Дєріс тезистері


-тақырып. Дене тәрбиесі процесінде үйрету, тәрбиелеу, дамыту



Pdf көрінісі
бет103/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   294
9-тақырыпДене тәрбиесі процесінде үйрету, тәрбиелеу, дамыту  
 
1.Қимыл-қозғалыстарға үйретуге дидактикалық принциптерді қолданудың 
ерекшеліктері 
2.Әдістер мен тәсілдерге сипаттама 
3.Әдістердің жіктелуі (кӛрнекілік, сӛйлесу, практикалық, жарыстық
проблемалық, оқыту және тәрбие әдістері) 


 
121 
4. «Оқыту», «тәрбиелеу», «дамыту» ұғымдары және олардың бірлігі 
5.Жалпы педагогикалық принциптер 
6.Оқыту әдістері және тәсілдері 
7.Әдістердің жіктелуі 
Қимыл-қозғалыстарға үйретуге дидактикалық принциптерді қолданудың 
ерекшеліктері.  Қимыл-қозғалыстарға  үйретудің  дидактикалық  (оқыту) 
қағидаларының 
(принциптерінің) 
мазмұнын 
білу 
оқытушыға 
дене 
жаттығуларын үйрету процесінің заңдылықтарын кӛрсететін талаптарға сәйкес 
оқытуды  ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді.  Біріншіден,  оқу  материалына 
оқушылардың  саналы  және  белсенді  қатынасуын  бағыттау.  Екіншіден,  оқыту 
нәтижелілігін  объективті    бағалау.  Yшіншіден,  оқытуды  оқушылар 
ерекшеліктеріне  сәйкес  жүзеге  асыру.  Тӛртіншіден,  педагогикалық  процесті 
қайталануымен,  жүйелілігімен,  біртіндеп  және  ретімен 
құрастыру. 
Педагогикалық  ғылымда  қағидалар  деп  педагогикалық  процестердің 
заңдылықтарын  ашып  кӛрсететін  аса  маңызды  бастапқы  ережелерді,  педагог 
және  оқушы  қызметін  басқаратын  қағидаларды  айтады.  Қағидаларда  ғылыми 
фактілер мен кӛп ғасырлық педагогикалық практиканың біріккен жетістіктері 
жинақталып, іріктелген. Алайда, кағидалар ғылыми фактілер мен практиканың 
ғана  жемісі  емес.  Сонымен  қатар,  олар  бір  талдауларды,  осы  фактілердің 
ашылуын және педагогикалық процестің тиімді жақтарын таратуды кӛрсетеді. 
Дене  тәрбиесі  жүйесінің  сипаттамасында  „қағидалар"  түсінігі  күрделі 
әлеуметтік-педагогикалық  құбылыстың  жетекші  заңдылықтарының  ӛмір 
сүретіндігін ашып кӛрсету үшін қолданылады. Нақты педагогикалық процесті 
жүзеге  асыруда  оларды  басшылыққа  алу  міндетті.  Мысалы,  қазіргі  кезеңдегі 
қоғамымыздың  даму  бағытындағы  қағидаларға  сәйкес  оқытудың  кезкелген 
процесі баланың жеке қасиеттерін қалыптастырумен бірге жүруі қажет. Әскери 
және 
еңбек 
практикасына 
байланысты 
қағидаларға 
сәйкес 
дене 
жаттығуларымен айналысудың мазмұны баланы  ӛмірге дайындау қажеттілігін 
ашып кӛрсету. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту қағидасына сәйкес кезкелген 
қозғалыс  қимылына  үйрету  баланың  адамгершілігіне,  ақыл-ой,  эстетикалық 
дамуына  ықпал  етуі  міндетті.  Сауықтыру  бағытындағы  қағидаларға  сәйкес 
әрбір педагогикалық процесті жоғарғы сауықтыру тиімділігіне бағыттаған жӛн. 
Дене тәрбиесі жүйесіне тән
 
жалпы қағидалар оқыту қағидаларымен қоса жеке 
қағидалар арқылы да жүзеге асырылады. Мысалы, жекелілік қағидасын жүзеге 
асырғанда,  баланың  психофизиологиялық  функциясына  жағымсыз  әсер 
етпейтіндей қозғалыстар қимылын іріктеуге мүмкіндік береді. 
Дене  тәрбиесі  жүйесінің  қағидаларынан  басқа,  тек  педагогикалық  
процесс заңдылықтарын ғана кӛрсететін қағидалар да болады. Дене тәрбиесінің 
теориясында олар дене тәрбиесінің қағидалары деп аталады (кейде, әдістемелік 
кағидалар  деп  аталуы  мүмкін).  Олар  ӛзара  байланысты:  оқыту  қағидалары 
немесе  арнаулы  білім  мен  қозғалыс  дағдыларының  заңдылықтарын 
қалыптастыратын 
қағидаларға, 
дене 
мүмкіншіліктерін 
тәрбиелейтін 
қағидаларға,  сонымен  бірге  заңдылықтарды  ашатын  қағидаларға,  дене 


 
122 
жаттығуларымен  айналысу  кезінде  жеке  тұлға  есебінде  баланы  тәрбиелеу 
қағидасына  бӛлінеді.  Педагогиканың  негізгі  бір  бұтағы  бола  отырып,  дене 
тәрбиесінің  теориясы  жалпы  педагогикалық  қағидаларды  пайдаланады,  бірақ 
оны  оқу  материалдарының  ерекшеліктерін  есептей  отырып  жүзеге  асырады.
 
Оқыту,  үйрету  негізіндегі  заңдылықтар  ӛзінің  қызмет  ету  мүмкіншіліктері 
бойынша бірыңғай емес. Осыған сәйкес оқыту қағидаларын ӛзара байланысты 
бірнеше  топқа  бӛлуге  болады.  Қағида  атауы  шартты  болады,  бірақ  
педагогикалық  міндеттерді  шешуде  қызмет  ету  мүмкіншіліктерін  қолданып 
бағыттауға  арналады.  Сонымен  қатар  қағидалардың  әрқайсының  атауы 
педагогикада  және  дене  тәрбиесі  теориясында  қалыптасқан  терминологияға 
қарсылық келтірмейді. 
Балалардың  оқуға  деген  саналы,  белсенді  кӛзқарасын    қалыптастыру 
қажеттілігі 
саналылық 
және 
белсенділік 
қағидаларында 
қаралған. 
Функционалды  мүмкіншіліктерінің  ұқсастығы  негізінде  оларды  кӛзқарас 
қағидалары  тобына  біріктірген  жӛн.  Оқу  процесінің  нәтижесін  нақты  бағалау 
қажеттілігі 
беріктік 
және 
ғылыми 
қағидаларында 
қарастырылған. 
Функционалды  мүмкіндіктерінің  ұқсастығы  негізінде  сұрыптау  бағалау 
қағидалар тобына бірігеді. Баламен жеке, жыныстық және жас ерекшеліктеріне 
сәйкес  оқытуды  жүргізу  қажеттілігі  жекелілік,  тиімділік  ,  кӛрнекілік 
қағидаларында  қарастырылған.  Белгілі  қызмет  етудегі  ұқсастығына  қарай 
оларды  сәйкестік  кағидалар  тобына  біріктірген  дұрыс.  Оқу  материалының  ең 
тиімді  құрылымын  жасау  қажеттілігі  қайталау,  жүйелілік,  реттілік,  бірте-
біртелік 
қағидаларымен 
қарастырылған. 
Бұлар 
функционалды 
мүмкіншіліктердің ұқсастық негізінде құрылым қағидаларын құрайды. 
    
Қағидалар  кӛп  түрлі,  бірақ  олар  тұтас  жеке  тұлға  есебінде  балаға 
педагогикалық  әсер  етудің  әртүрлі  жақтарын  бейнелейді.  Кез  келген  жастағы 
адамдарды, дене дайындығының әртүрлі деңгейіндегі балаларды оқьггу, үйрету 
кезінде  үйретуші  жоғарыдағы  айтылған  қағидаларды  жүзеге  асыру  міндетті. 
Алайда,  кейбір  жағдайда  оқытудың  нақты  міндеттері  бір  немесе  ӛзге 
қағидаларының  маңызын  арттыруы,  сонымен  қатар  оны  жүзеге  асыру 
әдістерінің  түрін  ӛзгертуі  де  мүмкін.  Мысалы,  жоғары  деңгейде  маманданған 
спортшыны даярлауда дербес жекелей үйрету, оқыту ӛте маңызды орын алады. 
Қарапайым қозғалыс қимылдарына үйрету кезінде кӛрнекілік қағидасын жүзеге 
асыру  бейнелеп  түсіндіру  және  кӛрсету  мен  шектелуі  мүмкін.  Ал,  ӛте күрделі 
қимылдарды  игеруде  кинодемонстрацияға  жүгінуге  тура  келеді.  Кейбір 
қағидаларды  жүзеге  асыру  оқытудың  белгілі  бір  ережелерін  орындау  арқылы 
жүзеге асырылады. Сонымен, қимыл ептілігі мен дағдысын қалыптастыру және 
дене қуаты қасиетін тәрбиелеу жалпы зандылықтарға бағынады, ол әдістемеде 
қағидалар  (принциптер)  деп  аталады.  Қағидаларды  білу,  оларды  тәжірибеде 
қолдану дене тәрбиесі процесін жетілдіреді.  
         Дене  тәрбиесі  және үйрету  процесінде  жалпы  педагогикалық—жүйелілік, 
саналылық және белсенділік, кӛрнекілік, қайталау, шамаға лайықты болу және 
индивидуалдандыру,  жекелік,  реттілік,  беріктілік,  талапты  біртіндеп  кӛтеру,  
т.б.  қағидалар  қолданылады.  Олар  педагогиканың  неғұрлым  маңызды 


 
123 
қағидалары  болып  табылады  және  тәрбиелеу  мен  үйретудің  бірегей 
педагогикалық процесінің әдістемелік заңдылықтарын білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет