Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет195/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   294
Сабақтың  типтері.  Дене  шынықтыру  сабақтары  ойын  формасында  ӛткізілуі 
немесе  гимнастикалық  жаттығуларды  және  қимыл-қозғалыс  ойындарын  
ұштастыруы мүмкін (аралас тип).  Жоғарыда қарастырылған, бала организмінің 
жұмыс  істеу  қабілетінің  динамикасын  ескеретін,  сабақ  құрылымы  сабақтың 
кӛрсетілген  типтерін  жасаудың  негізін  құрайды  және  олардың  жоспарын 
анықтайды.  Ойын  формасындағы  сабақ  кез  келген  жастағы  топта  ӛткізіледі, 
әсіресе 1,2 кішкентайлар тобында ӛткізу тиімді болады. Олар шартты формада 
баланы қоршаған әлемді бейнелейтін және негізгі қимылдар мен денені жалпы 
дамытатын  жаттығулардың  («Құстар», «Cеруен»,  «Ұябасар  және балапан»,  ал 
неғұрлым  ересектер  тобында  «Oйыншықтар  дүкені»,  «Cпортшылар», 


 
249 
«Автодром»,  «Cаяхат»  т.т.)  сан  алуан  имитациялық-бейнелі  элементтерінен 
тұратын  тұтастай  мазмұндық-ойын  жағдайын  құрауы  мүмкін.  Ойын 
әрекеттерінің  жүйелілігі  организм  жағдайының  динамикасы  мен  жасқа 
байланысты мүмкіндігін ескеретін сабақ құрылымымен сай келуі керек. Сабақ, 
жай жүріспен аяқталады. Ойын формасындағы сабақ мазмұны жӛнінен әртүрлі 
қимыл-қозғалыс  ойындарынан  да  құрылуы  мүмкін,  олардағы  қимыл 
материалдарының  жүйелілігі  мен  сипаты  нақ  жоғарыдағыдай  құрылымын 
кӛздейді (мысалы, «Ӛзіңе серік тап», «Aйна», «Eң ынтымақты кімнің  тобы?», 
«Tап та үндеме» ойындары). Бұл типтегі сабақ қимыл-қозғалыс ойындарының 
ӛзара байланысты жүйелілігін және басшылықтың шығармашылық әдістемесін 
талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет