Мақсат қою (мәселелі жағдаят) Бүгін сендердің әрқайсыларыңның неден қиналатындарыңды анықтап, қателерді түзейміз.
12-29
Өзіндік жұмыс Оқушылар 2 және 3-тапсырмаларды шешеді, тапсырмалардың орындалу нәтижесін эталонмен салыстырады
Қиындықтарды түзету Оқытушы тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді.
– Кім қандай жерде қиналды?
– Қай жерде қателік жібердіңдер?
– Жіберілген қатенің себебі неде?
– Өзіндік жұмыста қиналмағандарың өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын қалыптастырыңдар.
(Қосымша тапсырмаларды орындаулары керек). – Өзінің қиындықтарын анықтағандардың әрі қарайғы жұмыс мақсаты қандай?
(Қателерді түзеу). – Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.
– Әрқайсысы өзінің оқу тапсырмасын айтады.:
Оқытушы тапсырманы бағалау өлшемшарттары бар дәптерге орындауды ұсынады.
Мен:
-6-9 сандары бар кестедегі мысалдарды қысқа уақыт аралығында есептеп шығара аламын
-есеп шығаруда 6-9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін қолдана аламын
30-40
Өткенді қолдану Есепті шығаруда жұппен жұмыс істеуді ұйымдастыруға болады. Оқытушы есептің мәтінін кестеге сүйене отырып құруды ұсынады. Әрбір жұп кестенің біреуін таңдап алады да, есеппен жұмыс істейді. Жұмыс аяқталғаннан кейін – үлгі бойынша тексеру керек.
41-45
Рефлексия. – Біз сабақ басында алдымызға қандай міндеттер қойдық?
– Осы міндеттерге қол жеткізе алдық па?
– Қиналған жерлерің болды ма?
– Сендер оларды еңсере алдыңдар ма?
– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?
Оқытушы оқушыларға өздерінің жұмыстарын табыс сызғышының көмегімен бағалауды ұсынады.