Дєріс тезистері


Мазмұны:  Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары



Pdf көрінісі
бет82/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   294
Мазмұны: 
Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары  
Ортаңғы топта үйренген жаттығуларды қайталап, балалардың іскерлік пен 
дағдыларын жетілдіру және бекіту.  
Негізгі қимыл жаттығулары 
Жүру: 


 
78 
-  түрлі  қарқында  бір  қатармен,  екі  қатармен,  аяқтың  ұшымен,  ӛкшемен 
жүру жаттығуларын белгі бойынша орындау; 
- бүгілген тізені жоғары кӛтеріп, жартылай отырып; 
- заттарды аттап, заттар арасынан; 
- қолды түрлі қалыпта ұстап (жоғары, алға, жанына, желкеде); 
- тәрбиешінің белгісімен тоқтап; 
- қозғалыс бағытын ӛзгертіп, заттар арасымен; 
- шашырап, заттар арасымен; 
- жүгіруді алмастыра; 
- адымдап алға қарай жүру; 
- «жыланша» ирелеңдеп; 
-  сызық  және  шеңбер  бойымен  қол  ұстасып,  жіптен  ұстап,  жіпті  басқа 
қолға ауыстырып қысқа және кең қадаммен
- 3-4 м жерге дейін кӛзін жұмып жүріп ӛту. 
Жүгіру: 
- бір қатармен, шашырап, жұптасып, түрлі қарқында; 
- шеңбер бойымен, қол ұстасып, келесі бетке бұрылыс жасап; 
-  заттарды  аттап,  тізені  жоғары  кӛтеріп  майда  және  кең  қадаммен  заттар 
арасымен; 
- заттар арасымен шашырап; 
- «жыланша» ирелеңдеп, кедергілер арасымен; 
- жұптасып, тізбектеліп, бастаушыны ауыстыра отырып сапқа қайта тұрып
- кедергілерден ӛтіп; 
-  1,5-2  мин  түрлі  жылдамдықпен  —  баяу,  жылдам,  орташа  қарқынмен 
тоқтамай, орташа жылдамдықпен 60-100 м; 
- ұстап және айламен тосып алып
- баяу қарқынмен кедергілер арасымен 2 минут тоқтамай; 
- қиылысқан жерге дейін 320 метрге; 
- белгіленген жерге дейін жылдамдыққа, арақашықтыққа (ұзындығы 20 м) 
жүгіру; 
-  бірнеше  рет  сап  түзеу  арқылы  жылдамдыққа  жүгіруді  баяу  жүгірумен 
алмастыру; 
- мейлінше тез 20-30 м арақашықтыққа (жылдың аяғында 5,5-5 секундта 20 
метрге, 7,5-8,5 секундта 30 метрге); 
- 120-200 метрге 2-3 рет жүрумен алмастырып; 
- екі, үш қатарға сапқа қайта тұрып (жол бойында кеглиді алу); 
- ирелеңдеп жүгіру (10 метрден 3 рет). 
Секіру: 
- бір орында, алға қарай; 
- тізенің арасын қос аяқтап қаппен; 
- қос аяқтап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м),      5-6 заттар арқылы 
(биіктігі 15-20 м), оң және сол қырымен; 
- жіптің үстінен; 
- түзу бағытта (арақашықтығы 6 м) 


 
79 
- оң және сол аяқтарымен кезектесіп заттар арасымен (арақашықтығы 3 
м); 
- оң және сол аяғын кезектесіп; 
- 20 см-ге дейін жоғарыдан; 
- алға қарай бір аяқтан екінші аяққа (арақашықтығы   3-4 м); 
- бір орыннан ұзындыққа (80 см-ден кем емес); 
- жүгіріп келіп ұзындыққа (100 см-ден кем емес); 
- жүгіріп келіп биіктікке (биіктігі 30-40 см-ден кем емес); 
-  шахмат  тәрізді  қойылған  қырлы  бӛрене  арқылы  (арақашықтығы  50 
см), доптардан (5-6 дана) қос аяқтап секіру; 
- зал ортасына қойылған жіптің оң және сол жағынан    4 м қашықтыққа 
алға жылжып; 
-  ұзын  және  қысқа  секіртпемен  қос  аяқтап,  ытқып-ытқып,  бір  аяқтан 
екінші аяққа алға айналдырып және қос аяқтап ытқып секіруді алмастырып 
алға, артқа секіру; 
- теңселіп, айналып, бір орында тұрған секіртпемен; 
- қысқа секіртпемен алға жүріп (арақашықтығы 8 м) қос аяқтап; 
-  арақашықтығы  40  см  құрсаудан  келесі  құрсауға  бір  аяқтап  және  қос 
аяқтап; 
-  қос  аяқтап,  аяқтың  оң  және  сол  қырымен  (3  рет),  одан  соң  180 
градусқа бұрылып секіру. 
Лақтыру, қағып алу, домалату: 
-  қос  қолмен  допты  жоғары,  жіптің  үстінен  лақтыру,  допты  еденнен 
ыршытып  жоғары  лақтырып  қос  қолмен  қағып  алу  (10  реттен  кем  емес) 
допты қабырғаға ұрып және еденнен ыршытып қос қолмен қағып алу; 
- допты заттар арасымен және түзу бағытта домалату; 
-  3-4  м  арақашықтықта  допты,  қапты,  тасты,  асықты  нысанаға  дәлдеп 
лақтыру;  
-  3-4  м  арақашықтықтан  қапты  тігінен  иықтан  асырып  оң  және  сол 
жағымен лақтыру; 
-  қапшықтарды  себетке,  алысқа  кӛздеп  тастау,  бір  қолымен  қапшықты, 
екі қолмен допты тӛменнен құрсауға лақтыру; 
-  допты  екі  қолымен  бір-біріне  (арақашықтығы  1,5-2  м)  басынан  асыра 
лақтыру; 
- тізбектеліп және тізерлеп тұрып допты екі қолымен бір-біріне басынан 
асыра лақтыру; 
- 3  м арақашықтықта тізбектеліп допты тӛменнен қос  қолдап,  кеудеден 
және тӛменнен лақтырып, тосар алдында қолды шапалақтау; 
-  допты  қос  қолдап  заттар  арасымен  (4-5  м  арақашықта)  алға  қарай 
алып жүру; 
-  алға  қарай  жылжып  қос  қолмен  допты  лақтырып  қайта  қағып  алу 
(арақашықтығы 4-5 м); 
- сақинаны лақтыру арқылы таяққа кигізу; 
- допты қос қолмен себетке лақтыру; 
- шағын допты бір қолымен лақтырып, қос қолдап тосып алу; 


 
80 
-  допты  бір  қолмен  еденге  ыршытып,  қос  қолмен  тосып  алу,  бір 
қолымен жоғары лақтырып, бір қолымен тосып алу. 
Еңбектеу және ӛрмелеу:  
-  биіктігі  40  см  болатын  жіптің  астынан  қолды  еденге  тигізбей,  жанымен 
еңбектеу; 
- гимнастикалық орындық үстінде ішпен, арқаға қапшық қойып еңбектеу
-  еңкіш  басқышпен  ӛрмелеп  гимнастикалық  қабырғаға  ӛтіп,  одан  қайта 
түсу, гимнастикалық орындық үстімен еңбектеу; 
- биіктігі 50 см доға астымен қолына допты ұстап, қатарынан қойылған 3-4 
доғаның астынан еңбектеу; 
- қолды еденге, шеңбердің шетіне тигізбей топталып шеңбердің ішіне кіру 
(биіктігі 50 см); 
- кеглилер арасымен допты басымен итеріп еңбектеу; 
- арқаға қапшық қойып еңбектеу; 
-  гимнастикалық  қабырғаның  басына  дейін  бір  және  бірнеше  тәсілмен 
ӛрмелеп, басқа аралыққа ауысып тӛменге түсу;  
- доғаның астымен допты басымен итеріп еңбектеу; 
- кедергілер арасынан және қолды еденге тигізбей доға астынан еңбектеу
- шығыршықтарды айналдырып, олардың ішіне кіру; 
- сатының қырына қойылған тақтайшалар арасынан ӛту. 
Тепе-теңдікті сақтау: 
- заттар арасымен аттап жүру; 
- кедергісі бар тақтай үстімен адымдап, аяқ ұшымен жүру;  
- орындық үстімен, текшелерді аттап, толтырылған доптармен, әр қадам 
сайын допты алға қойып, қолды арқаға немесе алдына ұстап, басына қапшық 
қойып жүру; 
-  арқан  бойымен  қырынан,  қосымша  қадаммен  (ӛкшені  арқанға,  аяқ 
ұшын еденге); 
- қабырғалы тақтай үстімен жүру; 
- еңкіш тақтай үстінен сымбатын бұзбай жүру және жүгіру; 
- еңкіш тақтай үстіне жүгіріп шығып тӛмен қарай адымдап түсу;  
- еңкіш тақтай үстімен бір қырымен қосымша адымдап жүру; 
-  арқан  бойымен  басына  қапшықты  қойып,  бір  қырындап,  қосымша 
адымдап жүру; 
-  гимнастикалық  орындық  үстімен  арақашықтығы  баладан  екі  қадам 
алыс қойылған толтырылған доптардан аттау арқылы жүру; 
- кӛлденең және еңкіш бӛрене бойымен жүру және жүгіру; 
- бір-бірінің қолдарынан ұстап жұптасып айналу; 
- «Қарлығаш» жаттығуын орындау. 
Сапқа тұру, сап құрылымын ӛзгертіп қайта тұру:  
- сапқа бір қатармен тұру; 
- сап түзеп жүруден бір және екі қатармен қайта тұру; 
- бір орында және қимыл үстінде оңға, солға бұрылу; 
-  қатарда  –  қолды  алға,  сап  түзеп  жүргенде  және  шеңбер  жасағанда  – 
қолды жан-жаққа созып тік тұру; 


 
81 
- секіріп және аттап оңға, солға, айналып бұрылу; 
- қатардан сапқа тізбектеліп шеңбер бойымен және үш қатарға тұру; 
- шаңғымен сапқа тізбектеліп тұру, адымдап қадам басу, бұрылу; 
- жүру барысында жұптасып және қайтадан бір қатарға тұру; 
-  педагогтің  тапсырмаларын  орындай  отырып  саптағы  бір  қатардан  үш 
қатарға  жүру,  жүгіру  кезінде  ауысу,  қимылдар  жасай  отырып  екі  қатардан 
бір қатарға сапқа тұру; 
- саптағы бір қатардан үш, тӛрт қатарға қайта сап түзеп тұру. 
Музыкалық-ырғақты жаттығулар: 
Музыка  ырғағына  сәйкес  түрлі  қарқында  қимылдар  жасау.  Ӛздеріне 
таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау. 
Аяқты  ӛкшеге  кезектестіріп  қойып,  топылдату.  Адымдап  жүрелеп  (тізесін 
бүгіп) жүру. Қарапайым музыка ырғағына сай қолды шапалақтау. Жұптасып 
шеңбер  бойымен  қозғалу.  Музыка  ырғағына  қарай  ойдан  қимылдар 
ойластырып, шығармашылық таныту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет