50
бұлшық еттер созылады. Қолдың қозғалыс жолын ұзарту доптың алысқа
лақтырылуын қамтамасыз етеді. Биіктікке секіру кезінде адам негізгі фаза
орындалатын бағытқа қарай жүгіреді, бұл жоғары қарай серпілу күшін
арттырады және биік кедергіден асып түсуге мүмкіндік береді.
Негізгі фаза
басты қимыл-қозғалыстық міндеттерді шешуге бағытталған. Мәселен,
лақтырғанда допты қолдан шығаруға, секіргенде қатты серпілуге, кедергіні
алуға бағытталады. Сол сияқты, бір орында тұрып, қос аяқтап секірген кезде
аяқпен итерілгеннен кейін - ұшу негізгі фазаға жатады. Бұл фазада қозғалыс
күштерін тиісті жерінде, бағытында және қажетті сәтінде орынды жұмсау
маңызды.
Соңғы фазаның міндеті - қозғалысты тежеу және тепе-теңдік
сақтап қалу, алысқа лақтырудан соң сызықтан асып кетпеу, жүгіріп келіп
ұзындыққа секірген соң құламау. Жаттығу элементтерге бӛлінеді, мысалы,
нысананы кӛздеп лақтыруда: бастапқы жағдайда кӛздеу, құлаштау, лақтыру.
Достарыңызбен бөлісу: