Дєріс тезистері


Мазмұны:   Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары



Pdf көрінісі
бет72/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   294
Байланысты:
дене тәрбиесінің оқыту әд

Мазмұны:  
Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары 
Жүру: 
-сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, жұптасып; 
-тізені жоғары кӛтеріп; 
-тоқтап,  отырып-тұрып,  бұрылып,  «жыланша»  ирелеңдеп,  заттарды  айналып 
ӛту, аттау арқылы түрлі тапсырмаларды орындау; 
-адымдап алға; 
-адымдап артқа; 
-тӛбешікке мініп, түсіп; 
-еркін  жүруге,  қол  мен  аяқ  қимылдарын  үйлестіруге,  аяқтарын  сүйретпей, 
басын жоғары ұстап жүруге үйрету. 


 
70 
Жүгіру: 
-сапта, арақашықтықты сақтап, әр бағытта; 
-жіптен және қолдарынан ұстап, шеңбер бойымен; 
-түрлі бағыттарда; 
-алаңның бір жағынан келесі жағына; 
-тура және айналма жолмен; 
-жүгіруді жүрумен кезектестіріп, тоқтап, бағытты ӛзгертіп; 
-бір-бірін қуып, ұстап алу; 
-тез қарқынмен (10-20 м дейін); 
-баяу қарқынмен үздіксіз (50-60 сек бойы); 
-балаларды  еркін  жүгіруге,  қол  мен  аяқ  қимылдарын  үйлестіруге,  аяқтарын 
сүйретпей, басын қалыпты ұстап жүгіруге үйрету. 
Секіру: 
- екі аяқпен (аяқтары бірге және алшақ); 
- белгілі бір затқа басымен жанап ӛтіп жоғары секіру; 
- арақашықтығы 2-3 метр жерге дейін қос аяқпен секіру; 
- бір орыннан ұзындыққа, жерде жатқан шығыршыққа секіру; 
- биіктігі 15-20 см тереңдікке; 
- биіктігі 5-10 см заттың үстінен; 
- аяқты бүкпей, бір аяқты екінші аяқпен кезектестіріп секіру. 
Дәлдеп лақтыру, домалату, қағып алу: 
-  бір-біріне  1,5-2  метр  арақашықтықта  отырып,  аяқты  алшақ  қойып,  малдас 
құрып отырып допты домалату; 
- допты тұрып домалату; 
- қақпадан ӛткізіп допты домалату; 
- допты екі қолымен кеуде тұсынан, бастан асыра, жоғары лақтыру; 
- допты екі қолымен жоғары, тӛмен еденге ұрып (жерге) лақтырып, қағып алу; 
-кӛлденең нысанаға лақтыру, алысқа; 
-нысанаға тігінен оң және сол қолымен лақтыру 
Ӛрмелеу және еңбектеу:  
-арақашықтығы 4-6 метр жерге тура бағытта, «жыланша» ирелеңдеп, қойылған 
заттардың арасымен еңбектеу;  
-еденнің үстіне қойылған тақтайшалармен; 
-жіппен биіктігі 40 см доғаның астынан; 
-гимнастикалық қабырғаның екінші баспалдағына бекітілген кӛлбеу тақтайдың 
бойымен;  
-бӛренеден аттап ӛту; 
-орындықтың астымен жорғалау; 
-еденге тігінен орналастырылған шығыршықтың арасынан жорғалап ӛту; 
-кӛлбеу сатымен ӛрмелеп ӛту; 
-гимнастикалық қабырғаға ӛрмелеу және түсу; 
-сатымен және гимнастикалық қабырғамен (биіктігі 1,5 м) ӛрмелеу. 
Тепе-теңдікті сақтау: 
-бір шетінің биіктігі 20-30 см кӛтерілген кӛлбеу тақтаймен жүру; 
-тегістелген бӛрененің үстімен жүру; 


 
71 
-бір орында аяқтың ұшымен кӛтерілу және тұру; 
-бір орында тұрып екі бағытта да шыр айналу. 
Cапқа тұру және сап құрылымын ӛзгертіп қайта тұру : 
-бүкіл немесе шағын топтармен сапқа, шеңберге, қатарға тұру;  
-орнында адымдап, бұрылу арқылы қатардағы ӛз орнын табу. 
Музыкалық- ырғақтық жаттығулар 
Музыка әуенімен бірлесіп, жекелей сап түзеп жүру. Музыканың басталуы  мен 
аяқталуын ырғақты қозғалыспен кӛрсету. Жануарлар мен ертегі кейіпкерлерінің 
қимыл-қозғалысын кӛрсету. Би қимылдарын жасау.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет