14
баланың психикасына әсер етеді: бір жағдайларда жағымды эмоция тудырады,
енді бірде ӛз қылығына қойылатын талапқа сәйкес шектеу қажеттігін ұғынуға
итермелейді. Балалардың жүйке жүйесінің индивидуалдық ерекшеліктері
әртүрлі екені белгілі. Біреулері мінез және іс-әрекеттегі ӛз ұстамдылығымен
ерекшеленеді, екіншілері шақар, ұстамсыз болады, ӛз эмоцияларын зорға
меңгереді, селқос, ӛзіне ӛзі сенімсіз балалар да байқалады. Соңғыларына олар
шешетін міндетті ойдағыдай аяқтаулары үшін кейде қосымша күш
жұмсау және
үлкен ұйымшылдық талап етіледі. Дегенмен, бар күшті жұмылдырып қол
жеткен нәтиже ӛте жоғары болуы мүмкін. Сондықтан, педагогикалық
жағдайлар балаға қиыншылықты жеңуде қолдау жасауды қамтамасыз етуі, ӛз
күшіне деген сенімін арттыруға, себепші болу керек. Индивидуалды басшылық
әдістерін іріктеу мақсатында баланың жүйке жүйесінің ерекшеліктерін анықтап
білу анасынан баланың туған күнінен бергі ӛмірі жайлы егжей-тегжейлі мәлімет
алуды (денсаулық жағдайы, сырқаттанған аурулары, жүре бастаған уақыты,
тілінің дамуы) талап етеді, сондай-ақ отбасы жағдайын, алған жарақаттарын,
баланың неге қызығатынын, оның неге үйірсек екенін, нені сүйіп
айналысатынын т. б. білу қажет. Тәрбиешінің осы жас шамасындағы топтың
күнделікті тіршілігі процесінде жасаған ӛз бақылауларының маңызы ӛте зор.
Барлық материалды талдаудан ӛткізу тәрбиешіге қажетті қорытындылар
жасауға және бала психикасының эмоциялық–жағымды күйін сақтауға,
саналуан белсенді іс-әрекеттерді дамытуға, ынта мен бейімділіктерді кӛрсетуге
жәрдемдесетін тәрбиелік ықпал жасау жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесінде баланың жеке адам ретінде жан-жақты дамуына әсерін
тигізетін айтарлықтай тиімді құралдар мен әдістер бар. Сабақтарда және басқа
қозғалыс іс-әрекеттерінде балаларда қозғала білушілік пен дағдылар ғана
жинақталмайды, сондай-ақ ақыл-ой қабілеті дамиды, адамгершілік қасиеттер,
эстетикалық талғам және еңбек дағдылары бойға сіңеді. Белсенді қимыл-
қозғалыс әрекетінде бала моральдық–еріктік қасиеттер кӛрсетуге–ойында батыл
болуға, қолға түсу қаупіне қарамастан, жолдасын құтқаруға ұмтылуға,
басқалармен ортақ міндеттерді орындауға жаттығады. Мұндай әрекеттерді
талай рет қайталау бірте-бірте бала санасында қажеттілік ретінде орын табады.
Тәрбиеші мен құрдастарының құптай бағалуы моральдық қанағат сезімін,
эмоциялық ӛрлеу, алдағы уақытта да ықыласын тудырады. Жасқаншақ баланың
жетекші рӛлдерді атқаруы, тәрбиешінің тапсырмасы бойынша белгілі бір
жаттығуларды балалардың бәріне түсіндіру және кӛрсету оны бірте-бірте
жасқаншақтықтан арылтады, ақыл-есті жұмылдырады, логикалық ойлауға
баулиды, сабаққа қызығушылығын тудырады. Бала неғұрлым кӛпшіл, бастама
кӛтергіш кӛңілді бола түседі. Ұстамсыз, бірақ менмен балалар сабақтар мен
ойындар процесінде бірте-бірте жалпыға бірдей талапқа бағына, неғұрлым
шыдамды, ұстамды, ұйымшыл бола бастайды, қызық тапсырмаларды
орындағанда кезек күте білетін болады.
Сӛйтіп, мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің негізгі міндеттері
- дені сау, кӛңілі шат, бастама кӛтергіш, айналасын бағдарлай, ӛзінің
құрдастарымен ынтымақтаса білетін мектепте оқуға және онан әрі
шығармашылық қызметке белсене кірісуге қабілетті бала тәрбиелеуге
15
бағытталған. «Адам денсаулығы жайлы, әсіресе, бала денсаулығы жайлы
қамқорлық - жай ғана санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелер кешені
емес, күн тәртібіне, тамақтандыруға, еңбекке, тынығуға қойылатын талаптар
жиынтығы емес. Бұл ең алдымен, бүкіл дене мен рухани күштердің жарасымды
толықтығы жайлы қамқорлық ...». Аталып ӛткен міндеттерді жүзеге асыру әр
баланың индивидуалды ерекшеліктерін арнайы зерттеу мен есепке алып
отыруды, оған деген ақ кӛңілді, ыждағатты қарым-қатынасты және осыған
байланысты орынды педагогикалық ықпалды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: