Дєріс тезистері


-тақырып. Сергіту сәттері және мерекелері, жүргізілетін іс-шаралар



Pdf көрінісі
бет214/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   294
 
18-тақырып. Сергіту сәттері және мерекелері, жүргізілетін іс-шаралар 
 
1.  Сергіту 
сәттері, 
сергіту 
сәттерінің 
маңызы 
(Сергіту 
сәттерін 
ұйымдастырудың  әдістемесі).  


 
275 
2.  Мектепке дейінгі ұйымдарда  дене тәрбиесі  мерекелерін  ӛткізудің маңызы 
(Балаларды  ұйымдастыру.  Оларға  жетекшілік  ету  әдістемесі.    Мәдени 
тынығуды ұйымдастыру). 
 
     Сергіту  сәттері  (физкультминутка)  (қысқа  мерзімді  дене  жаттығулары) 
естиярлар,  ересектер  және  даярлық  топтарында  сабақтар  арасындағы  үзілісте, 
сондай-ақ нақ сабақ процесінде (сурет салу, жапсыру, ана тілі, т. б.) ӛткізіледі. 
Сергіту сәттерінің маңызы шаршағанды ұмыттыратын, психиканың эмоциялық-
жағымды  жай-күйін  қалпына  келтіретін  қимыл  белсенділігі  жолымен  баланың 
іс-әрекет  сипаты  мен  дене  қалпының  ӛзгеруінде  болып  табылады.  Егер  сабақ 
процесінде  бала  ұзақ  отырып  қалса,  онда  бұлшық  еттердің  статикалық 
жағдайының салдарынан жүйке жүйесіне әсер ететін, шаршап-шалдығу сезімін 
туғызатын  тоқырау  құбылысы  пайда  болады.  Бала  «тықыршып  қимылдай» 
бастайды,  кейде  қалыптасып  келе  жатқан  тұлғасына  қолайсыз  қалыпты 
ӛзгертуге тырысады. Бақылау мынаны кӛрсетіп отыр: біртектес жұмысты істеу 
кезінде,  сондай-ақ  сабақты  дұрыс  мӛлшерлеуді  бұзу  кезінде  қажудың  дендеуі 
күшейе түседі, мұның ӛзі баланың зейінін нашарлатады. Бұл ми қыртысындағы 
тежелудің  күшеюімен  және  осыған  байланысты  рефлекторлық  реакция 
жылдамдығының,  баланың  оқу  материалын  игеру  қабілетінің  нашарлауымен 
түсіндіріледі.  Ол  әр  нәрсеге  алаңдай  бастайды,  зейін  белсенділігі  кеміп, 
қабылдауы  тӛмендейді.  Осы  белгілердің  бәрі  сол  алаңдау  кезінде  әрекетті 
ӛзгерту қажеттігін кӛрсетеді.  
       Ӛз  заманында  К.Д.Ушинский  былай  деп  жазды:  «Баланың  аздап 
қимылдауына  мүмкіндік  беріңіз,  ал  ол  сізге  тағы  да  ондаған  минуттық  зейін 
сыйлайды».  Сергіту  минуты  зейінді,  бүкіл  организмнің  әрекет  ету  жағдайын 
қалпына  келтіруге  бағытталған.  Дене  жаттығуларын  орындау  немесе  қимыл-
қозғалыс ойындары бұлшық еттердің ширақ жұмыс істеуін туғызады, ал бұл ӛз 
кезегінде қан айналысын жақсартады, сол арқылы жүректің жұмыс істеу, тыныс 
алу  интенсивтілігін  күшейтеді,  симпатикалық  жүйке  жүйесінің  әрекетін,  тұтас 
алғанда  миды  қанмен  қамтамасыз  етуді  жандандыра  түседі.  Осылардың  бәрі 
қосылып  бала  психикасының  эмоциялық-жағымды  жай-күйін  қалпына  кел-
тіруге, зейінін, ақыл-ой қызметін, жалпы дене жағдайын арттыруға әсер етеді. 
Шаршағаны  басылып,  бала  тынығады,  қайтадан  құлшынып  сабаққа  кіріседі. 
Сабақтарды жоспарлау кезінде олардың сипатын ескеру керек. Зейін мен ақыл-
ойдың  ӛте  күшті  ширығуын  туғызатын  есептеу  жӛніндегі  сабақтарды 
эмоциялық  тонусты  күшейтетін  музыкалық  немесе  дене  шынықтыру 
сабақтарымен  кезектестіру  тиімді  болады.  Әрекетті  ӛзгерту  кезінде  баланың 
бірінші  сабақ  кезіндегі  шаршағаны  шығады.  Сергіту  минутын  ӛткізу  кезіндегі 
міндетті шарт таза ауа (фрамуганың, терезенің ашық тұруы, желдетілген бӛлме) 
болып  табылады.  Сабақ  процесіндегі  сергіту  балалармен  сабақ  ӛткізілетін 
үстелдің жанында отырып немесе түрегеп тұрып ӛткізілуі мүмкін. Ол бұлшық 
еттердің  жұмысын  жандандыратын  және  кӛкірек  қуысын  кеңейтетін  кеудені 
тӛмен  июге,  орнында  тұрып  аяқ  басуға  құрылған  2-3  жаттығудан  тұрады. 
Бұлардың  бәрі  1-2 минуттың  ішінде  орындалады.  Екі  сабақтың  аралығындағы 
сергіту  қимыл-қозғалыс  ойыны  немесе  жаттығу  түрінде  ӛткізілуі  мүмкін. 


 
276 
Эмоциялық  тонусты  ерекше  күшейтетін  ойындардың  ішінде  секіріп  ойнауды, 
қуып  жетуді,  ұстап  алуды  әртүрлі  нұсқаларымен  пайдалану  тиімді  болады. 
Барлық балаларды ширақ қимылға тарта отырып, бұл ойындар қан айналымын 
күшейтеді,  тыныс  алуды  тереңдетеді,  құрсақ  қуысындағы,  бас  сүйегі  мен 
аяқтағы қанның ұю құбылыстарын жоюға кӛмектеседі. Жаттығулардың ішінде 
иық, белдеу еттерінің, кеуде, аяқтың негізгі топтарын интенсивті жұмыс істеуге 
тартатын,  тұлғаны  түзейтін,  жүйке  жүйесінің  қызметін  жандандыратын 
балаларға таныс жаттығулар қолданылады. Мысалы, қолдарды жоғары кӛтеру, 
оларды бұлғау, жан-жаққа созу, тӛмен түсіру; тартылу, жартылай отыру, отыру, 
аяқты тізеден бүгу; кеудені жан-жаққа қисайту, алға-тӛмен иіліп, ізінше бойды 
тіктеп  түзеу,  т.  б.  Жаттығу  аяқталысымен,  егер  ұзаққа  созылмайтын  қимыл-
қозғалыс  ойыны  ӛткізілсе,  тәрбиеші  балаларға  немен  айналысуы  керектігін 
ескертеді, асықпай ӛзі орындарын табуды ұсынады.    
      Балалар  мекемесіндегі  дене  тәрбиесі  мерекесі.  Мереке  балалардың 
қалыпты, шат кӛңілді  жағдайын, қимыл дағдыларын  қалыптастыруда олардың 
жетістіктерін  кӛрсетеді.  Қимыл  мазмұнының  динамикасына  толы,  таза  ауада 
ӛткізілген  мереке  балалар  ӛміріндегі  қуанышты  оқиға  болып  табылады.  Дене 
тәрбиесі  мерекесі  бағдарламасының  негізін  балалардың  белгілі  бір  уақыт 
кезеңінде  игерген  қимыл  дағдыларын  бейнелейтін  қимыл-қозғалыс  ойындары 
мен  сан  алуан  дене  жаттығулары  құрауы  керек.  Жүйелі  дене  шынықтыру 
сабақтарында  игерілген  ойындар,  жаттығулар  арнайы  дайындықты  талап 
етпейді  және  балаларды  зор  рақат  сезіміне  бӛлейді.  Мерекеге  дайындалу 
жоспарлы тәрбие жұмысына зиянын тигізбеуі керек. Уақыт жӛнінен ұзақтығын 
үнемі  ескермей  мерекеге  дейін  «нӛмірді»  сан  рет  қайталау  балалардың  дене 
күшінің,  психикасының  шаршап-шалдығуын,  қызығушылығының  жоғалуын, 
эмоциясының  тоқырауын,  оларды  мерекеде  жаттап  алған  сабақ  ретінде 
орындауын туғызады. Мереке балалармен жүргізілген жүйелі жұмыстың табиғи 
нәтижесі болуы керек. Дене тәрбиесі мерекелері тек ӛздеріне ғана тән  мазмұн 
ерекшелігімен  ӛзгешелене  отырып,  бағдарламасы  мен  құрылымы  жӛнінен 
мүлде сан алуан болуы мүмкін. Дене тәрбиесі (спорт) мерекесі күнделікті ӛмір 
фонында  балабақша  аумағын  (мереке  ӛткізетін  орынды)  әдеттегіден  тыс 
безендірумен,  дене  шынықтыру  құралдарымен  тамаша  сәндендірумен 
ерекшеленеді:  гүлдер,  фонарлар,  ленталар  және  с.  с.  балалалардың  қуанышты 
үмітін,  мерекелік  кӛңіл  күйін  туғызып,  балалар  ойнайтын  алаңның  қалыпты 
түрін  ӛзгертеді.  Мереке  процесінде  эмоциялық  ӛрлеу  туғызатын,  балаларды 
қуанышты, сергек кӛңіл күймен біріктіретін музыка зор рӛл атқарады. 
Мерекенің бірінші бӛлімі спорт парады формасында құрылуы мүмкін, ол 
жеке  командаларға  бӛлінген,  ӛздерінің  вымпелдерімен,  белгілерімен  ӛтетін 
балалардың  жалпы  салтанатты  шеруімен  басталады.  Балалардың  әнмен, 
ӛлеңмен  ұштасқан  қимылдары  жоғары  эмоциялық  ӛрлеу  туғызады.  Оның 
ізінше  балалар  ӛздерінің  ойындағы  және  жаттығулардағы  жетістіктерін 
кӛрсетулері  мүмкін.  Ересектер  топтары  ӛздеріне  қолайлы  жарысқа  (жүгіруге, 
лақтыруға,  секіруге,  т.  б.),  спорттық  ойындар  элементі  қолданылатын 
ойындарға қатысады. 


 
277 
Мерекенің  екінші  бӛлімі  балалардың  күшті  қызығушылығын,  сезімінің 
жарқындығын,  таңғалуын,  қуанышын  туғызатын  сыйлық  түрінде  болуы 
мүмкін.  Мысалы,  барлық  балалар  мен  қонақтарды  «тылсым  орманға» 
серуендеуге  шақыру,  ол  орман  алаңында  қол  ұстасып,  ән  салу,  би  билеу, 
балаларға  «сиқырлы  дастарқаннан»  шай  беріп,  дәм  татқызумен  аяқталады. 
Мерекелер қыста да қызықты болады. Олардың мазмұны белгілі бір маусымға 
тән  балалардың  қимыл-әрекеттерін  құрайды.  Ептілікті  шыңдауға  арналған 
әртүрлі  тапсырмалармен  шана  тебу,  коньки  теуіп  ойнау,  шаңғымен  жүру, 
хоккей  ойнау,  кӛңілді  қимыл  ойындары,  ересектер  немесе  мектеп  оқушылары 
дайындаған, кӛпшілік билейтін күрделі емес билер және сыйлық жасау сәттері. 
Қыс  мерекесі  жаңа  жылдық  шырша  тӛңірегінде  немесе  белгілі  бір  тақырыпқа 
құрылған  ойын  түрінде  («Cолтүстікке  сапар  шегу»,  «Cаяхат  жасау»,  т.б.) 
ұйымдастырылуы  мүмкін.  Жоғарыда  атап  кӛрсетілгеніндей,  бағдарламаның 
негізін  қыс  айларына  дейін  балалар  игеріп  үлгерген  қыс  айларындағы  дене 
жаттығулары,  ойындар  құрайды.  Әсем  атрибуттар,  музыка  (баян,  аккордеон) 
оларды  ерекшелендіреді,  тартымды  етеді.  Қыс  мерекесінде  балалардың 
орындауында  әндер  мен  ӛлеңдер  естілмейді,  алайда  музыка,  жетекшінің 
(ӛлеңмен  немесе  қара  сӛзбен)  үн  қатуы  мерекелік  кӛңіл  күйді  туғызады, 
балалардың  жекелеген  әрекеттері  мен  ойындарын  біртұтас  етіп  біріктіреді. 
Қуанышты  таңырқау  мен  күлкінің  бастауы  ретінде  сыйлық  жасау  сәтін 
ересектер немесе мектеп оқушылары орындайды. 
  
Балалар  бақшасындағы  дене  жаттығулары  мейрамдары  балалардың 
белсенді демалысының бір түрі - ол белгілі бір уақыт аралығында ойындарды, 
дене  жаттығуларын  балалардың  меңгеруі  кезінде  қол  жеткен  нәтижелерді 
кӛрсетуге  мүмкіндік  береді.  Бұдан  басқа  балаларға  күтпеген  жағдайларда 
бағытты  ӛзгертуден,  зеректіктен,  икемділіктен,  күш  сынасудан  мерекелік 
жағдайда  жарысуға  мүмкіндік  туғызылады.  Мейрамдар  бір  топ  үшін  де,  бір 
жастағы  бірнеше  топ  пен  жастары  жӛнінен  аралас  топтар  үшін  де  ӛткізіледі. 
Мейрамды  ӛткізу  орны  дене  шынықтыру  залы,  алаң,  хауыз  (бассейн),  мұз 
айдыны, шаңғы жолы болуы мүмкін. Дене шынықтыру мейрамының маңызды 
қорытындысы  -  бұл  қатысудан,  жеңуден,  қарым-катынастан,  бірігіп  атқарған 
қызметтен  туындаған  қуаныш  пен  шаттық.  Қозғалыс  белсенділігін 
ұйымдастырудың  ӛзге  түрлеріне  қарағанда,  кез  келген  дене  шынықтыру-
спорттық мейрамы үлкен дәрежеде баланың қимыл-қозғалысының сұранысына 
сәйкес келеді, оның денесінің үйлесімді дамуына себепші болады. 
Кез  келген  мейрамды  ұйымдастыру  -  дайындықты,  ӛткізуді, 
қорытындысын  шығару  сатылары  енетін  күрделі,  кӛп  күш  жұмсауды  қажет 
ететін  процесс.  Мейрамға  дайындық  -  бұл  сценарийді  кұрастыру,  атқаратын 
жұмыс  пен  міндеттерді  қатысушылардың  арасында  бӛлу,  музыкалық 
сүйемелдеуді  таңдау,  алаңды  немесе  залды  безендіру,  спорттық  киімдерді, 
эмблеманы, шақыруларды, т.б. дайындау. 
Мейрамның  жоспар-сценарийін  құрастырғанда  тӛмендегілерді  орындау 
қажет: 


 
278 
  ойындар  мен  тапсырмаларды  жоғары дене  жүктемесімен,  сондай-ақ 
күйзеліс-қиналысты 
түсіруге 
арналған 
тапсырмалармен 
кезектестіруді қарастыру; 
  бұқаралық  және  жеке  ойындар  мен  тапсырмаларды  кезектестіру 
баланың  қатысуын,  іс-қимылын  оның  жеке  ерекшеліктері  мен 
мүмкіндіктерін есептей отырып бағалауды қарастыру; 
  жаңа  белгілерді,  музыканы,  кейіпкерлерді  кірістіре  отырып, 
балаларға  таныс  және  оларда  жағымды  сезімталдық  жағдайды 
туғызатын ойындар мен тапсырмаларды үйлестіру. 
Мейрамның  ұзақтығы  қатысушылардың  жасына  сәйкес  белгіленеді:  4-5 
жастағы  балалар  үшін  45-50  минут;  6-7  жастағы  балалар  үшін  60-90  минут. 
Егер  мейрамға  әртүрлі  жастағы  балалар  мен  ересектер  қатысатын  болса,  онда 
балалардың  катысу  ұзақтығы  олардың  жүйкесі  мен  дене  мүмкіндіктерімен 
анықталады.  Дегенмен  де,  мейрам  кез  келген  жағдайда  1,5  сағаттан  артыққа 
созылмауы керек, әйтпесе, қызығушылықты азайтатын шаршау пайда болады. 
Мейрамға  қатысушылар  4  жастан  7  жасқа  дейінгі  түрлі  жастағы  балалар  да, 
ересектер  де  болуы  мүмкін.  Мұндай  мейрам,  әдетте,  қозғалыс  ойындарынан, 
атракциондардан,  ермек  ету  жұбаныштарынан  құрылады,  оған  (кезекпен 
немесе  бірдей  жастағы  азғантай  топпен)  барлық  балалар  қатысады,  ал  қол 
ұстасып  жүріп  ән  айту  мен  билер  секілді  кӛпшілікті  қамтитын  ойындарға 
ынталылардың бәрі бір мезгілде қатыса алады. Мейрам бірдей жастағы немесе 
сол  жасқа  жақын  жастағы  балаларды  қосу  негізінде  де  ұйымдастырылуы 
мүмкін.  Егер  ол  жарыстың  элементтері  бар  ойындардан  немесе  спорттық 
ойындардан құрылса, онда оның қатысушылары 5-7 жас аралығындағы балалар 
болады.  Мазмұндық  ойындар  мен  музыкалық  сыйлық  басым  болатын  кӛңіл-
кӛтеру, саяхат жасау мейрамы болса, оған 4-6 жастағы балалар қатысады. 
Мейрамды  кӛңілді  жарыс  есебінде  ӛткізуге  болады,  оған  ата-аналары, 
атасы мен әжесі, аға-інісі және апа-сіңлісі де қатыса алады. 2-3 жастағы балалар 
да қатыса алатын жекелеген және арнайы ойындық тапсырмалары мен кӛпшілік 
қатысатын  әзіл-күлкілі  эстафеталар  да  белгіленеді  (ӛздерінің  аға-апаларының 
аяғының  арасынан  еңбектеп  ӛту,  әжелер  үшін  ӛзінің  немересін  қайткенде  де 
жылдам киіндіру тапсырмалары және т.б). 
Мейрамның  құрылымында  шартты  түрде  3  бӛлімді  қарастыруға  болады. 
Бірінші  кіріспе  бӛлімі  -  қатысушылардың  шеруі  түрінде,  ертегідегі 
кейіпкерлердің  күтпеген  жерден  немесе  кӛпшілік  қатысатын  ойындарға, 
атракционға  және  ойын-күлкіге  барлығының  да  қатысуы  керектігін  айтатын 
шақырушының шыға келуі түрінде ұйымдастырылуы мүмкін. Қыста мейрамды 
ұзын  шана  поездың  немесе  үш  ат  жеккен  шананың  қозғалысынан  да  бастауға 
болады.  Су  тасқынынан,  ӛрттен,  жер  сілкінісінен  зардап  шеккендерді  құтқару 
үшін  барлық  батылдар  мен  күштілерді  шақыратын  дабыл  қағу  түрінде, 
құтқарушылардың,  саяхатшылардың,  ғарышкерлердің  ойын-мейрамы  түрінде 
де басталуы мүмкін. 
Сабақтың  басты  міндеттерін  шешуге  бағытталған  мейрамның  негізгі 
бӛлімі  ойындар,  жарыстар,  атракциондар  түріндегі  тиісті  қозғалыстар 
мазмұнымен  толықтырылады.  Әр  баланың  қатысуын  қарастырған  маңызды. 


 
279 
Әдетте,  "Бізде  кім  батыл?"  немесе  "Kім  мына  ойынды  ойнағысы  келеді?"  деп 
сұрақ-шақыруларға  үнемі  бір  балалар  ғана  қол  кӛтереді  де,  ал  шешімсіз  және 
ұялшақ  балалар  жұмысқа  (ойынға)  қатыспайды.  Бұл  жағдайда  былай  жасауға 
болады. Залға кіргенде әрбір бала билет алады (билеттің түрі, түсі, т.б. әртүрлі 
болуы  мүмкін),  мейрамның  барысында  жүргізуші  қоян  түріндегі  билеті 
барларды "Cекіргіштер" жарысына қатысуға шақырады. Билеттерді әр баланың 
ерекшеліктерін  жақсы  білетін  ересек  адам  таратады.  Жағымсыз  сезімге  тап 
болмас үшін, кімге қандай билетті беру керектігін алдынала шешіп алған жӛн. 
Егер  мейрам  кӛпшілікті  қамтитын  сипатта  болса,  онда  жабдықтарды,  қоятын 
және  жинайтын,  музыкалық  сүйемелдеуді  қамтамасыз  ететін,  сыйлықтарды 
тапсыратын, тәрбиешілер мен оқушы-балалардың ішінен жүргізушінің бірнеше 
кӛмекшісі  болғаны  жӛн.  Айқын  байқалатын  жарыстық  бағыттағы  мейрамда 
жекелеген  қатысушылардың  немесе  команданың  кӛрсеткен  ӛнерін  уақытылы 
бағалау маңызды. Бұл үшін алдын ала үш-бес адамнан қазылар (жюри) алқасы 
сайланады  және  кӛрінетін  жерге  кӛрсеткіш  тақта  (табло)  ілінеді.  Ол  дәстүрлі 
немесе  әдеттен  тыс  болуы  да  мүмкін,  мысалы,  құрылыс  материалынан 
тұрғызылған мұнара түрінде болуы мүмкін, кімнің мұнарасы биік тұрғызылса, 
сол жеңіске жетеді және т.б. 
Қорытынды  шығарғанда  жүргізуші  ӛте  әдепті,  сыпайы  болғаны  жӛн: 
ӛйткені  балалар  ӛте  кінәмшіл  болып  келеді,  олар  ӛз  қабілеттерін  дұрыс 
бағалай  алмайды,  сәтсіздіктеріне  жаны  қатты  ауырады.  Сондықтан, 
біріншіден,  командаларды  дұрыс  кұрған  жӛн,  олар  күші  жӛнінен  және  ер 
балалар  мен қыздардың  саны  тұрғысын  да  тең болуы  тиіс.  Екіншіден,  жеңіс 
және жеңіліс туралы ұқыпты түрде айту, балаларда үміт пен сенімділік рухын 
колдау қажет. Мейрамның соңына карай ұқыпты түрде нәтижелерді теңестіру 
немесе  түрліше  ретте  (номинациямен)  екі  команданы  да  марапаттау  керек, 
мысалы,  бірінші  команда  "Eң  епті  және  жылдам",  екіншісі    "Eң  ұйымшыл 
және  кӛңілді"  деген  ретте.  Кез  келген  мейрамның  шарықтау  шегі  күтпеген 
сәттер  болып  табылады.  Оның  мазмұны  мен  күтілетін  уақыты 
қатысушылардың жасына байланысты. Кӛп
 
жағдайда күтілмеген сәт есебінде 
ертегідегі  кейіпкерлердің  (ересектер,  үлкен  балалардың)  күтпеген  жағдайда 
кӛрінуі  пайдаланылады.  Соңында  "Tышқан  аулау",  "Әткеншектер"  түріндегі 
орташа  қозғалыстағы  кӛпшілік  катысатын  ойындарды  (шеңберде  болса 
жақсы)  ӛткізу,  кӛпшілік  үшін  би  ұйымдастыру  орынды  болады.  Марапаттау 
салтанатты  және  кӛтеріңкі  жағдайда  жүргізілуі  тиіс.  Эмблемаларды,  үшкір 
жалаушаларды  (вымпелдерді),  кәде-сыйларды  (сувенирлерді)  топтағы  ең 
кӛрнекті,  құрметгі  орынға  орналастырған  дұрыс  болады.  Егер  бұл  жеке 
сыйлық  болып  және  оны  балалар  үйге  алғысы  келсе,  балалар  бӛлмесінен 
"жеңіс" бұрышын тауып, қоюға ата-аналарға кеңес берген жӛн. Бұл салауатты 
ӛмір салтын қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. 
Дене  жаттығуларымен  шұғылдануға  орнықты  кызығушылықты  балаларда 
қалыптастыруға мүмкіндік береді.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет