Э. А. Абдыкеримова


Алгоритмдік тілде бейнелеу



Pdf көрінісі
бет38/85
Дата03.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#65038
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85
Алгоритмдік тілде бейнелеу. Алгоритмді жазу ҥшін қандай да болмасын 
бір тілді пайдалану қажет. Жалпы алғанда тіл - белгілі бір ақпаратты ӛрнектеу 
және жеткізу қҧралы. Бҧл мағынада адамдар арасындағы қарым-қатынас тілі, 
математика тілі, адамдар мен автоматтар арасындағы катынас тілі, т.б. тілдер 
туралы айтуға болады. Алгоритмді жазу ҥшін пайдаланылатын тілдің сипаты 
осы алгоритмді пайдаланушының мҥмкіндігімен анықталады.
Алгоритмдік тіл - қҧрылымы нақтыланған, бірыңғай және дәл
жазылатын арнайы символдар мен ережелер жҥйесінен тҧрады.
Алгоритмдік тіл бірқатар қатаң талаптарға сай болуы керек:
1) командаларды тҧжырымдау кезінде атқарушыға белгілі операциялардың 
орындалуын ғана талап ету; 
2) командаларды тек қана белгілі бір ережелерге сай қолдану; 
3) ережеден тыс әрекеттерді пайдаланған жағдайда атқарушы алгоритмді 
тҥсінбейді де, оны атқарудан бас тартады. 
Мысалы, а және в екі айнымалыны кӛбейту операциясын математика 
тілінде бірнеше тҥрде жазуға болады: 1) ав; 2) ахв. Ал алгоритмдік тілде, бҧл 
операция а*в деп жазылады. 
Мысалы. n! мәнін есептеудің табиғи тілде жазылатын алгоритмі мен блок-
схемасын қҧру керек (n!=1*2*...* n). 
1. Табиғи тілде: 
Алгоритм факториал 
Басы 
n мәнін енгізу; 
k-ға 1-ді меншіктеу; r-ға 1-ді меншіктеу. 


63 
Цикл басы
r-ға r*k мәнін меншіктеу; 
k мәнін 1-ге ӛсіру. 
Егер k<=n болса, қайталау 
Цикл соңы 
n! мәнін (r) басып шығару 
Соңы. 
2. Алгоритмдік тілде: 
Алг факториал 
1. енгізу n
2. k:=1; r:=1 
3. r:=r*k 
4. k:= k+1 
5. егер k<=n ӛту 3 
6. шығару r 
7. соңы 
Алгоритмнің бастапқы жолы (Алг факториал) алгоритм тақырыбы деп 
аталады. Мҧнда жазылған Алг – қызметші сӛз, факториал – алгоритмге берілген 
атау. Бҧдан соң берілген нҧсқаулар:
1-ші жол - есептелінетін n! ҥшін n айнымалысының мәнін ЭЕМ жадына 
енгізу; 2-ші жол - k, r айнымалыларына 1 санын меншіктеу; 
3-5-ші жолдар - цикл бойынша r (n!) мәнін есептеу циклі: 
3-ші жолда әр жолы r айнымалысына бастапқы берілгендерден (k=1; r=1) 
бастап, r*k кӛбейтіндісі меншіктеледі; 
4-ші жолда k айнымалысының мәні 1-ге ӛсіріліп, k-ға меншіктеледі. 
Ал, 5-ші жол – k-ның жаңа мәнін тексеру командасы. Ол k<=n болса, 
есептеуді k-ның жаңа мәнімен қайталау ҥшін басқаруды 3-ші жолға қайтарып 
береді, әйтпесе алгоритмнің орындалуы 6-шы жолға ӛтеді; 
6-шы жол - n! мәнін басып шығару; 7-ші жол – есептеуді аяқтау. 
Осы алгоритмнің блок-схема тҥрінде қҧрылуы тӛмендегі суретте 
кӛрсетілген. 
Басы 
Енгізу n 
k:=1;
r:=1 
r:=r*k 
k:=k+1 
k<=n 
шығару 

соңы 
жоқ 
иә 


64 
Пайдалануға рҧқсат етілген символдардың жиынтығы алгоритмдік тілдің 
алфавиті деп аталады.
Алгоритмдік тілдің алфавиті мен пайдаланылатын символдар:
Латын, орыс алфавиттері мен араб цифрлары: A, B, C, D, … , a, b, c, d, … 
, А, Б, В, Г, …, а, б, в, г, … , 1, 2, 3, …; * - кӛбейту; / - бӛлу; ** - дәрежелеу; + 
- қосу; - - алу таңбалары; := - меншіктеу белгісі; >, <, >=, <=, <> - қатынас 
таңбалары;. - нҥкте (нҥкте - бҧл нақты санның бӛлшек бӛлігін бҥтін 
бӛлігінен ажырату ҥшін пайдаланылатын белгі) және т.б. 
Алгоритмдік тілдің алфавитінде мағынасы мен қолдану тәсіліне алдын-ала 
тҥсініктеме беріліп қойылған қызметші сӛздер деп аталатын символдар да бар. 
Басқа сӛздерден бӛліп кӛрсету ҥшін әдетте олардың астын сызып қояды немесе 
қалың қаріппен жазады. Қызметші сӛздер: 
1. Алгоритм тақырыбы: алг, арг, нәт 
2. Алгоритмнің басталуы мен соңы: басы, соңы 
3. Тармақталу командасы: егер-онда-әйтпесе-бітті 
4. Таңдау командасы: таңдау, жағдай ... жағдай-әйтпесе-бітті 
5. Қайталану (цикл) командасы:
а) n рет циклі: n рет
б) ―Әзірше‖ циклі: цб (цикл басы), әзір (әзірше), цс (цикл соңы) 
в) ―Ҥшін‖ циклі: цб, ҥшін, дейін, қадам, келесі, цс - цикл соңы 
6) Қҧрама шарттар: және, немесе, емес 
7) Функция (айнымалы): мән 
8) Ӛту n, 
9) Егер р ӛту n (p-шарт) 
Мҧндағы, ӛту n - шартсыз ӛту операторы деп аталады. Ол - алгоритм 
командаларының орындалу ретін тоқтатып, келесі орындалуды n жолға беру 
жӛніндегі нҧсқау. Егер р ӛту n - шартты ӛту операторы деп аталады, ол «p шарт 
орындалса, басқаруды n - жолға беруң деген нҧсқау. 
Қызметші 
сӛздер 
атқарушының 
командалар 
жҥйесіне 
кіретін 
командаларды жазу ҥшін қолданылады. Егер алгоритмде атқарылу ҥшін 
ешқандай шарт қойылмаса, онда оның командалары жай командалар деп 
аталады. Қызметші сӛздерді пайдалану алгоритмнің жазылуын кӛрнекі етеді, 
әрі әр алгоритмдердің жазылу ҥлгісі бірыңғай болады. 
Алгоритмдік тілде жазылған әр алгоритмнің атауы яғни тақырыбы болуы 
керек. Алгоритмнің атауын бӛліп кӛрсету ҥшін оның алдына алг (алгоритм) 
қызметші сӛз жазылады. Ал алгоритмнің басталуы мен аяқталуын кӛрсету ҥшін 
оның командалары басы және соңы қызметші сӛздерінің арасына жазылады. 
Командалар біртіндеп жазылады және сол жазылу реті бойынша орындалады. 
Командалардың осы тізбегі - серия деп аталады. Мәтіндік мәндер 
тырнақшаларға алынып жазылады. Алгоритмдік тілде жазылған алгоритмнің 
жалпы тҥрі мынадай:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет