Дене жетілуі - дене дамуының тарихи шартты деңгейі. Денсаулықтың,
ӛмірге, еңбекке және Отанды қорғауға жан-жақты дене дайындығының жоғары
дәрежелігі. «Дене жетілуі» ұғымының белгілері ӛскелең қоғамдық қажеттіктер
- ӛндіріс қажеттіктері, сондай-ақ адамның ӛзінің ынта-ықыласы әсерінен
ӛзгеріп отырады. Әр тарихи дәуір үшін дене жетілуінің ӛзіндік деңгейі тән.
Құлдық пен қаналушылықтан азат етілген елдерде дене жетілуінің мейлінше
жоғары деңгейіне қоғамның барлық мүшелерінің қолы жете алады. Біздің
елімізде және басқа да кӛптеген мемлекеттерде адамзаттың интеллектуалдық,
моральдық, дене жағынан жарасымды дамуы жайындағы арманы жүзеге асуда.
Кәсібі, жынысы, жасы әртүрлі адамдар дене жетілуінің ӛзіндік ерекшеліктері
бар.