Дєріс тезистері


Тәрбиенің  ӛмір  және  еңбекпен  байланыстық  принципі



Pdf көрінісі
бет130/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   294
Тәрбиенің  ӛмір  және  еңбекпен  байланыстық  принципі.  Ежелгі  Рим 
мектептері ӛз оқушыларын «Мектеп үшін емес - ӛмір үшін», - ұранымен күтіп 
алады  екен.  Адамзаттың  алғашқы қадамдарының  ӛзінде-ақ  адам  тәрбиесімен 
шұғылданған  тұлғалар  ӛмір  мен  тұрмыс  тәжірибесінен  ажыраған  тәрбиенің 
мағынасыз  болатынын  түсінген.  Адам  тұлғасын  қалыптастыру  оның  іс-
әрекетімен,  қоғамдық  және  еңбектік  қатынастарға  келуімен  тікелей  тәуелді 
байланыста.  Адамның  ұнамды  сапалары  еңбекте  ғана  дамиды:  неғұрлым  ол 
ауқымды,  мақсатқа  орай  болса,  тұлғаның  дамуы  мен  әлеуметтену  деңгейі  де 
жоғары  келеді.  Тең  құқықты  мүше  ретінде  еңбек  процесіне  қатыса  отырып, 
бала  адамгершілікке  баулынады,  рухани  және  тәндік дамуға  келеді,  еңбектің 
қоғамдық мәнді сеп-түрткілерін ажырататын болады, ӛзінің моральдық сапа-
қасиеттерін бекітеді, одан әрі жетілдіреді.  
  
Тәрбиені  ӛмірмен  байланыстыру  принципі  педагогтерден  екі  бағытта 
белсенді  қызмет  атқаруды  талап  етеді:  1)  тәрбиеленушілерді  адамдардың 
қоғамдық  ӛмірі  және  еңбегімен  қолма-қол  әрі  кең  таныстырып,  жалпы 
тұрмыста болып жатқан әлеуметтік ӛзгерістерді мезетінде түсіндіріп беру; 2) 


 
151 
тәрбиеленушілерді  шынайы  ӛмір  қатынастарына  тартып  араластыру, 
қоғамдық  пайдалы  іс-әрекеттердің  сан-алуан  түрлеріне  қызығулары  мен 
бейімділіктеріне сәйкес қосып, оның нәтижесінен рахат сезінуге баулу.  
Аталған  принципті  іске  асыру  барысында  педагог  орындауы  тиіс  міндеттер 
тӛмендегідей:  
-қоғам мен адам ӛміріндегі еңбектің маңызын әр балаға жете түсіндіру;  
-материалды  және  рухани  дүние  ӛндіруші  еңбек  адамдарына  деген  құрметке 
баулу;  
-шаршап-жалықпай  еңбектену  қабілетін  дамыту,  қоғам  және  ӛз  мүддесі  үшін 
адал да шығармашылықпен іс қылу ниеттерін ӛрістете түсу;  
-қазіргі заман ӛндірісінің жалпы негіздері жӛніндегі ақпараты жеткізу;  
-еңбек аясында ӛз басы мүдделері мен қоғамдық міндеттерді үйлестіре білуге, 
қоғам қажеттері мен ӛз ниеттеріне орай кәсіп таңдауға үйрету;  
-қоғамдық  игілік  және  табиғат  байлықтарына  құндылықпен  қатынас  жасауға 
баулу;  
-қоғамдық  мүлікке  байланысты  ысырапшылдыққа,  жауапкерсіздікке,  талан-
тараждыққа,  табиғат  байлықтарына  болған  айуандыққа  тӛзбеушілік  сезімін 
ояту.  
Тәрбиені  ӛмір  және  еңбекпен  ұтымды  ұштастыру  мақсатында  келесі 
ережелерді ұстанған жӛн:  
1.Желең  сӛз  емес,  балалардың  нақты  әрі  қолынан  келер  ісі  пайдалылау. 
Осыған  орай  тәрбиеші  сабақ  және  сабақтан  тыс  жұмыстарға  қойылатын 
талаптар  бағдарламасын  түзіп,  оларды  бірізділік  принципі  негізінде  іске 
асыруы шарт.  
2.Ӛз  әрекеттерін  жанұя  талаптарымен  үйлестіре  отырып,  тәрбиеші  әр  балаға 
оның басты міндеті оқу екенін жете түсіндіруі лазым. Бұған қосымша - үйге 
жәрдемдесу, әлі жететін басқа да тапсырмаларды орындау.  
3.Бала,  әдетте,  қандай  да  істі  орындауға  құштар;  енжарлық,  селқостық, 
іссіздік-бала табиғатына жат құбылыстар.  
4.Дәрістер  (сабақтар)  мен  топтан  (сыныптан)  тыс  тәрбие  жұмыстарында 
ӛлкетану материалдарын пайдаланған ӛте тиімді.  
5.Ересектермен  қатар  еңбекке  араласуынан  балалар  қолға  алған  жұмыстарды 
жауапкершілікпен  бағамдауға  үйренеді,  ал  бұл  олардың  азаматтық 
сапаларының дамуына жәрдем береді.  
6.Бала  тәрбие  процесінде  ӛз  еңбегінің  басқа  адамдарға,  қоғамға  қажет  әрі 
пайдалы екенін сезінуі тиіс.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет