Дєріс тезистері


Сабақтың  мазмұны  мен  құрылымы



Pdf көрінісі
бет194/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   294
Сабақтың  мазмұны  мен  құрылымы.  Әрбір  жастағы  топтарға  арналған 
бағдарламадан туындайтын және балалардың   қимыл  әрекеттерінен  кӛрінетін 
дене  жаттықтырулары  сабақтың  мазмұнын  құрайды.  Дене  жаттықтырулары 
мазмұны жағынан әр алуан. Бұл орайда айқын әрі дәл міндетті, бағдарламаның 
жүргізілу жүйелілігін сақтау, сондай-ақ балалардың жасына байланысты, жеке 
басының  ерекшеліктерін  ескеру  міндетті  түрде  қажет.  Сабақтың  құрылымы 
дене  жаттықтыруларын  жүйелі  түрде  орындауынан  кӛрінеді.  Ол  қойылған 
міндеттермен,  жүйке  жүйелерінің,  баланың  бүкіл  организмінің  жасына  байла-
нысты  дамуының  әрбір  жекелеген  кезеңінде  жұмыс  істеу  қабілетінің 
ерекшеліктерімен  анықталады.  Бала  организмі  жағдайының  динамикасына, 
оның  сабақ  жӛніндегі  психикасына  бақылау  жасау  -  тәрбиешінің  негізгі 
міндеттерінің  бірі,  үйрету  мен  тәрбие  берудің  бүкіл  процесінің  тиімділігі 
осыған  байланысты.  Баланың  мүмкіндіктерін  анықтау  физиология  мен  психо-
логия  мәліметтеріне  негізделеді.  Сабақ  кезіндегі  қозғалыс  әрекеті  процесінде 
жүрек  соғуы  жиілігінің  кӛрсеткіштерін  зерттеу  сабақтың  бас  кезінде  оның 
біртіндеп  жоғарылағанын  және  барынша  жоғары  дәрежеге  жеткенін,  одан  соң 
сабақтың  аяғына  қарай  біртіндеп  тӛмендегенін  кӛрсетеді.  Мұндай  жүйелілік, 
бір  жағынан,  қан  айналысы  жүйесінің  қызметімен,  организмнің  жұмыс  істеу 
қабілеті  жағдайымен,  екіншіден  -  психикалық  процестердің  ағымымен  -  назар 
аударумен,  жинақылықпен,  сезімталдық  тездігімен  және  осыған  байланысты 
қимылдың барынша дәлдігінен анықталады. Сабақ барысында организмде және 
психикада  болатын  ӛзгерістер  орталық  жүйке  жүйесінің  бақылауымен  жүзеге 
асады.  Бұл  орайда  оның  ӛзінің  жұмыс  істеу  қабілеті  күшейеді,  ол  жүйке 
орталықтары  қоздырғыштарының  артуынан,  жүйке  процестерінің  ширақ 
қимылынан  кӛрінеді.  Сабақ  барысындағы  бүкіл  организмнің  барынша  жұмыс 
істеуі кезінде жұмыс істеп тұрған организмдер мен жүйелердің әрекет үйлесімі 
жақсарады,  жұмыс  істеудің  дұрыс  ырғағын  табу  мүмкіндігі  және  осыған 
байланысты  эмоционалдық  жағдайдың  артуы  пайда  болады.  Осы  кезеңде 


 
246 
жұмыс істеу қабілетінің барынша жоғары дәрежесі белгілі болады, ол әрекеттің 
кейбір  жақтары  сипатының  ӛзгеруімен  ауытқиды  (қимылдарды  орындау, 
тәрбиешінің  қимыл  үлгісін  бақылау  оның  нұсқауларын  ұғыну    т.б.).  Дене 
шынықтыру  сабақтары  ӛзара  байланысты  үш  бӛлімнен  кіріспе-дайындық 
(мотивциялық-қозғаушылық), негізгі (ұйымдастыру-іздестіру) және қорытынды 
(рефлексивті-түзетушілік) бӛлімдерден тұрады. 
 
Сабақтың  әрбір  бӛлімі  үшін  барлық-білім  беру,  тәрбиелеу  және 
сауықтыру  міндеттерінің  бірдей  зор  маңызы  бар.  Кӛрсетілген  міндеттердің 
орындалуы  балаларға  жан-жақты  ықпал  етуді  қамтамасыз  етеді.  Баланың 
ойының  ширақ  жұмыс  істеуіне,  сезіміне,  игерген  дағдыларына  байланысты 
тапсырмаға реакциясы сабақтың кез келген бӛлімнен және әрекеттің бүкіл сан 
алуандығынан кӛрінуге тиіс. 
К і р і с п е - д а й ы н д ы қ   б ӛ л і м і   сабағының  міндеттері  мен    мазмұны. 
Дене  шынықтыру  сабағының  бірінші  бӛлімі  сабақтың  негізгі  бӛліміндегі 
жаттығудың алға қойған міндеттері мен мазмұнына байланысты әртүрлі болуы 
мүмкін.  Сондықтан  ол  бір  жағдайда  тек  қана  кіріспе,  ал  екінші  жағдайда 
кіріспе  дайындық  бӛлімі  болуы  мүмкін.  Бұл  бӛлімнің  міндеттері  балалардың 
сабаққа  қызығушылығы  мен  эмоциялық  кӛңіл  күйін  туғызу,  кӛңіл  аудару 
дайындығы дәрежесін тексеру, кейбір қимыл-қозғалыс дағдыларын пысықтау, 
бала  организмін  сабақтың  негізгі  бӛліміндегі  неғұрлым  интенсивті  жұмысқа 
біртіндеп дайындау болып табылады. Осы мақсатпен балаларға тұлғаны дұрыс 
қалыптастыруға, жалпақ табандылықты болдырмауға кӛмектесетін, кеңістікте 
және  ұжымда  бағдар  ұстаумен  байланысты,  орындауға  кӛп  уақытты  талап 
етпейтін  ӛздеріне  таныс  ойындар  немесе  олардың  нұсқалары  ұсынылады. 
Кіріспе бӛлімі балаларды үш-тӛрт тізбекті сапқа, шеңбергебытыраңқы, т. с.с. 
тұрғызумен  аяқталады.  Мұның  ӛзі  сабақтың  негізгі  бӛлімінің  басында 
балаларды  денені  жалпы  дамытатын  жаттығуларды  үйренуге  ӛту  қызметін 
атқарады. Бұл бӛлімнің ұзақтығы кішкентайлар тобында 2 минуттан 4 минутқа 
дейін,  естиярлар  тобында  3  минуттан  5  минутқа  дейін,  ересектер  тобында  4 
минуттан 6 минутқа дейін созылады. Егер сабақтың бірінші бӛлімі к і р і с п е -
д а й ы н д ы қ   ретінде  жоспарланса,  онда  бұл  жаттығулардың  бас  кезінде  де 
кіріспе  бӛліміне  арналған  жоғарыда  кӛрсетілген  жаттығу  беріледі.  Алайда, 
сабақтың  осы  бӛлімінің  ӛзінде  оның  артынша  денені  жалпы  дамытатын 
жаттығулар  келеді,  олар  үйретуді  қажет  етпейтін  қайталау  және  вариациялы 
жаттығуларға  ғана  құрылады.  Белгілі  бір  жағдайдағы  олардың  міндеті  - 
сабақтың  негізгі  бӛлімінде  балалардың  организмін  неғұрлым  жоғары  дене 
күшіне  түсетін  ауыртпалыққа  дайындау,  мұнда  жеткілікті  дәрежеде  дене 
күшіне түсетін орасан зор ауыртпалықты туғызатын күрделі үйлесімді негізгі 
қимыл  жаттығулары  немесе  жедел  сипаттағы  спорттық  жаттығулар 
жоспарланады.  Мұндай  жағдайда  сабақтың  негізгі  бӛлімі  балаларды  негізгі 
қимылға үйретуден басталады. 
Кіріспе дайындық бӛлімінің ұзақтығы кішкентайлар тобында 3 минуттан 
4  минутқа  дейін,  естиярлар  тобында  4  минуттан  6  минутқа  дейін,  ересектер 
тобында 5 минуттан 10 минутқа дейін созылуы мүмкін. 


 
247 
   Сабақтың  н е г і з г і   б ӛ л і м і н і ң   міндеттері  мен  мазмұны.  Сабақтың 
бұл бӛлімінде, бір жағдайда балаларды денені жалпы дамытатын жаттығуларға 
үйрету  жӛніндегі,  одан  кейін  негізгі  қимылдар  мен  дене  қасиетін  тәрбиелеу 
міндеті  кӛзделеді,  екінші  бір  жағдайда-негізгі  қимылдардағы  жаттығуларға 
үйрету  жӛніндегі  міндет  белгіленеді,  олар  жаңа  қимыл  материалдарымен 
таныстыруды,  бұрыннан  белгілі  жаттығуды,  оның  әр  түрлі  нұсқаларын 
пайдалану  арқылы  қайталауды,  толық  игеру  сатысындағы  қозғағыш 
дағдыларды  жетілдіруді  кӛздейді.  Бұдан  кейін  барлық  балаларды  шапшаң 
қимылға  қатыстыратын  ережесі  бар  қимыл-қозғалыс  ойыны  ӛткізіледі. 
Балалардың психикалық тиімді жұмыс істеу қабілетінің ұзақ еместігі ескеріліп, 
неғұрлым  қиын  міндеттер  негізгі  бӛлімнің  бас  кезіне  белгіленеді  (мысалы, 
балаларды  жаңа  материалдармен  таныстыру  немесе  жаттығуларды  неғұрлым 
күрделі үйлесіммен орындау). Денені жалпы дамытатын жаттығуларды балалар 
майда  заттармен  -  жалаушалармен,  таяқтармен,  құрсау  дӛңгелектермен, 
ленталармен,  жіптермен  орындайды.  Оларды  іріктеп  алу  бүкіл  организмнің 
функционалдық  жағдайын  жақсартуға  әсер  ететін  ірі  бұлшық  ет  топтарын 
бірте-бірте  интенсивті  жұмысқа  тарту  міндетінен  туындайды.  Ең  алдымен, 
тұлғаны  дұрыс  қалыптастыру  процесін  тәртіпке  келтіру  мақсатында  иіннің 
бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығу беріледі (мысалы, 
қолдарды жан-жаққа сермеу және кеудеге айқастыру және т.б). Екінші, құрсақ 
шандырының  және  аяқтың,  сондай-ақ  табанның  да  бұлшық  еттерін  дамыту, 
нығайтуға арналған жаттығулар (жүрелеп отыру, аяқты кӛтеру, тізе бүгу т.б.). 
Yшіншісі  -  арқаның  бұлшық  еттерін  және  омыртқаның  иілгіштігін  дамытуға 
және  нығайтуға  арналған  жаттығулар  (оңға,  солға  қарай  қисайып,  тіктелу, 
еңкею және оңға, солға бұрылу - кеудемен айналу). Бұл жаттығуларды орындау 
және  оларды  қайталау  кезінде  бала организмін біртіндеп үлкен  ауыртпалыққа 
дайындау кӛзделеді. Бұдан кейін негізгі қимылдарды үйретуге кӛшеді, олардың 
ішінде  біреуі  балалар  үшін  жаңа  болуы  мүмкін,  ал  басқалары  толық  үйрену 
және жетілдіру кезеңінде болады. 
Мектепке  даярлық  тобында,  Ю.Ю.Рауцкистің  деректері  бойынша,    бір 
дене  шынықтыру  сабағында  негізгі қимылдармен орындалатын  екі жаттығудан 
тӛрт  жаттығуға  дейін  жоспарлау  тиімді  болады.  Олардың  бірі  тәрбиешінің 
ерекше  назар  аударуын  талап  ететін  жетекші  жаттығу  ретінде  қабылданады, 
қалғандары  қайталау  және  жетілдіру  мақсатында  балаларға  бұрыннан  белгілі 
жаттығулардан іріктеп  алынады  (мысалы,  лақтыру  мен  жер бауырлап  жүрумен 
ұштасқан секіру немесе балаларды лақтыруға үйрету үшін жүрумен, жүгірумен 
ұштасқан лақтыру). Бұл қимылдарды ұштастыру кезінде олардың шапшаңдығы 
ескеріледі.  Шапшаңдық  дәрежесі  жоғары  жаттығуларды  шапшаңдық  дәрежесі 
тӛмен  жаттығулармен  ұштастыру  немесе  шапшаңдық  дәрежесі  орташа  әртүрлі 
жаттығуларды  ұштастыру  неғұрлым  тиімді  болады.  Бұл  арқылы  балалар 
әрекетінің  сан  алуандығы,  ауыртпалық  дәрежесін  түрлендіру  кӛзделеді,  мұның 
ӛзі баланың жұмыс істеу қабілетінің қажетті дәрежесін қамтамасыз етеді (Ю. Ю. 
Рауцкис).  Барлық  бұлшық  еттер  жүйесінің  қатысуын  талап  ететін  негізгі 
қимылдарды  орындау  елеулі  дәрежеде  организмнің  функционалдық  жағдайын 
жақсартады және оны тез, күшті, нысаналы қимылдармен сипатталатын қимыл 


 
248 
орындарында  неғұрлым  жоғары  ӛрлеуге  жеткізеді.  Қимыл-қозғалыс  ойыны 
эмоционалдық  және  физиологиялық  ӛрлеудің  неғұрлым  жоғары  дәрежесімен 
ерекшеленеді.  Балаларды  жарысу  сәттері  жиі  кездесетін  ойынның  процесімен 
еліктіру,  жинақылықты,  ӛз  бетінше  қимылды  реттеуді  талап  ететін  ойын 
жағдайының  сигналына  қимыл  реакциясының  тездігі  мен  дәлдігі  -  осылардың 
бәрі  баланың  ӛмірлік  күші  ӛрлеуінің  шарықтау  шегі  болып  табылады.  Денені 
жалпы дамытатын жаттығуларды үйрететін сабақтың негізгі бӛлімінің ұзақтығы 
бірінші  кішкентайлар  тобында  10  минуттан  15  минутқа  дейін,  естиярлар 
тобында  15  минуттан  20  минутқа  дейін,  ересектер  тобында  25  минуттан  30 
минутқа  дейін  созылады.  Денені  жалпы  дамытатын  жаттығулар  үйретілмеген 
жағдайда  оның  ұзақтығы  кішкентайлар  тобында  8-12  минутқа,  естиярлар 
тобында 12-15 минутқа, ересектер тобында  15-20 минутқа созылады. 
Сабақтың  қорытынды  бӛлімінің  міндеттері  мен  мазмұны.  Ойынның 
соңындағы  қорытынды  бӛлім  жалпы  қозушылықты  тӛмендетуге  және 
тамырдың  соғуын  қалыпқа  келтіруге  кӛмектесетін,  біртіндеп  баяулайтын 
шапшаң қарқынды жүрісті қамтиды. Жүру кейбір жағдайда барлық балаларды 
баяу  қимылға  қосатын,  ширақ  қимылдан  кейін  организмге  кері  ӛтетін 
статикалық  жағдайды  жоятын  қимылы  аз  ойынмен  алмастырылуы  мүмкін 
(«Tап та үндеме», «Ӛзіңе ұнағанын әкел» деген сияқты және қол ұстасып жүріп 
билейтін үлгідегі ойындар). Жүру немесе оны алмастырған ойын аяқталғаннан 
кейін ӛткізілген сабақтың қорытындысы жасалады да балалар әрекетке кӛшеді. 
Сабақтың қорытынды бӛлімінің ұзақтығы кішкентайлар тобында 2 минуттан 3 
минутқа дейін, естиярлар мен ересектер тобында 3 минуттан 4 минутқа дейін 
созылады.  Бүкіл  дене  шынықтыру  сабағы  процесінде  балалардың  қимыл 
дағдылары  дамуымен  бірге  тездік,  ептілік,  тӛзімділік,  икемділік,  күш  сияқты 
дене  қасиеттері  қалыптасады.  Бұл  қабілеттердің  қалыптасуы  балалардың 
барлық  әрекеттерімен  және  кӛрінуге  тиісті  жекелеген  қимыл  тапсырмаларын 
(жүгіруде,  лақтыруда,  секіруде  және  басқа  жаттығуларда)  орындаумен 
байланысты.  Дене  шынықтыру  сабақтары  белгіленген  оқу  жұмысының 
сипатына  сай  жоспарланады.  Олардың  бірінде  негізгі  назар  балаларды  ӛздері 
бұрын  игерген  жаттығулармен-ұштастыра  жаңа  жаттығуды  үйретуге 
аударылады;  екіншісінде  балалардың  қимыл  материалдарын  игеру  дәрежесі, 
оның  орындалу  сапасы  және  үйретудің  белгілі  бір  кезеңі  ішіндегі  сандық 
нәтижелері тексеріледі; сабақта жетілдіру және с. с. мақсатта балаларға белгілі 
жаттығулар  енгізу арқылы қайталануы мүмкін.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет