151
тәрбиеленушілерді шынайы ӛмір қатынастарына тартып араластыру,
қоғамдық пайдалы іс-әрекеттердің сан-алуан түрлеріне қызығулары мен
бейімділіктеріне
сәйкес қосып, оның нәтижесінен рахат сезінуге баулу.
Аталған принципті іске асыру барысында педагог орындауы тиіс міндеттер
тӛмендегідей:
-қоғам мен адам ӛміріндегі еңбектің маңызын әр балаға жете түсіндіру;
-материалды және рухани дүние ӛндіруші еңбек адамдарына деген құрметке
баулу;
-шаршап-жалықпай еңбектену қабілетін дамыту, қоғам және ӛз мүддесі үшін
адал да шығармашылықпен іс қылу ниеттерін ӛрістете түсу;
-қазіргі заман ӛндірісінің жалпы негіздері жӛніндегі ақпараты жеткізу;
-еңбек аясында ӛз басы мүдделері мен қоғамдық міндеттерді үйлестіре білуге,
қоғам қажеттері мен ӛз ниеттеріне орай кәсіп таңдауға үйрету;
-қоғамдық игілік және табиғат байлықтарына құндылықпен қатынас жасауға
баулу;
-қоғамдық мүлікке байланысты ысырапшылдыққа, жауапкерсіздікке, талан-
тараждыққа, табиғат байлықтарына болған айуандыққа тӛзбеушілік сезімін
ояту.
Тәрбиені ӛмір және еңбекпен ұтымды ұштастыру мақсатында келесі
ережелерді ұстанған жӛн:
1.Желең сӛз емес, балалардың нақты әрі қолынан келер ісі пайдалылау.
Осыған орай тәрбиеші сабақ және сабақтан тыс жұмыстарға қойылатын
талаптар бағдарламасын түзіп, оларды бірізділік принципі негізінде іске
асыруы шарт.
2.Ӛз әрекеттерін жанұя талаптарымен үйлестіре отырып, тәрбиеші әр балаға
оның басты міндеті оқу екенін жете түсіндіруі лазым. Бұған қосымша - үйге
жәрдемдесу, әлі жететін басқа да тапсырмаларды орындау.
3.Бала, әдетте, қандай да істі орындауға құштар; енжарлық, селқостық,
іссіздік-бала табиғатына жат құбылыстар.
4.Дәрістер (сабақтар) мен топтан (сыныптан) тыс тәрбие жұмыстарында
ӛлкетану материалдарын пайдаланған ӛте тиімді.
5.Ересектермен қатар еңбекке араласуынан балалар қолға алған жұмыстарды
жауапкершілікпен бағамдауға үйренеді, ал бұл олардың азаматтық
сапаларының дамуына жәрдем береді.
6.Бала тәрбие процесінде ӛз еңбегінің басқа адамдарға, қоғамға қажет әрі
пайдалы екенін сезінуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: