53
пікір тепе-тең ақиқат деп аталады. Мысалы, «Иттің тӛрт аяғы бар» пікірі кез
келген ит ҥшін рас. Тепе-тең ақиқат пікірлер заттардың заңды байланыстарын
кӛрсеткенде ерекше пайдалы. Мысалы, «а+в=в+а» пайымдауы кез келген нақты
сандар ҥшін орынды және ол «Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан
қосынды ӛзгермейді» деген арифметикалық заңды кӛрсетеді. Кҥрделі
жағдайларда сҧрақтардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық
жалғаулықтарын пайдаланып, қҧрамды пікірлер арқылы беріледі. Мысалы,
«Бҧл оқушы ақылды және зерекң пікірі екі қарапайым «Бҧл оқушы ақылды»
және «Бҧл оқушы зерек» деген пікірлерден тҧратын қҧрамды пікір болып
табылады. Логикалық жалғаулықтардың кӛмегімен басқа пікірлерден
қҧрастырылған пікірлерді қҧрамды деп атайды. Қҧрамды емес пікірлерді
қарапайым немесе элементар деп атайды.
Қҧрамды пікірлердегі ЖӘНЕ жалғаулығы әрқашан бір мезгілдік ақиқатты
болжайтын пікірлерді қҧрайды.
Қҧрамды пікірдегі НЕМЕСЕ жалғаулығы екі жақты рӛл атқаруы мҥмкін.
Мысалы, «біз бҥгін саябаққа демалуға барамыз немесе бақшада жҧмыс
істейміз» НЕМЕСЕ жалғаулығын «не» бӛлушісімен ауыстыруға болады, «біз
бҥгін не саябаққа демалуға барамыз, не бақшада жҧмыс істеймізң, ӛйткені бір
мезгілде саябақта демалу мен бақшада жҧмыс істеу мҥмкін емес.
Ал «Жаңбыр кҥндіз немесе кешке жауадың деген сӛйлемде ҥш тҥрлі
жағдай болуы мҥмкін: «Жаңбыр кҥндіз жауады», не «Жаңбыр кешке жауады»,
не «Жаңбыр кҥндіз де, кешке де жауады». Бірінші мысалда НЕМЕСЕ
жалғаулығы бӛлуші рӛл, екіншісінде біріктіруші рӛл атқарады. Барлық
компьютерлік бағдарламаларда және математикалық пайымдауларда НЕМЕСЕ
жалғаулығы тек біріктіруші рӛлде тҥсініледі. Мысалы «х=0 немесе у=0»
пайымдауындағы НЕМЕСЕ жалғаулығы не «у=0» не «х=0», не «х=0» және
«у=0» дегенді білдіреді.
Математикада НЕМЕСЕ жалғаулығы бар қҧрамды пікірді қҧрайтындардың
кемінде біреуі ақиқат болса, ол ақиқат деп есептеледі, ал егер оны
қҧрайтындардың бәрі жалған болса, ол жалған деп есептеледі.
ЕМЕС жалғаулығы теріске шығаруды тҧжырымдау ҥшін қолданылады.
Мысалы, «х=0» пайымдауының теріске шығаруы «х=0 екені дҧрыс емес», бҧл
х≠0 пайымдауына тең. «Бҧл адам сҧлу» пайымдауының теріске шығаруы –
«Бҧл адам сҧлу емес» пайымдауына тең.
Достарыңызбен бөлісу: