Дєріс тезистері


Материалдық-техникалық базаны дамыту мен нығайту



Pdf көрінісі
бет272/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   294
Байланысты:
дене тәрбиесінің оқыту әд

5.2. Материалдық-техникалық базаны дамыту мен нығайту 
Елде  материалдық-техникалық  базаны  дамыту  екі  бағытта  -  бұқаралық 
спорт үшін және жоғары жетістіктер спорты үшін жүзеге асырылуға тиіс. 
Халықтың  дене  жаттығуларымен  шұғылдануға  деген  сұранысын 
қанағаттандыру  мақсатында  спорт  ғимараттарының  санын  кӛбейту,  сервистің 
қажетті  деңгейін  жасау  әрі  оған  халықтың  қалың  жігінің  қолжетімділігін 
қамтамасыз ету қажет. 
Елдің  құрама  командаларына  спорт  резервін  даярлау  жӛніндегі  негізгі 
жұмысты  қамтамасыз  ететін  балалар  мен  жасӛспірімдер  мектебінің  және 
спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, олимпиадалық 
даярлық  орталықтары  мен  олимпиада  резервін  даярлау  орталықтарының 
жаттықтырушы-оқытушылар  құрамының  жемісті  жұмыс  істеуі  үшін  қажетті 
жағдай  жасау,  оларды  сапалы  мүкәммалмен  және  жабдықпен  жарақтандыра 
отырып, спорт ғимараттарын жаңадан салу және қолдағы барын қайта жаңарту 
қажет. 


 
343 
Әрбір  аудан  орталығы  мен  республикалық  және  облыстық  маңызы  бар 
қалаларда  бір  үлгідегі  дене  шынықтыру-сауықтыру  кешендерін,  елдің  түрлі 
ӛңірлерінде халықаралық спорт ұйымдарының талаптарына сай және ел құрама 
командалары 
мен 
ӛңірлердегі 
жетекші 
спортшылардың 
сұранысын 
қанағаттандыратын  қазіргі  заманғы  спорт  ғимараттарын  салуды  қамтамасыз 
ету, Алматы облысында қазіргі заманғы республикалық олимпиадалық даярлау 
базасының, Щучье  қаласында шаңғы базасының, Астана қаласында спорттағы 
дарынды  балаларға  арналған  республикалық  мектеп-интернаттың  құрылысын 
аяқтау  қажет.  Қысқы  Азия  ойындарын  ӛткізу  үшін  халықаралық  спорт 
ұйымдарының  талаптарына  сай  спорт  объектілерін  салуды  және  Алматы 
қаласының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету қажет. 
Осы міндеттерді шешу үшін: 
әрбір  аудан  орталығы  мен  республикалық  және  облыстық  бағыныстағы 
қалаларда бір үлгідегі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуды; 
қазіргі  бар  спорт  ғимараттарын,  жұмыс  істеп  тұрған  спорт  алаңдарын 
қайта  жаңғырту  мен  жаңалауды,  спорт  залдары  мен  спорт  кешендерін 
жабдықтауды; 
спорт  түрлері  бойынша  ел  құрама  командалары  мен  ӛңірлердің  құрама 
командалары, балалар мен жасӛспірімдер спорт мектептері, спорттағы дарынды 
балаларға  арналған  мектеп-интернаттар  және  олимпиада  резервін  даярлау 
орталықтары  үшін  халықаралық  стандарттарға  сай  келетін  әрі  жаңа 
мүкәммалдармен  және  жабдықтармен  жарақталған  қазіргі  заманғы  спорт 
базаларын салуды; 
2011 жылғы қысқы Азия ойындарын ӛткізу үшін тиісті құрал-жабдықпен 
жарақталған спорт базаларын салуды; 
Қазақстанның  бірқатар  ӛңірлерінде  басқа  да  спорт  объектілерін  салуды 
қамтамасыз ету керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет