Дєріс тезистері


Балалардың  білім  берудің  мектепке  дейінгі  ұйымында  болуына



Pdf көрінісі
бет292/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   294
Байланысты:
дене тәрбиесінің оқыту әд

11.Балалардың  білім  берудің  мектепке  дейінгі  ұйымында  болуына 
және 
гигиеналық 
тәрбиесіне 
қойылатын 
санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар 
125.ББМДҰ-ға  кірер  алдында  бала  медициналық  тексеріп-қараулардан, 
қажет  болған  жағдайда  сауықтырудан  ӛтеді.  Баланы  бір  ұйымнан  екіншісіне 
ауыстырған  кезде  дәрігер  немесе  учаскелік  педиатр  даму  тарихының  үзіндісін 
жазады.   
126.ББМДҰ-ға  бала  қабылданғанда  дәрігер  баланың  ата-анасынан 
баланың ӛсуі мен мінез-құлқының ерекшеліктері туралы мәліметтерді жинайды, 
оның  денсаулық  жағдайына,  физикалық  және  жүйкелік-психикалық  дамуына 


 
373 
баға береді, педагогпен бірге балаға күн тәртібі бойынша жеке тағайындаулар, 
тамақтану және сауықтыру шараларын белгілейді.  
Баланың  денсаулық  жағдайы  туралы  мәлімет  медициналық  картаға  
жазылады.  
127.Балаларды  күнделікті  таңертеңгі  қабылдауды  тәрбиеші  ата-
анасынан  баланың  денсаулық  жағдайын  сұрау,  тамағын,  денесін  қарау, 
ыстығын  ӛлшеу  арқылы  жүргізеді.  Сәби  топтарындағы  балалардың  бәрінің 
температурасы  ӛлшенеді,  мектеп  жасына  дейінгі  топтағыларда  кӛрсеткіштер 
бойынша  жүргізіледі.  Таңертеңгі  қарау    кезінде  анықталған  науқастар  мен 
ауруға күдігі бар балалар ББМДҰ-ға қабылданбайды. 
Бір  күн  ішінде  ауырған  бала  балалардан  оқшауланады  және  ата-анасы 
келгенге  дейін  оқшауланған  үй-жайға  ауыстырылады,  шұғыл  жағдайларда 
емдік-профилактикалық ұйымдарға ауруханаға жатқызылады.  
128.Ауырғаннан кейін немесе басқа да себептер бойынша үш және одан 
да кӛп күн болмағаннан кейін балалар ББМДҰ-ға учаскелік дәрігер-педиатрдан 
аурудың  аты,  ұзақтығы,  жасалған  емнің  түрлері,  инфекциялық  науқастармен 
байланыста  болмағаны  туралы  мәліметтері  кӛрсетілген  анықтамасы  бар 
болғанда қабылданады. 
129.Таңертеңгілік  тазалық  балалардың  үйінде  жүргізіледі,  ата-анасы 
таза,  ұқыпты  киіндіріп  әкеледі.  Балаларда  жеке  гигиенаны  сақтау  әдетін  ата-
анасы мен ББМДҰ-ның педагогикалық персоналы  қалыптастырады.   
130.Санаториялық  ББМДҰ-да  себезгі  бӛлмелері  қарастырылуы  тиіс, 
балаларды  жуындыру  кесте  бойынша  жеті  күнде  кемінде  бір  рет  тӛсек 
әбзелдерін,  үстіге  киетін  киімдерді  және  орамалдарды  ауыстыру  арқылы 
қарастырылуы тиіс.  
Тӛсек  әбзелдері,  орамалдар,  жеке  бас  гигиенасының  құралдары  (тіс 
щеткасы,  тарақ,  ысқыш)  әр  бала  үшін  бӛлініп  беріледі.  Жеке  тіс  щеткалары 
және  ауызды  шаюға  арналған  ыдыс  санитариялық  блоктан  оқшауланған  үй-
жайда ашық ұяшықтарда сақталады. 
131.Күн  тәртібі  балалардың  жас  ерекшелігін  ескере  отырып  ұйқының, 
демалудың,  таза  ауада  болудың,  оқу  сабақтарын  ӛткізу  ұзақтығының,  тиімді 
тамақтануды ұйымдастырудың, дене тәрбиесінің гигиеналық нормасына сәйкес 
болады. 
Күні  бойы  қызметтің  барлық  түрлері  мен  демалысты  ұйымдастыру 
ББМДҰ-да  балаларды  тәрбиелеу  және  дамыту  бағдарламасының  негізінде 
құрылады. Мектеп жасына дейінгі  балалардың  күн  тәртібін  осы санитариялық 
ережелерге 11-қосымшаға сәйкес қабылдау қажет. 
132.Балалардың  қызметін жоспарлаған  кезде оқу  жүктемесін күн,  апта, 
жыл бойына тең бӛлу ұсынылады.  
133.Оқу  жылының  басында  дайындық  тобында  балалардың  оқуға 
функционалдық  дайындығын  анықтау  керек.  Оқуға  дайын  емес,  тілінің 
дамуында мүкісі бар және суық тиіп жиі ауыратын балалар үшін күн тәртібінде 


 
374 
мамандармен арнайы сабақтар және емдеу-сауықтыру іс-шараларын қарастыру 
керек.  
134.Қозғалыс режимінің негізін дене жаттығуларымен айналысу және әр 
түрлі нысандағы ойындар мен балалардың ӛз бетімен қозғалу қызметі құрайды. 
Дене тәрбиесі бойынша жұмыстарды медицина қызметкерінің бақылауымен топ 
тәрбиешілері, дене тәрбиесі жӛніндегі нұсқаушылар жүргізеді.  
135.Дене  тәрбиесін  медициналық  және  педагогикалық  бақылау  мына 
түрде жүргізіледі:   
1)балалар  емханасы  немесе  мектепке  дейінгі  ұйымдар  дәрігерлерінің 
жоспарлы профилактикалық тексеріп-қараулары кезінде ӛткізілетін балалардың 
денсаулық жағдайларын, физикалық дамуын және дене тәрбиесінің тиімділігін 
бағалауды динамикалық бақылау;  
2)қозғалыс режимінің ұйымдастырылуын, сабақтарды дене шынықтыру 
жаттығуларымен және шынықтыру рәсімдерімен ӛткізу әдістерін бақылау;  
3)ББМДҰ-ның 
персоналы, 
ата-аналар 
арасында 
дәрігердің, 
мейірбикенің,  ұйым  басшысының,  тәрбиешілердің,  әдіскердің  дене  тәрбиесі 
мәселелері жӛнінде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуі.    
136.Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  гигиеналық  оқыту  және 
тәрбиелеу  ӛскелең  ағза  функцияларының  қалыптасуы,  дененің  және 
психикалық даму динамикасын есепке ала отырып жүйелі жүзеге асырылады.  
Гигиеналық  оқыту  мен  тәрбиелеудің  мақсаты  саналы  мәдени-
гигиеналық дағдыларды қалыптастыру болып табылады.  
137.Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  гигиеналық  тәрбиелеу  мен 
оқытудың  негізгі  нысаны  мына  бӛлімдер  бойынша  тәжірибелік  жұмыс  болып 
табылады:  
1)  дене  тәрбиесі:  денсаулықты  нығайту,  жаттығулар  жасау,  шынығу, 
белсенді қозғалу режимі дағдыларын бойға сіңіру;  
2)  адамгершілік  тәрбиесі:  мінез-құлық  мәдениеті,  денсаулыққа  саналы 
қарым-қатынас;  
3)  еңбек  және  эстетикалық  тәрбие:  еңбек  дағдыларын,  ӛз-ӛзіне  қызмет 
кӛрсету  дағдыларын  бойына  сіңіру,  гигиеналық  ұсынымдарды  орындау 
қажеттілігін қалыптастыру.  
138.Балаларды  дене,  ауыз  қуысының  гигиенасы  ережелерін  сақтау,  жеке 
бас гигиенасы құралдарын сақтау және пайдалану ережелерін ұстау, тамақтану, 
шомылу әдеттеріне дағдыландыру. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет