Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет197/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   294
және  қозғау  тығыздығы.  Сабақтың  жалпы  тығыздығы  педагогикалық 
тұрғыдан ақталып пайдаланылған уақыттың сабақтың бүкіл ұзақтығына қатысы 
ретінде  анықталады.  Педагогикалық  тұрғыдан  ақталған  дегеніміз  балалардың 
түсіндірулерді,  кӛрсетпелерді,  сӛзбен  айтылған  нұсқауларды  қабылдауы, 
тәрбиешінің дене жаттығуларын кӛрсетуін бақылауы, тапсырмаларды ұғынуы, 
балалардың  жаттығуларды  орындау  әдістерін  түсіндіруі,  дене  жаттығуларын 


 
253 
орындау  және  тынығу  болып  табылады.  Дене  шынықтыру  сабағын  сипаттау 
үшін  дене  жаттығуларын  орындауға  кеткен  уақыттың  сабақтың  бүкіл 
ұзақтығына қатысы ретінде түсінілетін қозғау тығыздығы ӛте маңызды, мұның 
ӛзі  әрбір  нақты  сабақтың  пайдалылығын  анықтайды.  Алайда  сабақтың  қозғау 
тығыздығына  талап  қою  оқу-тәрбие  міндетін  жүзеге  асыруды  теріске 
шығармайды.  Сабақтың  ойластырылған  мазмұнын  және  оның  біліктілікпен 
жүргізілуінің кӛрсеткіші бола отырып, балалардың ой және дене күші әрекетін 
дұрыс  тиімді  кезектестіру  оқу-тәрбие  мақсатында  да  қажет.  Сабақ  процесіне 
қажетті қосымша әрекеттерге  (оқу құралдарын таратып  беру, балаларды қайта 
сапқа тұрғызу, дене шынықтыру құралдарының орнын ауыстырып қою) ӛте аз 
уақыт  беріледі.  Тәрбиеші  бұл  әрекеттерді  ұйымдастыруды  алдын  ала 
ойластырады  және  уақыттың  пайдасыз  кету  мүмкіндігін  жояды.  Кездейсоқ 
ұйымдастыру олқылықтары (жаттығуларды орындау үшін қажетті құралдардың 
болмауы,  балалардың  костюмдерінің  немесе  аяқ  киімдерінің  жетіспеуі,  залға 
бӛгде  адамдардың  кіруі)  педагогикалық  тұрғыдан  ақталмаған  уақыт  шығыны 
ретінде  белгіленеді.  Дене  шынықтыру  сабақтары  алға  қойылған  тәрбие,  білім 
беру  және  сауықтыру  міндеттеріне  жауап  беру  үшін  олар  балалардың  белгілі 
бір  эмоциялық  ӛрлеуін  туғызатын  қызықты  болуы  керек.  Кез  келген  жастағы 
топтың  сабағындағы  қызығушылық  жаттығулар  мен  ойындардың  белгілі  бір 
жаңалығымен  және  ақыл-ой  жұмысын,  әрекет  ширақтығын,  оңды  эмоцияны, 
нәтижеге жету құштарлығын туғызатын міндеттердің біртіндеп күрделенуімен 
қамтамасыз етіледі. Кішкентайлар тобында қызығушылық пен эмоция бұлшық 
еттер  қимылының  сезімінен  қарапайым  қимыл  міндеттерін  табысты  шешуден 
туындайтын  әрекеттерді  нақ  орындау  процесінің  серігі  болып  табылады. 
Ересектер  тобында  балалардың  қызығушылығы,  жаттығуларды  ӛз  беттерінше 
орындауы,  кейбір  қиындықтарды  саналы  түрде  жеңуі  артады.  Сондықтан 
сабақты табысты ӛткізу үшін тәрбиеші әрбір баланың ерекшелігін жақсы білуі 
қажет,  осының  негізінде  психика  мен  денеге  түсетін  ауыртпалық 
интенсивтілігінің  ықтимал  мӛлшерін  ескеріп  және  оларды  дер  кезінде  реттей 
отырып,  ұжымдық  сабақ  процесінде  жеке  басшылықты  шеберлікпен  жүзеге 
асыруы  керек.  Мысалы,  балалардың  қызығушылығы  мен  эмоциясының 
әлсіреуі, реакцияның кешеуілдеуі, зейіннің нашарлауы мұның бәрі бір жағдайда 
түсетін 
ауыртпалықтың 
аздығының, 
екінші 
жағдайда-ауыртпалықтың 
басымдығының, шаршап-шалдығудың салдары болуы мүмкін. Кейбір ентігудің, 
жеңіл-желпі  терлеудің,  қимылдың  баяулауының  пайда  болуы  денеге  артық 
ауыртпалық  түсуі  кезінде  кӛрінеді.  Мұның  бәрі  сабақтың  мазмұны  мен 
әдістемесінде  қандай  да  бір  кемшіліктің  бар  екендігін  дәлелдейді.  Мұндай 
құбылыстардың  бір  жағдайда  балалардың  әрекеттерін  алмастыруға  және  сол 
арқылы  шаршап-шалдығудың  байқалған  белгілерін  әлсіретуге,  организмнің 
психикалық,  физиологиялық  функциясын  теңестіретін  және  жұмыс  істеу 
қабілетін  сақтауға  кӛмектесетін  міндеттерді  іріктеп  алуға,  екінші  жағдайда-
эмоцияны  және  мақсатты  әрекетті  арттыратын  ойын,  жарыс  әдістерін 
пайдалануға  бағытталған  бірқатар  әдістемелік  тәсілдермен  алдын  алу  керек. 
«Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  бағдарламасы»  бойынша  («Денсаулық» 
білім  саласына)  дене  шынықтыруға  аптасына  2  сағат  (ересектер  тобы  3  сағат) 


 
254 
бӛлінген.  Олардың  бірі  музыкамен  сүйемелденеді.  Мұның  қажетті  шартты 
музыкалық  шығармаларды  тиянақты  әрі  жан-жақты  іріктеп  алу  және  оларды 
біліктілікпен  орындау  болып  табылады.  Дене  шынықтыру  сабақтары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет