ал баланың тіршілік ортасы жануар тіршілігімен салыстырып қарағанда елеулі айырмашылығы баланың әлеуметтік ортада өмір сүруі, ол сол ортаның бір бөлшегі. Бала үшін әлеуметтік орта сырт емес. Егер бала әлеуметтік тіршілік иесі болса және оның ортасы әлеуметтік орта болып есептелсе, онда осыдан баланың өзі де осы әлеуметтік ортаның бір бөлшегі деген қорытынды шығады. Осыдан келіп ортаны зерттеген кезде елеулі бетбұрыс жасалуға тиіс — бұл ретте оның абсолюттік көрсеткіштерінен салыстырмалы көрсеткіштеріне көшу керек — баланың тіршілік ортасын зерттеу қажет. Мәселен, сәби бір жасқа дейін сөйлемейді дейік. Оның тілі шыққаннан кейін де оның жақын адамдарының тілдік ортасы өзгеріссіз қалады. Бір жасқа дейін де, бір жастан кейін де қоршаған адамдардың тіл мәдениеті абсолюттік көрсеткіштері бойыңша ешқандай өзгерген жоқ. Алайда сәби алғашқы сөздерді түсіне бастаған минуттан оның әлеуметтік ортамен тілдің қатынасы қалыптаса бастайды. Бала тілінің шығуы оның психикалық дамуына күшті ықпал етеді.
Сәбидің кез келген алға ұмтылу қадамы оған деген орта әсерін өзгертеді. Даму тұрғысынан алғанда орта сәбидің бір жастан екі жасқа өткен кезінен бастап сапалы сипатта болады. Осыдан келіп баланың әлеуметтік ортаны сезінуі оның танымында елеулі өзгерістер тудырады. Әлеуметтік ортаның баланың даму деңгейіне күшті ықпал ететіндігі бір жаста, 3, 7 және 12 жастағы балаларда түрліше болатындығын көрсетеді. Ортаның бала дамуына ықпалы үнемі өзгермелі болады. Ал бала мен орта арасындағы қатынасты жалаң түсініп, оларды даралап жеке-жеке қарастыруға болмайды. Осы орайда методологиялық маңызды мәселелердің бірі — зерттеу нәтижелерін нақтылы тәжірибелермен ұштасты түрде қарап, одан теориялық қорытынды жасау. Сондай-ақ баланың дамуында психикасы мен денесінің, сөйлеуі мен ойлауының ерекшеліктерін біртұтас мәселе ретінде іздестіріп, олардың бірлігі мен даралық ерекшеліктерінің сыр-сипатын айқындап отыруды талап етеді. Мұндай әрқилы жайттарды зерттегенде олардың даралық қасиеттері мен бірлік негізін ашып көрсету болып табылады. Мысалы, сөйлеу мен ойлаудың қатынасын зерттей отырып, олардың әрқайсысына тән мәнді белгілерін ашып беру керек болады. Мұндай мақсаттың мәнін түсіну үшін әрбір сөз жалпылық сипатта болып, ол баланың алыл-ойының жемісі екендігін білдіреді. Сонымен сөздің мәні ойлау мен сөйлеудің бірлігін білдіретін қасиет. Олар өзара тығыз байланысты.
Баланың жеке басы мен ортаны зерттеу бірлікте қарастырылып, мұндай жағдайда патопсихология мен психологияда тіршілік әсерінің бастапқы түсінігі (единицасы) деп атауға болады. Баланың. іштей сыртқы ортаға қатынасын білдіруді біз оның әсерленуі деп санасақ, онда бала өзі көріп білген нәрселері жайында оған қатынасын, басынан кешірген күй-жайын аңғарған болар едік. Мұны баланың белгілі бір нәрсеге іштей қатынасы деп түсіну керек болады. Кез келген нәрсеге әсерлену баланың танымын дамытады. Мұндай таным түйсіну, қабылдау, елес, қиял, зейін қою т.б. Кез келген нәрсеге зейін аударьш, оған әсерленудің өзі баланың танымдык әрекетін дамытады. Таным әрекеттері бала дамуындағы психолоиялық күрделі процестер екенін білеміз және мұндай, процестердің бәрі сананың қызметі болып саналады.
Әссрленудің өзі биологиялық және әлеуметгік бағдардарды білдіретін адам мен тіршілік арасындағы кұбылыс деуімізге болады. Баланың дамуыңда әсерленудің атқаратын қызметі ерекше. Өйткені бала басынан кешірген оқиғаларға әсерленіп, олардың мазмұн-мәнісін түсіне алады. Әсерлену әрекеті қиындығымен балалық шақ үшін аса маңызды. Бір семьяда өскен балалардың психикалық дамуы түрліше болатындығын жиі кездестіреміз. Өйткені белгілі бір жағдаңда балалардың әсерленуі түрліше болатындығын көрсетеді. Әсер еткен орта баланың дамуына күшті ықпал етеді. Сондықтан әсер етуші орта мен оған адамның әсерленіп, оларды басынан кешіруде жан дүниесіне ыкпал етіп, түрлі әрекеттер жасауға, көптегеи’ нәрселердің сырын білуге жетелейді.
Егер біздер кейбір жалпы жағдайларға жүгінетін болсақ, онда баланың даму денгейі сол әсерлену сипатына қарай бейімделіп отыратындығын байқаймыз. Бала әлеуметтік ортада өмір сүретін болғандықтан, оның сыртқы нәрселер мен кұбылыстарға әсерленуі өзіндік әрекеттері мен танымын дамынудағы қуатты фактор болып саналады. Сондықтан баланың дамуын зерттеу үшін оның жан дүниесінің сырына терең үңілу керек.
Дағдарыс кезіндегі қиын балалардың даму сипатын анықтау үшін олардың сыртқы жағдайларға әсерленуін мүмкіндігінше терең зертгеп, олардан тиісті қорытындылар шығарып отыруды қажет етеді.
Дағдарыс жасын мұқият зерттеу арқылы баланың негізгі әсерлерінін ауыспалы болуы осы кезеңде өтетінін көрсетеді. Дағдарыс ең алдымен баланың бойындағы күрт өзгеріс екенін байқатады. Мұндай орта үш жастағы бала үшін өзгермейді. Баланың дағдарьіс кезеңдерін бақылап жүрген зерттеушілер бұрын өзін жақсы ұстап тіл алғыш және ерке болған сәби аяқ астынан кінәмшіл, ашулы, тілазар болып шыға келеді дейді.
Дағдарықтың ішісі сипатын іздестірген шетелдік зерттеушілердің басым көпшілігі дағдарыстың ішкі сипатын биологиялық факторлармен түсіндіреді. 13 жастағы бала дағдарысын түсіндіруде кең тараған теориялардың бірі — жыныстық жетілуге байланысты. Олардың айтуынша жыныстық жағынан баланың жетілуі мінез-құлкының күрт өзгеріуіне күшті ықпал етіп, оның өзімшілдік көзқарасының пайда болуына себепші болады дейді.
А.Буземан сияқты авторлар баланың дағдарысқа ұшырауын әлеуметтік ортаның ықпалы деп көрсеткісі келеді. Сол авторлар баланың дағдарысы түрліше ағысты бастан кешіреді деп дұрыс атайды. Бірақ Буземан бала дағдарысының таза экзогендік себептерден туындайтын ерекшелік деп емес, әртүрлі тір-шілік ортасынын өзгеріс көріністері деп санайды. Буржуазияшыл зертгеушілердің бала дағдарысы жайындағы тұжырымы шындыққа сай келе бермейді. Өйткені олардың зертеу аясы тар, олар баланы тек буржуазиялық. семья жағдайында зерттеп, тәрбиенің белгілі бір түрімен ғана шектеледі. Дағдарыс кезеңі тәрбиенің сипатына орай түрліше жағдайда өтетінін тәжірибелер дәлелдеп отыр. Семьядан бірден балабақшаға келетін балаға қарағанда яслиден балабақшаға келетін баланың дағдарысы мүлдем өзгеше сипатта болады. Баланың дамуында дағдарысқа ұшырау үнемі болып отыратын құбылыс. 3 жас пен 7 жас баланың дамуында елеулі өзгерістерге ұшырау кезеңдері, Осы кезеңде бала психикасының дамуында айтарлықтай жаңа сапалар пайда болып, олар келесі сатыға өту кезеңінде елеулі қиыншылықтарды басынан кешіреді. Соның салдарынан белгілі жас кезеңнің ерекшеліктері сапалык өзгерістерге ұшырап, алдағы жас кезеңіне тән қасиеттердің жасалуына бейімделеді.
Баланың бойындағы ерекшеліктер 3-6 ай ішіндегі адам танымастай жаңа өзгерістерге ұшырап, оның ішкі дүниесіндегі елеулі құрылымдар пайда болады. Ал, баланың дағдарысқа ұшырау белгілері елеусіз болып қала береді. Осы орайда оның психологиялық өзгерістерге ұшырауы сыртқы орта мен маңындағы жағдайларға тәуелсіз екеңдігін аңғартады. Яслиден бала-бақшаға ауысқан баланың қылығындағы өзгерістер бізді таңдандырады. Осы орайда біздер сәби бойындағы елеулі өзгерістерді байқап көріп, сыртқы ортаның әсерінен гөрі оның ішкі жан дүниесінің елеулі өзгерістердің неғұрлым шапшаң қарқынмен дамығанына көз жеткіземіз, Сондықтан баланың ішкі өзгерістері әрқашан да оның өмірінде елеулі із қалдырып отырады.
Менін ойымша дағдарыстар баланың ішкі өзгерістеріне байланысты болып отыратын ерекшеліктер. Бұл бағытта ішкі және сыртқы сипаттар арасында нақты сәйкестік жоқ сияқты. Сәби дағдарысқа ұшарайды. Онда қандай елеулі өзгерістер болады? Бала не себептен қысқа мерзім ішінде осындай өзгерістерге ұшырады?
Дағдарыс жасы туралы буржуазиялық теорияға қарсы болудың да қажеті жоқ сияқты. Өйткені баланың даму процесін түйіні мол шырмаулы мәселе екен деп санау да артық. Бұл жерде дамуды тек ішкі табиғи процесс деп түсіну де дұрыс емес. Жалпы алғанда ішкі дамуды биологиялык даму деп санасак, онда бүл ішкі секреция бездерінің өзгеруі болып шығады. Міне осы заңдылыққа сәйкес дағдарыс жасын мен ішкі даму жасы деп атамаған болар едім. Алайда, мен ішкі даму процесін баланың жеке басы мен ортаның бірлігі нәтижесінде оның дамуына ықпал етуші жағдайлар деп тұжырым жасар едім. Өйткені бала дамуындағы бұрынғы сапалар мен оның жасы өскен сайын жаңа қадамдар жасауына тірек болып, елеулі өзгерістерге ұшырап отыратындығын көрсетеді. Егер дамудың ішкі процесін дұрыс түсініп, оның себептерін анықтайтындай деңгейге көтерілсе, онда баланың дағдарысқа ұшырауы туралы теорияларға қарсы болудың да қажеті бола қоймайды.
Мен баланың дамуына әсер етіп отыратын ортаның ықпалын қозғаушы күш деп санайтын болсам, онда ортаның әртүрлі жас кезеңдерінде дағдарысқа ұшырау себептері оның ішкі дүниесінің өсіп-жетілуіне сәйкес жаңа сапалардың жасалуы деп санаймын. Өйткені баланың жасына қарай тіршілік ортасына әсерленуі түрлі сипатта болады. Бұл шындықты бекерлеуге біздің ешқандай құқымыз жоқ. Бала дамуында жаңа сапаларды игеріп, сатымен жоғары өрлеген сияқты болып отырады.
Баланың қажеттілігі мен ниеттіліктерінің өсіп, олардың жасы өскен сайын түрлі мазмұн-сапаларды игеруі жалпы психикалық дамудың қайта құрылып, тіршілік жағдайына лайықты өзгеріл отыруы деп түсінген дұрыс. Баланың дамуы оның іс-әрекетіне орай жаңа сапаларға ие болады, егер сананы баланың өз ортасына қатынасы десек, соған орай оның санасы да жақа мазмұнға ие бола бермек.