6. Пән бойынша күтілетін нәтижелер (Блум таксономиясына сәйкес жазылады): ПН 1 – қандай да бір цифрлық құралдың қалай қолданылатынын және электрондық оқытудың ерекшеліктерін біледі, цифрлық білім беру технологияларын таңдай алады және электрондық оқытуды жоспарлайды;
ПН 2 – білім беру бағдарламаларын интернет-жобалауға, білім беруді цифрландыру контексінде оқу ортасын трансформациялауға бағытталған зерттеу міндеттерін шешу үшін ақпараттық технологияларды қолданады;
ПН 3 – онлайн-педагогикаға қатысты өзекті мәселелерді зерттей отырып онлайн-стратегиялары, әдістері мен тәсілдерін талдайды;
ПН4 – білім алушылардың әлеуетін ашу және олардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланып, білім беру процесін жетілдіру үшін оқу бағдарламаларын әзірлейді;
ПН 5 – өз қызметінен пайда алу мақсатында цифрлық технологиялар көмегімен зерттеу қызметін бағалайды.