Дєріс тезистері


-тақырып. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін жоспарлау мен



Pdf көрінісі
бет217/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   294
19-тақырып. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін жоспарлау мен 
есепке алу 
 
1.  Жұмысты  жоспарлау  мен  есепке  алудың  маңызы  (Жоспарлаудың  түрлері: 
перспективалық,  күнделікті.  Құжат  түрлері:  жылдық,  апталық,  күнтізбелік 
жоспар. Жоспарлауға қойылатын талаптар) 
2.  Есепке алу түрлері  
3.  Балалардың дене әзірліктерін тестілеу әдістемесі 
Жоспарлау  -  бұл  белгілі  бір  уақыт  аралығында  қандай  құралдармен, 
әдістермен,  қандай  ұйымдастыру  формаларында  дене  тәрбиесінің  міндеттерін 
шешетінін, сондай-ақ  одан қандай нәтижелер алынуға тиісті екенін алдын ала 
кӛре  білу.  Дұрыс  жоспарлау  белгілі  бір  жүйеде  және  бір  ізділікте  дене 
шынықтыру  жаттығуларын  қолдана  отырып,  кӛзделген  мерзімде  оқу-тәрбие 
жұмыстарында мейлінше, жоғары нәтижелерге жетуге кӛмектеседі. Есепке алу 
-  бұл  денсаулық  жағдайын,  дененің  даму  деңгейі  мен  дайындығын  анықтау. 
Осы  есепке  алудың  негізінде  жұмыс  жоспары  жасалады.  Есепке  алу 
балалардың түрлі кӛрсеткіштерінің ӛзгеруін кӛруге жоспарлаудың дұрыстығын 
анықтауға,  оған  дер  кезінде  кейбір  ӛзгерістерді  енгізіп  отыруға  мүмкіндік 
береді. 
Жоспарлау  мен  есепке  алу  бір-бірімен  байланысты.  Тек  дер  кезінде 
мұқият  есепке  алу  және  жұмысты  дұрыс  жоспарлау  арқылы  ғана  денені 
жетілдіруде  жоғары  кӛрсеткіштерге  жетуге  болады.  Мектепке  дейінгі 
мекемелерде жалпы жұмыс жоспары жасалады. Әрбір топ үшін бір жылға дене 
жаттығуларын  белгілейтін  жоспар-график,  апталық  күнтізбелік  жоспар,  дене 


 
282 
шынықтыру  сабақтарының,  ертеңгілік  гимнастиканың,  қимыл-қозғалыс 
ойындарының, дене тәрбиесінің басқа да формаларының жоспар-конспектілері 
талдап  жасалады.  Сондай-ақ,  тәрбиеші  әдістемелік  жұмысты,  ата-аналармен 
ӛткізілетін шараларды да жоспарлайды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет