Ә. Бөкейхановтың туғанына -140 жыл



жүктеу 348.47 Kb.

бет3/3
Дата15.03.2017
өлшемі348.47 Kb.
1   2   3

Коғабай СӘРСЕКЕЕВ

АЛАШТЫҢ

ӘЛИХАНЫ

(Филологиялық эссе)

Мұнан кейін де шын коммунист болуға жарай-

тындар - тағы да сол бұрынғы ұлтшылдар.

Үшінші - қазіргі жаңа талап жас буын. Әйтпе-

се, күні кеше ұлтшыл болуға жарамай, өз ба-

сының қамын ойлап, жылтыр түйме таққанына

мәз болып, преводчик болып пара алып, при-

став болып халықтың қанын сорып, болыс бо-

лып ел бүлдіріп, тыңшы болып шағым жүргізіп

жүрген соғылғандар бүгін қолына қызыл ту

алып, «коммунист» бола қалды екен деп, кімнің

іші елжірей қалады. Мұндайлар жоқ емес.

Құдайға шүкір - бар. Әсіресе, біздің Қазақ-

станда толып жатыр.

Партияға кірмей жүргендерді партияға

шақырушы, бірлікке үндеуші жолдастарға ай-

татынымыз: мұныңыз дұрыс-ақ, аталы сөзді

арсыз қайырады, бірақ әуелі партияға

кірушілердің көбеюін мақсат көруден бұрын, аз

да болса, тазалық жағына көз салсаңыздар

екен дейміз. Шын таза, шын еңбекшіл, шын

жұртшыл азаматтар партияға кірсе, олардың

соңынан жұрт та ереді. Олармен жолдас болу-

дан кешегі ұлтшылдар да, бүгінгі жаңа талап

жастар да қашпайды. Ішінде бірлі-жарымды

таза жігіттер болғанменен, көбі бұзақылар бо-

лып, адал-арамды талғамай: «Келіңдер, жол-

дастар, бірігелік, қорықпаңдар, біздің тобы-

мызға кіріңдер...» деп, қол бұлғағанға сонда-

рынан жөңкіле жөнелетін адамдар аз табылар

деп ойлаймын. Табылар, көп те табылар. Бірақ,

бұл табылушылар, жоғарыда айтқандай, «қой

суретті, қасқыр жүректілер» де болып шығар.

Біздің оқығандардың көбін орыс жолдаста-

ры білмейді. Бірақ өзімізге аян емес пе?

Түркістанда, жоғарыда айтқанымыздай, қалта-

сына қызыл билет салып алған қара жүзділер

алғашқы кезде көп болған. Соңғы кездерде

өкімет басына қазақтан таза адамдар отырып

еді. Мәскеуден комиссия келіп еді, бұлар бір-

бірімен жақсы түсінісіп, оқығандардың - билеті

қызыл, пейілі қара мырзалардың ініне су

құйды. Содан кейін партияға кіруші таза адам-

дар көбейіп келеді. Партияға кірмесе де, кеше

ұлтшыл екендігі белгілі болса да, Кеңес

өкіметінің жолында шынымен қызмет етушілер

де табылып отыр. Түркістан өкіметі, мұндағы

саясатшылар жоғарғылардың бірін де шетке

қағып отырған жоқ. Ешкімге партияға кір деп

қолқа салмай-ақ, партияның жолы дұрыс

екендігін істерімен көрсетіп отыр. Халықты құр

тәтті сөзбен асырамай, түзу саясат, жемісті

жұмыстарымен соңына ертіп отыр. Жуан жұды-

рықтылардың төбесін тесіп, отаршы обырлар-

дың тірсегін қиып отыр. Міне, біздің Қазақстан-

дағы өкімет тізгінін қолына алып, ел билеп

отырған ортақшыл азаматтарымыз осы

Түркістан саясатын қолданса, ел де солардың

соңында, партияға кірмей жүрген, кіре алмай

жүрген ұлтшылдар ма, ұлтсыздар ма - бәрі де

бір тілек, бір тудың астына жиналуына біздің

көзіміз жетеді.

Адамның алдымен адам сипаты болуы

шарт. Өзінен басқаның тілегін тілей алмаған,

арын, иманын қара басының пайдасы үшін

қысқа күнде қырық сататын соғылғандардан

қаны тамып тұрған ұлтшыл артық. Бірақ біздің

қазақтың ұлтшылдары өзге жуан елдердің

ұлтшылдарындай емес екені бәрімізге белгілі.

Бізді ұлтшыл қылған нәрсе - біздің кемдікте,

қорлықта жүргендігіміз, көрінгеннен соққы

жегендігіміз еді. Егер теңгеруші табылады

екен, ұлтшылдықты ортақшылдықты отаршыл-

дыққа айырбастауымыз қиын емес.

Ұзын сөздің қысқасы, партиядағы жолдас-

тар араларындағы арамзаларды аластап шы-

ғарсын. Түзу саясат жүргізіп, «қазақшылықты»

тастап, шын ортақшылдық жолындағы әуелгі

өрнегімен жұрттың ықыласын өздеріне ауда-

рып алсын, қолынан іс келетін, Кеңес өкіметінің

кейбір саясатына қарсы, шын таза азаматта-

рға «ұлтшылдық» таңбасын басудан бұрын,

оларды іске кірістіріп, сендіріп, соңдарынан

ертсін. Бірте-бірте шын бірлік сонда табыла-

ды. Көбейсін ортақшылдар! Көркейсін Алаш

армандарының бірлігі!» - Осындай сөз айтуға

жараған Шырағым-ай, тар жерде сенің де күнің

өтіп жатыр. Жазықсыз айдалып жүре бардың.

Қалың нешік? Міржақыпты еске ала отырып ол

өз жүрты жайлы толғанады. Қазақтың ойыншы-

сы көп те ісіне жұмылар жұмысшысы аз халық.

Әр сайда отырғанына мәз, мұндай бейқам

жұртты бұрын кім көрген, отырықшылыққа

жұмылуды білмейді, қала салмаған, далалық

өмірін өздері жұмақ көреді, бүл неғылған ел?

Әсте алаңсыз. Тегі қазақ әдіс білмейтін халық,

бұқпа-бұлтарысы жоқ, қандай бір шаруаға да

жалғыз-дара кіріседі, көп болып қауымдасатын

жерде сыңар жүреді. Ұлттық жұмыс бір кісінің

емес, көптің жұмысы. Осыны кім түсінді? Өр

болмасаң төрге шығу жоқ. Төңірекке қарайық-

шы, бізден басқа халық өз ұлтын сүймейді

деймісің? Сүйгенде қандай! Мысалы орысты

ұлтшыл емес деп кім айтар, тиісті жерінде

қалай жұмылады. Бірліктері күшті. Орыс ұлтын

да, жерін де, тілін де, дінін де, ділін де - бәрі-

бәрін жанындай сүйеді. Өздері көп-ақ. Көп қор-

қытады, терең батырады. Орыстар Батыстан

көп жайтты үйренген, әсіресе, қатын патша

Екатерина тұсында немістерден жұққан тәлім-

дері мол. Германия жұрты өздерін «дойче» деп

атайды, «немістер» деп жүрген орыстар - орыс

тілін білмеген соң «сен мылқаусың», деп кеткен,

орысша мылқау - немой, яғни немец. Әлем -

ортақ, адамзат - тамырлас. Қытай, жапон, үнді

халықтарының ұлтшылдық ерекшеліктері бір

басқа. Ханзу (қытай) халқы ұлттық мемлекетін

Аспан асты жұрты деуі тегін бе, ата мекенін

Әлемнің орталығы санауы жай болмас, мұны

қисапсыз көп халықтың дүниеге үстемдік құруға

ұмтылысы деп қарасақ қисынға келеді. Қытай-

дың ұлттық мүддесі алда тұр. Ұлы Түрік елі ше?

Ежелгі түрік - бүгінгі қазақтың Тәңірісі - Көк!

Мұнда не сыр бар? Өрлік жетерлік! Биік әмірші

болуды армандаған қайран жұрт нені көксейді?

Талабы жақсы! Дүниеде еврей жұртының

ұлттық қалыптасу мазмұнында үңілер ұлағат

жеткілікті. Жөйттер қайда болсын тастай батып,

судай сіңеді. Өздері зейінді халық. Қазіргі Мос-

кваның басым бір қауымы осы халық өкілдері.

Бір қызығы бұлар өз аты-жөнімен емес, орыс

ішінде орыстай болып сіңісіп кеткендер. Маған

жақын жүретін Симашко деген кісінің шын фа-

милиясы «Шамис», теріс оқысаң «Симашко»

«ко» - біздің «ов» сияқты.

Қазақ - баладай аңғал, сүттен ақ, судан

таза, бүлінбеген халық. Бірақ әсте аңқау жұрт.

Кеше 1916 жылы үлт-азаттық көтеріліс деп

ұрандадық, соған және сенді де. Шынтуайтын-

да олай емес еді. 1916-19 жылғы көтеріліс пат-

шаға солдат бермейміз деп шыққан жұрттың

сыртқы саясатқа қарсылық ереуілі ғана еді ғой.

Әскері жоқ ел көтеріліс жасай алар ма? Бәрі

стихиялы дүрбелең. Ұлттық әскері, ұлттық ми-

лициясы жоқ халық- қорғансыз ел. Соның шеті

кеше Кеңес одағы құрылғанда көрінді. Көрші

отырған елдер мен өзіміз құралыптас жұрт ха-

лықтарының саны миллионға жетер-жетпесе

де жеке дара Республика атанып жатқанда,

біздің қазақтарға жаңа өкімет әуелі автономия-

ны әрең қиды, тіпті естек, якут елдерінен кейін

аты аталды. Ең сорақысы, өткен заманда ұлт

атауы бұрмапанып, намыс тапталып «киргиз-

кайсак» аталсақ, бертін де «киргиз» деген жал-

пы атау шылауында келдік, нағыз қырғыз -

Енісей (Абақан, Аша) өзені бойында, демек

қырғыз қайда, қазақ қайда, ара қашық бол-

са да енді ет үйренді. «Киргиз» десе жалт

қарайды, бұдан артық қорлау болар ма, сон-

да үндемеген халыққа енді не жорық, қалай

өкпелерсің? Бұл ненің белгісі? Неге алаңсыз-

быз? Сенгеніміз кім? Кімге арқа сүйейміз?

Әр ата өз «Қобыландысына сеніп, көбінде

үйінде отырып күпінген ел екендігіміз өткен

соғыс барысында білінді, бет-бетіне түйе

айдаған қазақты кеше ел басына күн туған-

да көрдік, абыржу да, қобалжу да көп болды.

Көзі ашық азаматтар осы реттен де ұрандай

шықпады ма, білек сыбанып, жастарды

әскерге шығуға шақырды. Неге? Ысылсын

дегендік еді. Қазақтың болашақта өз әскері

болуы керек, қазақ түбі қалайда аңсаған ар-

манына бір жетеді - Тәуелсіздік алады, өз

алдына жеке Мемлекет болары хақ қой, бұл

- барша халықтардың арманы, түпкі мақса-

ты, әскер әне, сонда керек! Бірақ мұны кім

түсінді, солдат соңынан кеткен ел зиялыла-

рын сан-саққа жүгіртті, патшаға сатылды

деді, орысты қолдады деді, ақтарды жақтап,

қызылдарға қарсы тұрды деді. Қазақтың

өзінен сөзі ұзын, текті дегендерін көре алмай

өздері күстаналады.

Жаңа үкімет үйде отырған Әлиханға құ-

рығын мықтап салғысы келе ме, қызыл жа-

ғалылар үйірсек боп алды. Шақырады. Қаз-

балап оны-мұныны сылтауратып сұраған

болады. «Кадет партиясынан неге кеттің?»

дейді. «Неге кетпейін, бұл сонау 1918 жыл-

дың үлесіне тиетін жұмыс емес пе, пікіріміз

қарсы келді, содан да жол айырылды»,-дейді

бұл. «Сіз «Ульянов Ленинге қарсы екенсіз? -

дейді суыртпақтай сұрағыштап әлгі бір офи-

цер. «Иә».-дейді Әлекең,- осы ма еді, тіптен

Николай заманында да мұндай нәубат бол-

ған жоқ. 1916-17-18-19 жылдары қан төгілді.

Азамат соғысы дедік. 21-23 жылғы жұт, 27-

26-29 жылдары кәнфеске, 1931-1933 жылғы

ашаршылық, қазіргі зобалаң, осыларға кім

жауап береді? Сталин жолдас па? Сталин -

Ленин жолдастың ісін жалғастырушы! Енде-

ше мен Ленин жолдасты не деп мақтаймын

не үшін большевиктердің жағында жүруге

тиістімін?..»

-Бәсе, бәсе, енді анықталып келесіз, стоп,

стоп! Сіз әуелден-ақ, сонау 1917 жылы-ақ осы

ойыңызды ашық айтқансыз, бізде бәрі хаттау-

лы, әлі де сол пікірде екенсіз-ау, түсінікті,

түсінікті... Сіздің «Памяткаңыз» бізге таныс!?

Бірақ сіз Сталин жолдасқа тіл тигізбеңіз! Сіз

әуелден пролетариаттың ұлы көсеміне қарсы

адамсыз, ойыңызды ұқтық... Жә, енді үйіңізге

бара беруіңізге болады, қажетті кезде және

шақырамыз!-деп, тіктенген офицер Әлихан

Бөкейхановты босатқан. Ызбарлы ОГПУ-дың

тергеушісінің өңі тым сұсты көрінді. Түрі

қазаққа келіңкірейді, татармен шатыстығы

бары айқын аңғарылады, тілі шұбарлау діні

қатты біреу сияқты өзінің. Әсіресе, Сталин аты

аталғаннан-ақ қаһарына мінген. Бірақ бұрын

да көп талқы көрген, дәл қазір жазықсыз үй

қамауында отырып әбден төзімі таусылып

ашынайын деген Бөкейханов тергеуші алды-

нан босана салысымен тіктенген күйде орны-

нан тұрды да үйден шығып жүре берді... Не

болса да көріп алайын деп бекінген кісінің

сұсты кейпінде тысқа беттеген.

Осыдан соң-ақ Әлихан Бөкейханов үйіне

аңду күшейген. ОГПУ орындары қатаң бақы-

лайды. Күннің қай мезгілі, түннің қай уақыты

демейді, телефон қоңырауы шылдыр етеді.

Бөкейхановты сұрайды. Орнында. Үйде. Те-

лефон қайта тиыш табады. Өмір-ай, қайран

дүние, жарық дүние, ендігі жерде осылай өте

шығайын дедің бе? Бәрі де бір күнгідей бол-

майын деді ғой, о жалған! Әлекең ескі өмір,

өтіп кеткен күндерімен тіршілік кешіп, атқан

таңды қарсы алып, батқан күнді шығарып

салады. Әсіресе, түн баласы ауыр. Көзі

ілінбейді-ау, ілінбейді. Сондай түндердің

бірінде ол қағаздарын қопарып отырып

В.Д.Бонч-Бруевичтің хатына жолықты. Ол

Мәскеуде «Орталық көркем әдебиет, сын

және көркемсөз мұражайының ұйымдасты-

рылып жатқанын хабарлап, Әлихан Бөкейха-

новқа Л.К.Чермактың сілтеуімен хат жазып,

мұражайдың қорларын жинастыруға қол

ұшын беруді өтініпті. Хат 1934 жылдың 27

қаңтарында жазылған, өзінің қолында көп

дерек бар еді ғой, көбі өзі жазған еңбектер,

қолжазбалар, том-том боп хатталған дүние-

лер, үйіліп жатыр, соны осы қорға өткізіп қой-

са деп бір ойладьк Сонда жоғалмас, ұқыпты

ел архив қазынасына сақ қарайды... Әйтпе-

се мына сұрқиялардың беті жаман, қай күні

әкетеді, өзін қамағасын сөз жоқ, үйді тінтеді

ғой, балалардың бұл қағаздарға қарар жайы

жоқ, ненің ретін біледі, әркім басымен әлек,

сүйікті жанжары Елена Яковлевна болса ер-

теректе дүниеден өтті - 1921 жылы Семейде

сүзек ауруынан опат болған-ды. Содан бері

салтаң, екінші рет үйленбеген, марқұмның

аруағы кешірсін, еліне апарып әйелін жұрты-

мен таныстыра алмаған, Әлихан орыс ала-

ды екен деген сыбыс шығысымен-ақ ағай-

ындар: «Қатын алдың қарадан, айырылдың-

хандық жорадан, ел ұстайтын ұл таппас, ай-

рылар ата мұрадан»,-деп өре түре келсін»

Амалсыз Омбыда бірлі-жарым достарының

басын қосып, той-томалақсыз үйлене сал-

ған. Қарадан қыз алмайтын төре тұқымы

кәпірді алатын болған соң не жорық, қан

бұзылатын болды деп тулады ғой, оларға

«сүйдім-күйдімді» айтқаннан ештеңе өнбей-

ді, дегенді білмейді, төре тұқымының дәстү-

рінде екі жастың сезімі, махаббат деген жай

нәрсе, заңы қатал, содан да бертін Семейге

келгенше жарық дүниеге келген балалары-

ның өзі әйелінің атына жазылып келді, қазір

бәрі дұрысталды.

(Жалғасы бар).


Ә.Бөкейхановтың туғанына -140 жыл

(Соны. Басы өткөн сандарда).

Енді қызы Елизавета мен немересі

Ескендір үшеуі бір коммуналкада тұрады,

күйеу баласы Смағұл 1933 жылы осы Мәс-

кеуде өмірден өтті, қыршын, талапты күйінде

кетті, баласы Үкітай (Сергей) басқа қалада,

оқуы бар, геолог-инженер, өз қолы өз аузы-

на жеткен, сонда да баланың аты бала, Әле-

кең ұлына алаңдайды, қалай дегенмен де

елден жырақ, ағайын-туыстан бөлек, сыртта

жүр-ау дейді. Өкініштісі туыстарына баласын

жақындастырып, табыстай алмады, оған

мүмкіншілігі де болмады ғой, ұрпағы Аллаға

аманат, түбі халқы күстәнәламаса екен...

Ендігі арманы жиені Ескендірді (Кенені)

жеткізіп кетсем-ау дейді, қызы Лизаның ел

қатарлы күнін көретініне көзі жетеді, дәрігер,

медицина саласынан докторлық қорғаған

ғалым, бүгінде профессорлық атағы бар,

сосын да қам жемейді, ендеше артына бұры-

лып қарар, қимайтындай бұ дүниеде не қал-

ды, айтпақшы, елінің Кеңестер Одағының

құрамында жеке Республика болып тұрмыс

құра бастағанының шетін көрді... Бұл да

жетістік, бір кездердегі өздерінің арманы!

Енді қайран жұртының болашағын Жарыл-

қаушыға тапсырады, е-е Алла, жар бола гөр,

Құдайым! «Қазағым, елім, қайқайып белің,

сынуға тұр таянып, талауда малың, қанауда

жаның, аш кезіңді оянып!» Өткен шақ, қазіргі

шақ, келер шақ... Адам үмітпен өмір сүреді!..

Үміт жақсы.

Ұмыттыра беріп Бөкейхановты ОГПУ

және іздейді, шақырады. Сұрақтар береді -

тергейді, тексереді, сосын босатады. Оған еті

үйренді. Кісі бәріне үйренеді. Бүгінгісі тіптен

сорақы

әуелі мазақ десе болғандай. Бұрынғы



тергеуші емес, енді әдіске басқаны ма,

әйтеуір ОГПУ күнде құбылады, бөтен біреу

сыздана тіміскілеп, қитұрқы сұрақтарын жау-

дырсын. «Сіз,-дейді ол Бөкейхановқа

аңысын-аңдай ұзақ қарап алып, -Байтұрсы-

новпен бажасыз ғой осы?». Бұған не дер,

бірақ тез жиналып, зорлана мырс етті. «Иә,

иә, дәл, дәл, бажа екеніміз рас, екеуіміздің

де әйеліміз орыс, оны қайдан және қалай біле

қойып жүрсіңдер? Өкінішке орай менің

жұбайым ерте дүние салды... Ұлты орыс еді.

Ахметтің де әйелі орыс, бірақ қандары қосыл-

майтын айдаланың бірі Қостанайдың, бірі-

Омбының орыстары». Тергеуші сабырлы

түрде: «Білеміз, түсінікті-ақ, біз бәрін білеміз,

бірақ айта бермейміз,..-деді де және

Әлекеңді сынағандай боп: «Демек, Сіздер

интер..интер, интернациональный жанұя,

яғни, нағыз интернационалистер болдыңыз-

дар-ау,ә!», - деді. «Иә, біз сол айтқан нағыз

интернационалистердің тап өзі боламыз!»-

деді Әлихан Бөкейханов әр сөзін нығарлай,

әрі кекесінді мысқылдай сөйлеп. «Да, да,да!..

деген тергеуші орнынан тұрды. -Сізді осы

«қазақ-қайсақ, киргиз» деген атауларға қар-

сы деді ме? Осылай атаса титығады дейді.

Неліктен қарсы боп жүрсіз, ұлтыңыздың атам

заманнан бергі атауы!?» Бөкейханов мына

сұрақты күтпеп еді және алдан шықты ма,

дауысы қатқыл естілді. «Мен мұндай сұрақ-

тардың нешеуіне бұрындары жауап бер-

медім, айттым білем, тағы қоздатқаннан не

өнеді, менің халқымның ежелгі аты - Қазақ!

Қазір де солай аталуы керек, аталар да әлі,

ал мен басқа атауды білмеймін, сөзді қазба-

саңыз екен, арғы атам - Ер Түрік, біз - Қазақ

еліміз!..«Жо-жоқ, Сіз қызбаңыз, тым қатты

кеттіңіз ғой, тоқта, тоқта, екіленіп қызбалан-

баңыз! Сұрақты беру-бермеу менің ырқым-

да, ендеше сәл сабыр, иә, сабыр сақтаңыз!..

Есіңізде болсын, біздің тексеру орнымыз -

оның өкілдері біз, Сізден жауап алғанда сы-

пайылық жасасақ әдеп сақтағандық деп

ұғыңыз, бәрі тәрбие, әрі Орталықтың тапсыр-

масы солай. Сіз кім көрінген кісі емессіз, кең

байтақ Отанымыздың құрамындағы бір

ұлттың бірегей кісісіз бе? Және түсініңіз,

біздің ОГПУ баяғы Патшалы Россияның жан-

дармериясы емес жаңа Кеңес өкіметінің

әділетті тексеру орыны, бұрынғы полиция

демессіз, соған көзіңізді жеткізіңіз! Мақсаты-

мыз іштегі тап жауын аластау, жаңа социа-

листік қоғам құрып жатқан Кеңес өкіметі ара-

дағы ұлтшылдармен аяусыз күреседі, олар -

халық жаулары, сондықтан да ондай пиғыл-

дағы адамдарға аяушылық жоқ. Түптің түбі

біздің Ұлы Держава коммунистік қоғам құра-

ды, социализмнен коммунизмге өтеді! Бұл -

жарқын болашағымыз - алдағы мұрат!» -

Осылайша ұзақ желпініп алған тергеуші

сәлден соң сабасына түскендей боп:

-Осы сіз жазған киргиз - поэт Абай на-

ғыз кертартпа, ірі феодал екен ғой?!»-деді

сөзді мүлдем басқа жаққа бұрып.

-Не деп барасың, мына сөзің тым тосын

естілді...

-Қалай тосын болады, міне оқып көріңіз,

сіздің переводыңыз - «Ни души я не вижу (все

ничтожны», дивится моему слову сход Аргы-

на и Наймана, и это слово я вынужден петь

тобыктынским тяжкодумам...»

-А-а, бұл еркін аудармасы ғой - вольный

перевод прозой - ертедегі жолма-жол аудар-

ма, өлеңі мынау: «Жан көрінбес көзіме, Ар-

ғын, Найман жиылса. Таңырқаған сөзіме,

қайран сөзім қор болды, тобықтының езіне!»

Бұл өлеңде ешқандай кертартпалық жоқ, фе-

одал дегенің де жай сөз!

-Жо-жоқ, сіз, мені дұрыс түсінбедіңіз,

мен өлеңді айтып тұрғаным жоқ, ақынның

өзін, яғни поэт нағыз феодал, әкесі де фео-

дал болған, бай тұқымы, содан кейін өлеңін

қараңызшы - арғын, найман, деп қазақты

жікке бөліп тұр, ведь қазақ ру-руға бөлінетін

жұрт емес пе, соны айтып тұр!

-Как было указано раньше, я и до этого

говорил, правда не Вам, Абай за последнее

время не принимал участия в общественных

делах, хотя это не мешало его врагам трепать

его имя. Абай свой добровольный уход на зад-

ный план выразил в следующих (стихих) стро-

ках:


«Өзім де басқа шауып, төске өрледім,

Қазақта қара сөзге дес бермедім.

Еңбегімді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жатқанды теріс көрмедім...»

Если сделать вольный перевод прозой:

нанося удары по голове врагу, поднимался

выше, в словесном турнире не давал ни одно-

му казаху приза, в конце концов, не найдя тех,

кто бы оценил заслуги, пришел к заключению

Коғабай СӘРСЕКЕЕВ

АЛАШТЫҢ

ӘЛИХАНЫ

(Филологиялық эссе)

жить вдали от борьбы...

-Бұл өлеңінде де ақынның өзімшілдігі яғни

эгоистігі көрініп тұр. Абай - бунтарь ақын бол-

ған да сонда!.. Сіз оны қызғыштай қорисыз,

жо-жоқ, олай болмайды!!

-Тоқта, тоқта, ау, әуелі Абайды түсінбей

жатып, тіпті өмір бойы түсінбеулерің де мүмкін,

өйткені Абай кім көрінген түсіне қоятындай

ақын емес. мына бір жерін тыңдап көрші.

бәлкім, көкірегінде сәл саңылау болса жетер,-

..«обливается кровью сердце, как вспомнишь

покойников, трудился, искал мудрости, думая

найти в ней счастье, однако, не нашел ни муд-

рости, не счастья, место которых заступили

печальные думы. Обманшица судьба обману-

ла не одного меня. Принял ее удары, оценил

их. Неужели ты сохранишь веру в счастье?!»

Өкінішке орай бұл да еркін аударма - вольный

перевод прозой. Түпнұсқада бұл жыр былай

құйылады ғой: Жүрегімді құм қылды, өткен

адам өлген жан. Ақыл іздеп ізерлеп, бәрін сы-

нап сандалған. Бірін таппай солардың, енді

ішіме ой салған. Тұла бойды улатты, бәрі ал-

дағыш сұм жалған, басыңа тиді байқадың.

Тағы бар ма айтарың, нанғыш болсаң енді

нан...

-Жә, бос былшыл, жалаң философия! -



деген офицерге Әлихан өзейрей түсіп, ежіктей:

-Мұның бәтір-еке, енді тым қатаң приговор,

оригинальные сочинение Абая и его переводы

из Пушкина, Лермонтова, Крылова - қандай

поэзия! Абай, как это покажут его стихи, пред-

ставлял недюжинную поэтическую силу и со-

ставляет гордостью казахского народа... Чуд-

ные его стихи... әттең оқыса ғой оны, кімнің де

есін алар еді-ау,..-деді. Оған тергеуші:

-Сіз өз ақыныңызды мүлдем көтеріп

кеттіңіз, егер Абай Пушкин, Лермонтов, әлгі

өзіңіз айтқан Крыловты оқып, аудармаса тіпті

ұлт ақыны боп та жарытпауы мүмкін екен...

Бізде сіздің Абайыңызсыз да өлеңшілер жет-

пей ме? Қара тобыр арасында не жоқ дейсіз?

- деп қатуланды.

-Қап, мынау не дейді-ей, қайда бастадың,

әттең... әттең?! -Осы кезде сөз үзілді. Тергеуші

ештеңе болмағандай орнынан тұрды да күйзе-

ле басын ұстап отырып қалған алдындағы ша-

расыз жауап берушіге ұзақ қарап тұрды да

Әлихан Бөкейхановты босатты. «Сіз боссыз!-

деді. Бара беріңіз!..»

Бұдан былайғы тіршілік бір қалыпты өтіп

жатады. Алланың пешенеге жазған күндері!

Жылжып 37 келді ғой, бұл жылды кім кім де

біледі - сұсты жыл! 37 жыл көп жұртты жұтқан

нәубет жыл, осы жылдың құрбаны боп Әлихан

Бөкейханов та кезекте кете барды. Ол ату жа-

засына кесілді... Атылды. 67 жасында. Жақсы-

ның бәрі жылап өткен жалған ғой бұл. Өтті

ғұмыры. Үкімнің орындалғанын жоғарыда айт-

қанбыз, тағы несін қайталайық, уһ!? Алла та-

ғала!..


Тек 1989 жылдың 14 мамырында ғана

КСРО Жоғарғы Сотының қаулысы бойынша

әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан

Бөкейханов ақталды. 52 жылдан соң... Ұлы

қайраткер, кемеңгер қазақ, асыл азамат, ел

Арысы, алты алаштың Әлиханы енді Азат! 1991

жылы елі екі жүз, бәлкім үш жүз, одан да көп

пе, әлде бес жүз, тіпті мың жылдан соң ба екен

Әлихан Бөкейхановтың жұрты да Азаттық

алды, жеке Тәуелсіз Ел болды!

Бүгіндері әлихантану ілімінің кең таралуы-

на мол мүмкіншілік туды. Осы салада кезінде

Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы,

Сұлтанмахмұт Торайғырұлы, Міржақып Ду-

латұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Ахмет

Бірімжанұлы, т.б. алаш зиялылары үн қосса,

ақтаңдақтар ақталғалы бері Х.Оралтай,

М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев, Р.Нұрғалиев,

С.Қирабаев, Т.Кәкішев, М.Базарбаев, С.Ақ-

құлыұлы, Ж.Бектұров, Г.Дулатова, К.Көшер-

баев, Е.Арын, Е.Дүйсенбаев, Ғ.Есімов, А.Са-

таев, Ғ.Әнесов, А.Мектепов және тағы да

басқа өрелі жандар Әлихан Бөкейхановтың

ұлан-ғайыр өңбектерін насихаттауға көп

еңбек етті, зерттеп, мақалалар жазды, қо-

ғамдық-әлеуметтік қызметіне баға берді. Ең

қуаныштысы - ұлт көсемінің көп томдығы

және басқа да ел жұмысына байланысты

еңбектері, ұлттың ұлттық мінезін танытар

қыруар материалдары жарық көрді. Бірақ

таралымы мүлдем аз. Қазақ басылымы

қазаққа жетпейді. Біздегі дүниенің бәрі осы-

лай тарылатын болды ғой, жасанды түрде,

мұның ақыры қайда соғар, болжау қиын.

Әйтсе де қазақ жұрты бүгіндері Әлекөң рухы

мен мұрасына: Алаш туын қолға алған, қараң-

ғыда жол салған, Арыстаным, келіңіз!-деп,

қүшағын айқара ашып жатыр, бәріне

шүкіршілік. Дей тұра, осы тұста елдік мінезбен

түгенделіп, ұлттық бар болмысымызбен

түзелеміз десек Әлихандай бір күніміздің ха-

лқына аманат еткен қағидаларын зерделей

оқып, ұлағатты дәрістеріне үңіле түссек ар-

тық болмас еді деу орынды. Кезінде Әлекең:

«Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық

саяси ісін ұғынбаса тезек теріп, тарқы жолын-

да артта қалады»,- деген. Неге бұлай айтты

екен, әлде осы күнгі қазақ жұртының кемел

заманға ене тұрып уақытқа еліктегіш халық

боларын болжады ма? Бүгінгі ұрпақ тіл, дін,

діл деп неге ұрандасып жүр, бұл ненің салда-

ры, ірге неге қымталмаған, саңылау неліктен

көп? Неге айдың аманында отырыл қазақ

жұрты аққа шашалып, қараға қақапа береді?

Неге? Қазақ қашан «жоқшы, жоғын қуған

қуғыншы» қалпынан арылар? Сұрақ көп, тер-

се сұрақ әсте көп екен-ау, өзі... Айтпақшы,

Алаш арыстарына 1919 жылы Кеңес өкіметінің

өзі кеңшілік беріп, кешірім жасағанда да қой-

май да қоймай түрткен өзіміз екенбіз, алты

ауызды алауыздықпен өз түндігімізді өзіміз

желпілдетіппіз, енді анықталып жатыр, кешегі

Әлекеңді, Ахаң, Жақаң, т.б. зиялыларымыз-

ды қызыл императорының түпсіз тереңіне

өзіміз итеріппіз. Содан соңда итергенді жар-

дан құлату оңай ғой, статьяға ілігеді - атышу-

лы 58, екінші тармақ! Қазір бәрі ұмыт. Бәрін

тез ұмытамыз, сонда қалай, өткен тегіміз жақ-

сы дейміз. Арғы атамыз Ер Түрік, еш жаудан

беті қайтпаған, қайсар, қайартты ел болғаны

және белгілі. Бәрі рас. Мықты халық болғаны-

мыз шындық, қазақ қашан да керегеміз ағаш,

ұранымыз Алаш деп келген ұлыс! Алтын Орда

- Қыпшақ хандығы - Қазақ Елі! Кезінде Білге

қаған: «Түрік жұрты үшін түнде ұйықтамадым,

күндіз отырмадым, қызыл қанымды төктім,

қара терімді сықтым, ісімді-күшімді бердім»,-

десе, бұл өсиетнама астарында қанша мән-

мағына, тұтастық тірлікке бастайтын кісілік

ұлағат жатыр, ендеше «інілері ағасындай, ба-

лалары әкесіндей болмады» дейтіндей дана

халықтың ұрпақтары, осы бізге, бүгіндері не

болды, қандай жұрт боп барамыз, болашағы-

мыз нешік?



«Жұлдыз» журналынан.


1   2   3


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал