Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет158/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   294
Секіру-ациклді  қимыл-қозғалыс  типі.  Онда  циклдердің  қайталануы 
болмайды  және  секіруді  орындаудың  барлық  процесі  бір-ақ  рет  жасалып 
аяқталатын  қозғалыс  болыл  табылады.  Секіруде  қозғаушы  элементтер  мен 
ырғақтың  белгілі  бір  дәйектілігі  бар.  Секіру  үш  фазадан:  дайындалу-ұмтылу 
және  тізе  бүгу  немесе  жүгіру,  негізгі-серпілу  және  кӛтерілу,  соңғы-жерге 
түсуден тұрады. 
Д а й ы н д ы қ   ф а з а с ы - бір  орыннан  секіру  кезіндегі  дененің  бар  салмағын 
тұтастай  тӛмен  түсіретін  отыру,  серпілу  кезінде  неғұрлым  күшті  екпін  алу 
үшін  екі  қолды  да  артқа  қарай  созу,  келесі  фазада  жақсы  тартылуы  үшін 


 
188 
аяқтың бұлшық еттерін созу. Жүгіріп келе жатып секіру-алға қарай күш сала 
жүгіру, серпілуге бір аяқпен іркілмей ауысу. 
Н е г і з г і   ф а з а - серпілу  және  кӛтерілу.  Біріншісі-кӛтерілудің  алғашқы 
тездігін  және  дұрыс  бағдарды  қамтамасыз  ететін  аяқтың  иілген  бұлшық 
еттерінің  қатты  тартылуымен  байланысты,  екіншісі-денеге  биіктеу  кезінде 
және жерге түсуге дайындалуға қажетті қалыптылықты туғызатын кӛтерілу. 
С о ң ғ ы   ф а з а - кӛтерілудің  күрт  сілкініссіз  және  соққысыз  аяқталуы,  жерге 
түсу.  Бұл  жағдайда  тепе-теңдікті  сақтау  үшін барлық  қимылдардың  үйлесімі 
қажет. 
  
Ұзындыққа  бір  орында  тұрып  және  жүгіріп  келіп  секіру  кезінде  жерге 
түскенде  екі аяқ  бірдей,  әуелі ӛкше, сосын аяқ ұшы жерге  тиеді.  Бір орында 
тұрып (жіп, шағын текше арқылы) биікке секіру жерге аяқтың ұшымен түсіп, 
біртіндеп  табанның  тұтастай  басылуын  талап  етеді,  мұның  ӛзі  табанның 
серпінділік  рӛлін  атқаруға  мүмкіндік  береді.  Аяқты  жартылай  иіп,  жерге 
жайлы  түсу  соққы  күшінің  бір  буыннан  екінші  буынға  біртіндеп  ӛтуін 
қамтамасыз  етеді  және  ішкі  органдарды,  миды  шайқалудан,  сондай-ақ 
табанды  жанышталудан  сақтайды.  Балаларды  жүйелі  түрде  жаттықтыру 
барысында  біртіндеп  қимылдаудың  қажетті  үйлесімі  қалыптасады.  Секіру 
белгілі  дәрежеде  ми  қыртысының  дамуын,  саусақ  пен  бармақ  сүйектерінің 
беріктігін,  бұлшық  ет  пен  кӛз  мӛлшерінің  икемділігін  талап  етеді.  Аталған 
барлық  қасиеттер  жаттығу  процесінде  дамиды,  олар  қыртыстың  қозғағыш 
орталығын  жаттықтырады,  олардың  қызметін  және  осыған  байланысты 
қимылды  меңгеру  қабілетін  жақсартады.  Секірулердің  организмге 
физиологиялық  ықпалы  орасан  маңызды.  Сондықтан  балалармен  жаттығу 
жасаған  кезде  шаманы  сақтау,  секіруге  дейінгі  жаттығуларды  қолдану  және 
барлық  балалардың  жағдайына  назар  аудару  қажет.  Секіру  дағдысының 
дамытылуы оны толық жүзеге асырудан кӛп бұрын басталады: бірінші жылы 
балалар ересектердің кӛмегімен аяқтарын жерден кӛтермей ырғақпен жүрелеп 
отырады,  ал  содан  кейін  ырғақпен  секіре  бастайды.  Ересектердің  кӛмегі 
немесе бірдеңеден ұстау балаларға тепе-теңдікті сақтауға кӛмектеседі. 2 жасқа 
қарағанда  балалар  ӛз  бетімен  бір  орында  жүрелеп  отыруды,  серпілуді, 
аяқтарын  жерден  жеңіл  кӛтеріп,  бір  орында  секіруді  игереді.  Бір  орында 
тұрып, тереңге секіру (қарғып түсу) және ұзындыққа секіру (еденде жатқан екі 
жіп немесе екі сызық арқылы) балаларға биікке секіруден гӛрі жеңіл болады. 
Жерге түскен кезде қателесулер жиі байқалады: аяқтың жеткіліксіз иілуі және 
табанды тегіс басып жерге ауыр түсу. 3.С.Уварованың деректеріне қарағанда, 
3  жасқа  дейінгі  балалардың  дұрыс  секіруі  сирек  кездеседі.  Олар  әлі  де  бұл 
үшін  қажетті  қимыл  үйлесімінің,  тепе-теңдіктің  дамуына,  тірек-қимыл 
аппараттың  дайындығына  жеткен  жоқ  (сүйек-бұлшық  ет  жүйесі  мен  буын 
сіңірлері нашар дамыған, табанның басылуы толық қалыптаспаған, сондықтан 
да  оның  серіппелік  қажеті  жеткіліксіз).  2,5  жаста,  ал  кейде  ертерек  те 
балалардың  ӛздері  бір  орында  тұрып  секіре  бастайтынын,  шағын  биіктіктен 
қарғи  бастайтынын  тәжірибелік  бақылау  кӛрсетіп  жүр.  Жүйелі  түрде 
айналысқан  кезде  2,5  жасар  балалардың  үштен  бірі  бір  орында  тұрып,  азды-
кӛпті  аяғының  ұшымен  серпіліп  секіреді  және  20  см  биіктіктен  қарғиды.  3 


 
189 
жасқа  қарағанда  мұндай  қимылдарды  балалардың  90%-ы  игереді.  Мынаны 
ескеру  керек:  биіктіктен  қарғыған  кезде  олар  әлі  де  болса  жерге  табанымен 
түседі.  Бір  орында  тұрып  ұзындыққа  секіруді  үш  жасқа  қараған  балалар  ӛз 
бетімен меңгере алмайды. Бұл қозғалысқа арнайы үйреткен кезде балалар оны 
мейлінше тез игереді. 2,5 жастағы балалар бір орында тұрып, 10 см-ден 25 см-
ге  дейін  қашықтыққа,  3  жасқа  қарағанда  -  25-40  см  қашықтыққа  секіреді. 
С.Я.JIайзаненің  деректеріне  қарағанда  бұл  кезеңде  айтарлықтай  сапалық 
ӛзгерістер де болады: күшті серпіліс, секіру алдындағы жүресінен отыру, екі 
аяғымен  жерге  түсу  пайда  болады.  Одан  кейінгі  жылдарда  секіру  дағдысы, 
оның  сапалық  және  сандық  кӛрсеткіштері  жетіледі.  Бес  жасқа  қараған  бала 
алға  қарай  жылжып,  жеңіл  секіреді,  15-20  см  биіктіктен  қарғиды,  аяғының 
ұшымен  жерге  жеңіл  түсіп,  содан  соң  табанын  басады,  бір  орында  тұрып 
ұзындыққа  секіруді  (30-40  см)  алғашқы  қалпын  сақтап,  неғұрлым  дәл 
орындайды.  Үйрету  кезінде  жерге  жайлы  түсуге  басты  назар  аударылады. 
Балаларды  біртіндеп  секіру  техникасын  одан  әрі  игеруге  дайындайтын 
қарапайым  жаттығулар  енгізіледі  (аяқтарды  бастапқы  қалпында  қатар  қою, 
аяқтарды  тізеден бүгу-«серіппе»,  қолдарды  артқа  қарай  еркін  созу  және  алға 
қарай сермеу және т. б.). Алтыға  аяқ басқан балалар бір орында тұрып және 
жүгіріп  келіп,  ұзындыққа  және  биіктікке  (30-40  см)  секіру  техникасының 
элементтерін  меңгереді,  қолдары  мен  аяқтарының  қимылын  жақсы 
үйлестіреді.  Алайда,  серпілу  сәті  жеткілікті  дәрежеде  ширақ  әрі  пәрменді 
болмайды. Yйрету кезінде екпінге, дер кезінде және пәрменді серпілуге, жерге 
жайлы  түсуге    назар  аударылады.  Ұзын,  қысқа  және  айналатын  секіргіште 
жасалатын  жаттығу  енгізіледі.  Балалардың  секіруін  жетілдіру  үшін  қысқа, 
ұзын және айналатын секіргішпен жаттығу, аяқты кезек ауыстырып бір аяқты 
секіру,  аяқтарды  тура және  шалыс  басып, сан  түрлі  жүгіру,  еденге қойылған 
заттардың  қатарлары  арқылы  секіру,  бұрылыспен  және  қолдардың  әртүрлі 
қимылымен  секіру,  алға,  артқа,  жан-жаққа  және  басқаша  жылжу  арқылы 
секіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет