Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет108/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   294
Қайталау  қағидасы.  Қайталау  қағидасы  қозғалыс  дағдыларының  бірте-бірте 
қалыптасуы және кӛп қайталау арқылы арнаулы білімнің калыптасу тиімділігін 
кӛрсетеді.  Қайталау-үйрену  нәтижесінде  қол  жеткен,  нәтижені  біріктірудегі  
басты және жалғыз ғана тәсіл. Оқу материалы үнемі қайталануға тиіс. Қайталау 
қағидасын  іске  асыру  барысында  тәрбиелік  маңызы  бар  үлкен  міндеттерді  
шешуге мүмкіншілік пайда болады.  
Қайталау қағидасын жүзеге асыру үш негізгі жағдайға байланысты: 
1.Дене  жаттығулары  үнемі  қайталанып  тұруға  тиісті.  Осы  талап  сақталған 
жағдайда  ғана  пайдаланатын  жаттығулар  адамның  денесіне  тұрақты  түрде 
және нық әсер етеді. 
2.Дене жаттығулары адамды шаршатып шалдықтырады, сондықтан да демалыс 
үшін үзілістер міндетті түрде болу тиісті. 
3.Дене жаттығулармен айналысқан кезде, адам денесінде бейімделу  процестері 
болады,  бірақ  ол  жағдайлар  ұзаққа  созылуы  мүмкін  емес.  Сондықтан  
жаттығудың тек қана қайталану саны емес, сонымен қатар екі ортада берілетін 
демалыс  үзілісінің  саны  мен  ұзақтылығын  бақылауға  тиістіміз.  Жай  қайталау 
еске  түсірудің  тұрақты  жағдайында  қозғалыс    қимылының  негізгі  нұсқасын 
игеруге  мүмкіндік  туғызады.  Қайталаудың  екі  түрі  болады:  жәй  жане  іріктеп 
қайталау.    Жай  қайталауды  кӛшірме  жолымен  оқыту  деп  білеміз.  Мысалы, 
үйретуші  стандартты  техниканы    түсіндіріп  әрі  кӛрсетеді,  ал  оқушы  оны  сол 
күйінде  орындауға  ұмтылады,  орындауды  кӛрген  үлгісіне    жақындатуға  
тырысады.    Жай  қайталау  оқыту  ісінде    кӛп  қолданылғанмен,    оның 
дидактикалық  мүмкіншіліктері  шектеулі.  Іріктеп  қайталау  басқа  міндеттерді  
қарастыра  отырып  қозғалыс  қимылын    әртүрлі  жағдайларда  орындауға 
болатындай    қылып  бағыт  береді.  Іріктеп  тиімді  қолданған  жағдайда  үлкен 
дидактикалық  тиімділікке  қол  жетеді.    Іріктеп  қайталау  амалдарының 
әртүрлілігі  жаттығуға  деген    қызығушылықты  арттырумен    бірге  балалардың 
жаңа тапсырмаларды  белсенді түрде орындауына  жағдай туғызады.   Іріктеп 
қайталауда  жоғары  тиімділікке    тӛмендегі  ережелерді  сақтағанда    ғана  қол 
жеткізуге болады: 
1.Үйренушілер  берілген  жаттығуларды  жеткілікті  деңгейде  игерген  жағдайда,  
сонымен қатар қозғалыс қимылға қажетті талдау жасауды меңгерген кезде ғана 


 
131 
вариативтік  жаттығулардың    ауыз  толтырып    айтарлықтай  тиімділігін  атай 
аламыз. 
2.Іріктеп қайталау амалдары белгілі бір шектен асып  кетпеуі керек.  
3.Негізгі  қимылдың  орындалу  тұрақтылығы  болған  сайын  іріктеу  ӛлшемі  де 
жоғары болады.  
4.  Оқуға  бӛлінген  уақыт  ішінде    қимыл  нұсқалар  санын  кӛбейтіп  орындау 
тиімді болып келеді. 
Қайталау  қағидасын  жүзеге  асыра  отырып,  мына  ережелерді    ұстанған  жӛн: 
берілген  тапсырмалардың  қайталау  санын  және  олардың    арасындағы 
демалыстың  ұзақтығын    белгілей  отырып,  бала  денсаулығының  жағдайын, 
дене  тәрбиесі  туралы    білімі  мен  дене  дайындығының  деңгейін,  сонымен 
қатар оқушыға түсетін үлестің деңгейін есепке алу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет