Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет62/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   294
 
 
 
 
 
5-тақырып. Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламалары және дене тәрбиесі 
мазмұны 
 
1.  Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасы- мектеп жасына дейінгі балаларды 
тәрбиелеу, оқыту және ӛмірін ұйымдастыруға басшылыққа алынатын құжат 
2.  «Балбӛбек» бағдарламасындағы ұлттық тәрбие жӛнінде 


 
60 
3.  «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» 
бағдарламаларындағы дене тәрбиесі мазмұны 
 
Бағдарлама  (программа,  грек.programma-хабарландыру,  нұсқау)  –  1)  белгілі 
бір  қызметтің  (не  әрекеттің),  жұмыстың,  т.б.-дың  мазмұны  мен  жоспары;  2) 
саяси  партиялар,  ұйымдар  және  жеке  қайраткерлер  қызметінің  негізгі 
қағидалары  мен  мақсатының  тұжырымдамасы;  3)  оқу  пәнінің  қысқаша 
тұжырымдамасы;  4)  театр,  концерт,  цирк  қойылымдарының,  радио, 
телехабарлардың мазмұны және берілу реті; 5) бағдарламалау тілінде берілген 
амалдарды  орындау  алгоритмінің  сипаттамасы.  Осы  негізде  мектепке  дейінгі 
тәрбие  мен  оқыту  бағдарламалары  -  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  оқу-тәрбие 
жұмысының  мақсатын,  міндеттерін,  мазмұнын  айқындайтын  мемлекеттік 
құжат. Онда мектепке дейінгі тәрбие теориясы мен тәжірибесінің дамуындағы 
жаңалықтар  қорытындыланып  берілген.  Бағдарламада  білім  беру  жүйесінің 
алғашқы  буыны  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  алатын  орны,  әртүрлі  жас 
тобындағы  жүргізілетін  оқу-тәрбие  жұмысының  мазмұны  қарастырылады. 
Бағдарламалардың  құрылымдық  ерекшеліктері  мен  мазмұны,  әр  жас  тобының 
күн  тәртібі,  қимыл-қозғалысын  жетілдіру,  ойын-сабақтар  ӛткізу  мүмкіндіктері 
әр жылдарда толықтырылып, байытылып отырады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу 
мен  оқыту  бағдарламалары  (бұдан  былай  «Бағдарлама»)  мектепке  дейінгі 
жастағы  балалардың  денесі  шыныққан,  ақыл-ойы  ұшқыр,  адамгершілік 
жағынан мінсіз, еңбексүйгіш, эстетикалық талғамы бай етіп тәрбиелеу міндетін 
қояды.  Онда  әрбір  баланың  жас  ерекшелігі,  жеке  басының  ӛзіндік  ерекшелігі, 
психикалық-физиологиялық ерекшелігі ескеріледі. Балабақша балалардың жан-
жақты  дамуына  қамқорлық  жасайды  олардың  талап-тілегін,  қажетін  ескеріп, 
мазмұнды  да  қызықты  іс-әрекетін  (ойын,  еңбек,  оқу)  ұйымдастырады. 
Балалардың кӛңіл-күйінің сергек, қуанышты болуын кӛздейді. Мектепке дейінгі 
тәрбиелеу  мен  оқыту  бағдарламалары  негізінде  педагогикалық  процесті 
ұйымдастырып,  бірізді,  жүйелі  болуын  қадағалайтын,  оның  талаптарын 
орындауға  жауапты  басты  тұлға  -  тәрбиеші.  Ол  бағдарламаға  сүйене  отырып, 
әрбір  топтағы  тәрбиелеу  мен  оқыту  мазмұнының  келесі  топта  қайталанбауын 
қадағалайды  және  дұрыс  ұйымдастырылуына  басшылық  жасайды.  Мектепке 
дейінгі  тәрбие  бағдарламасы  -  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу, 
оқыту  және  ӛмірін  ұйымдастыруда  басшылыққа  алынатын,  отбасында, 
мектепке дейінгі ұйымдардың жас ерекшелік топтарында балаларды тәрбиелеу 
мен  оқытудың  мақсат-міндеттерін,  мазмұнын  айқындайтын  негізгі  құжат. 
Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқыту  бағдарламаларының  қалыптасу 
тарихына  кӛз  жіберейік.  Бағдарламалар  мектепке  дейінгі  қоғамдық  тәрбиенің 
дамуымен бірге жетілдіріліп отырды.  
Қазақстан  тәуелсіздігінің  алғашқы  жылынан-ақ  бағдарламалар    ӛңделіп, 
толықтырылып  қабылданып  жатты.  2000  жылы  «Балбӛбек»  мектепалды 
даярлық   бағдарламасы жарық кӛрді. Мектепке  дейінгі  тәрбиенің  теориясы 
мен  практикасының  осы  заманғы  дәрежесі  балаға  жеке  адамның,  яғни 
оның  бойындағы  алуан  түрлі  қасиеттердің  бүтіндей  қалыптасуы 
тұрғысынан  қарауды  талап  етеді.  Тәрбие  жұмысы  тұтас  кешенді  процесс 


 
61 
ретінде  жүзеге  асырылуға  тиіс.  Сондықтан  «Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу 
мен  оқыту  бағдарламасы»  тәрбиешілердің  назарын  баланы  терең 
зерттеуге,  оның  ӛсіп  дамуындағы  жас  заңдылықтары  мен  жеке 
ерекшеліктерін  білуге  бағыттайды.  «Бағдарлама»  балалар  іс-әрекетінің 
әртүріне  -  ойын,  еңбек,  оқу,  тұрмыс  әрекеттеріне  тәрбиешінің  нысаналы 
бағытпен басшылық етіп отыруы қажеттігін, бұл іс-әрекеттер процесінде 
білім,  іскерлік,  мінез-құлықтың  белгілі  бір  формалары  белсенділікпен 
игерілетінін  түсіндіреді.  Сондай-ақ,  «Бағдарламада»  балаларды  мектепке 
даярлаудағы  балалар  бақшасының  ерекше  рӛлі,  олардың  жоғары  рухта 
тәрбиеленуіне,  педагогикалық  процестің  ұйымдастырылуына  және 
мектепке  дейінгі  ұйымдар  алдында  тұрған  міндеттердің  жүзеге 
асырылуына тәрбиешінің жауапкершілігі атап кӛрсетіледі. 
 «Бағдарламалар»  тӛмендегі  принциптерге  (ұстаным,  қағида)  сәйкес 
құрылған: 
1.  Бағдарлама 
материалы 
мазмұнының 
идеялылығы, 
құрылу 
принциптері оның қоғамдық тәрбие міндеттеріне сай болуы. 
2.  Оқыту мен тәрбиенің бірлігі. 
3.  Сәбилік  шақтан  мектепке  барғанға  дейінгі  балаларға  тәрбие  мен 
білім  беру  жӛніндегі  педагогикалық  процестің  тұтастығы  және 
үздіксіздігі. 
4.  Материал  орналасуының  жүйелілігі  және  бірізділігі,  оның  топтан 
топқа карай біртіндеп күрделенуі. 
5.  Iс-әрекеттің  әртүрінде  жүзеге  асырылатын  жалпы  және  жеке 
міндеттер  орналасуының  жас  шақтары  тұрғысынан  алғандағы 
принципі. 
6.  Iс-әрекеттің әртүрінде: ойын, оқу, еңбек, тұрмыс әрекеттері кезінде 
тәрбиенің жүзеге асырылуы. 
7.  Жинақылық-бұрын  ӛткен  материалға  неғұрлым  жоғары  дәрежеде 
қайта оралу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет