Ә. Бөкейхановтың туғанына -140 жыл



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата15.03.2017
өлшемі1,18 Mb.
#9923
  1   2   3

Ә.Бөкейхановтың туғанына -140 жыл

Өмір ғой бәрі, Әлекең-Әлихан

Бөкейханов бейнесі көз алдымда

жиі тартылатын болып алды. То-

сын бір елес тұлғаның сұлбасы мұнарлана

көрініп тұрады да біраздан соң алыстай

беріп, сағымға орана жоқ болады. Бисимил-

ла ирахман ирахим! Ертеректе Әлихан

Бөкейхановтың 1937 жылы Москваның Бу-

тырка түрмесінде түскен бір суретін көргенім

бар еді, дәл сол кейпі... Аяғында керзі етігі,

үстінде күпәйке, басында кепкі, жанары сол-

ғын, сақал-мұрты өскен, қас-қабағын ақ

қырау шалған... Неге бұлай жүдеу тартып

жүр, сағым ішіндегі қайран Әлекең өз қаза-

ғына әлі нали ма екен, неге анық көрінбейді?

Иә, өтті ғой бәрі, кезінде өзіне қазағы қорған

бола алмады, қайта кінә тақты, жаққан жала

жетеді. Қазір енді, шүкір, ақтаңдақтар ақтал-

ды, ақиқаттың беті ашылып жатыр, өткенді та-

нуға ұмтылыс бар, сонда не гәп? Әлекең

неліктен мұнар арасында жүр, ашық-жарқын

көрінбеуінің себебі не? «Алаш алаш болғалы,

Алашы атқа мінгелі, алашұбар ту байлап, ала-

шқа ұран бергелі, Әлім еді ағасы», дегендей,

қазақ қазақ болғалы, қазақтың жоғын жоқтап,

«Алаш» деп күңіреніп, көш бастаған қазақтың

Әлиханын өбектеуіміз әлде кемшін бе? Қазақ-

тың Әлекең, Ахаң, Жақаңы -"Әлихан - Ахмет

-Міржақып - Үш Алып - Үш Арысы! Бала

кезімізде әжем айтатын: Ерте-ерте ертеде,

сонау ерте заманда бір қазақ өтіпті деп. Сол

қазақ әсте аңқау өзі нағыз әпенді кісі болса

керек дейтін, әжем сөзін жалғап. Барша жұрт

мұсылман боламыз деп жаппай намазға жы-

ғылып жатса керек. Азаншы иқаматты оқып-

ты. «Аллаһу акбар! Аллаһу акбар Әшһәду әл

лә илаһа иллал-ла, Әшһәду әннә Мұхамед

расулула-ла, хаййа ғалас-сала. Хаййа ғалал

фалах, қад қаматис сали, қад қаматис-сали,

Аллаһу акбар, Аллаһу акбар, лә, илаһа иллал-

ла!»-деп, намазға тұрғандар жаппай қайталап

жатқанда әлгі бейбақ қанша тырысқанымен

арабша оқылатын намаз сөзіне тілі келмегесін

өз бетінше: «Ақ қойдың келдесі, қара қойдың

сәлдесі, мен құдайдың пендесін»,- деп, маң-

дайын жерге тигізе құлай беріпті. Соны байқ-

аған азаншы:

-Сен намаз шартын бұздың, -деп күста-.

налап, мұны Алла тағалаға жеткізсе керек.

Сонда жарылқаушы Тәңірі:

-Пендемнің ниеті түзу, беті қабыл, намаз

(сөзін түсінбей ишарат еткеннен өз түсінігімен

маған құлшылық қылғаны имандылық!-деп,

разылық білдірген ғой. Сол кеп, Әлихан Бөкей-

хановқа деген таза ықылас жеткілікті. Ниет түзу,

пиғыл ақ. Бүгіндері Бөкейханов ілімін тану

ғылымы басталып кеткені қуаныш. Ендігі

кезекті мына бір өлең жолдарына берелік:

Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,

Демейді қандай қазақ оны оң көзі.

Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан,

Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі.

Ел үшін құрбандыққа жанын берген,

Бит, бүрге, қандалаға қанын бергөн.

Ұрадай сасық ауа, темірлі үйде,

Зарығып алаш үшін бейнет көрген.

Түймеге жарқылдаған алданбаған,

Басқадай бір басы үшін жалданбаған.

Көркейер қайткенде алаш деген ойдан,

Басқа ойды өмірде малданбаған.

Заманда басқан аяқ кейін кеткен,

Жасымай алашына қызмет еткен.

Болса да қалың тұман, қараңғы түн,

Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен.

Басында ол қарағым тұр ғой дайын,

Тек ұзақ өмір берсін бір құдайым.

Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов,

Білемін бүл үш ердің айтпай жайын.

Кешегі қара күнде болмап па еді:

Бірі - Күн, бірі -Шолпан, бірі - Айым!

Солардан басқа кеше кім бар еді?

Қазақ үшін шам қылған жүрек майын...-

" Бұл Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңі! Ал,

Бөкейханов туралы халық:

Елі үшін, құрбандыққа жанын берген,

Бит, бүрге, қандалаға қанын берген.

Ұрыдай сасық ауа, темірлі үйде,

Алаш үшін зарығып бейнет көрген,

Заманда басқан аяқ кейін кеткен,

Жасымай алашына қызмет еткен.

Болса да қалың тұман, қараңғы түн,

Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен,

Түймеге жарқылдаған алданбаған,

Басқадай бір басы үшін жалданбаған.

«Қайткенде алаш көркейер» деген ойдан,

Басқа ойды өмірде малданбаған.

Ғалихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов

еді,- деп жыр төккен.

Елі үшін құрбандыққа жанын берген тұлға

Әлихан Бөкейханов халық ұғымында осылай

әспеттелген. Әйтсе де «мен осындай екенмін-

ау» деп, ол әсте шалқақтамапты. Қайта ел

ішінде бетегеден биік, жусаннан аласа өмір

кешкен, батыс пен шығыс, европа мен азия-

лық ілім-білімді толық меңгерген ғұлама

тұстастары арасында мойны қанша ұзын

көрінсе де мадаққа мастанбай, еткен еңбегін

міндетсінбей, қалың тұман, қараңғы түн ара-

сында алда бақ жұлдызы туатынына сеніп

өткені бір сабақ. Осы ретте Әлихан Бөкейха-

нов 1917 жылы Семейге келгенде елі арысын

қалай қарсы алған, тыңдап көрелік, қалың

жұртшылық алдында оқытушылар атынан

Мәнен Тұрғанбаев деген кісі сөйлеп: «Сүйікті

басшымыз! Еңбегің жанды. Ұлтыңыздың жан-

дана бастағанын көзіңіз көрді. Өзінің оқыту-

шы екенін жасырып жүретін оқытушыларың мы-

нау отырған. Бұрынғы келгендеріңізге дидары-

ңызды көрсетпей жауып қойған да уақыт болып

еді. Біз, оқытушылар, пікіріңізді жайып, еліңізді

тірілтуге даярмыз! Жаса, біздің басшымыз! Сізді

көргендер өзімізді бақытты санаймыз!» десе,

жиналған жастар атынан Сұлтанмахмұт Торай-

ғыров былайша құттықтапты:

«Көш бастаған еріміз!

Қуанышта еліңіз.

Төбеміз көкке жеткендей,

Көкіректен бүгін кеткендей,

Сізді көріп шеріміз.

Еліңіздің бұл шағын,

Алаш туын һәм бағып

Көзбен көріп төленді,

Көптен бергі теріңіз.

Алаш туын қолға алған,

Қараңғыда жол салған,

Арыстаным келіңіз!»

Онан соң оқушылар атынан жазушы

Жүсіпбек Аймауытов сөйлейді: «Қараңғыдан

қан жылап қаңғырған күнде басыңды алаш

жолына құрбан қылған ағамыз, асқар тауымыз.

Сізді көргендегі жүректің қуанышын тіл айтып

жеткізерлік емес. Өмірің, жүрген жолың біз -

інілеріңе жағып қойған шамшырақ! Жасасын

сүйреген Алашың! Жаса сабазым!»

Онан соң басқалар тарапынан да осы рет-



Коғабай СӘРСЕКЕЕВ

ғар. Егер сен оған қосылсаң,

тіпті жақсы болар еді.

Біздің Орталық баспада

көрнекті құралдар шеберхана-

сы бар. Олардың қаржысы

жеткілікті. Жұмыс жоспары

ауқымды. Бүкіл КСРО бойынша

халық ағарту ісіне қажетті

нәрселер әрбір ұлттың жағдайы

мен ерекшелігіне қарай жаса-

лынбақшы. Мен оларға қазақ

академиялық орталығымен

байланысыңдар деп кеңес ай-

ттым. Академиялық орталық

енді қазақ мектебі мен көшпелі

оқу үйлеріне келеді-ау деген

Ережелерін көрсетіп, арнайы

жұмысымен қоса осы мүм-

кіндікті пайдаланып, өз бағасын

берсін.

Академиялық орталық,



осыны орындауға тырысыңдар.

Әміре Қашаубайұлын Па-

рижге жібермекші. Ол бірде-бір

әннің сөзін білмейді ғой. Бол-

майтын нәрсені айтады. Мен

оны бірыңғай әншілердің үйіне

апарып, ән салғыздырттым.

Дауысын мақтастық, әйтсе де

ән салған кезде, мен қатты ұял-

дым. Айтқан әнінің сөзінде мән

болсайшы.

тес сөздер айтылып болған соң Ғалихан жұртқа

қарап аман-сәлем құттықтауды қабыл алғанын

білдіріп, қысқағана сөйлейді:

«Ағалар, інілер! Мені бұлай қарсы алғанда-

рыңа рахмет... Бостандыққа қуансаңдар, мені

«басшымыз» деп айтқандарың шын болса мен

өздеріңе өле-өлгенше сендерге қызмет қылуға

уәде берем, сендер уәде бересіңдер ме, бос-

тандықтың жолымен болуға? Бостандықтың

жолымен болсаңдар: бейшараны жемеуге,

партияны қойып бірігуге, бас пайдасы мен

жұрт пайдасын бірдей көруге, барлық күштерін

ғылым жолына бостандық арқасымен көгеру

жолына жұмсауға керек... Осыларды қылма-

саңдар, бостандық өзінен өзі сендерге түк әкеп

бермейді».

Жұрт өзіне көсем таныған Арысын осылай-

ша қарсы алса, қараңғыда жоқ іздеген ұлты

барын сезген Әлекең де толқыған. Осы

кездесуді «Сары арқа» газеті:

«Алаш» туының астында

Куә болсын арымыз!

Көркейтуге Алашты,

Құрбандық біздің жанымыз,

Жасасын, Алаш, жасасын!- деп көңілдері

босап, қуаныштан көздеріне жас алып тара-

ды,-деп жазған екен.

Семейге келгелі Әлихан әсте ұйықтай ал-

май жүр. Бәрі көңіл ғой, есіне түспейтіні жоқ,

өткен өмірінің не бір шағы көз алдынан өтеді,

жалпы адам ғұмыры көгенге ұқсайды, ауыл

маңында қозы-лақты көгендеп тастайтын

көгенбау болушы еді ғой - тап сол. Кісі сол

көгенде өмір бойы көгендеулі жүретіндей, әри-

не бірде бос ағытыласың, бірде қайта

көгенделесің. Әлихан өмір кешіп келе жатқан

қоғам да солай, басынан талай заман өтіпті,

бірде босатады, бірде құрық салады. Солай

өтелек-төтелек етіп жатқан кісі өмірі. Енді елге

келіп бір бой жазып қалды, қызық ғұмыр.

Мына бір хатқа назар аударсақ болады. Хат

Ахмет Байтұрсыновқа арналып жазылған: «Ба-

уырым Ахмет! 11 маусымда жазған хатыңды

алдым. Профессор тамыз және қыркүйек ай-

ларында Ырғыз бен Торғайға барып, сол жақ-

тан Қызылордаға соғатын болып уәде беріп,

Берлин қаласына қайтып кетті. Мен одан Қос-

танайдан бастауын өтіндім. Ол бұған келісті.

«Егер осы өңірлерге барсаңыз, Ахмет Байтұр-

сынулын ұшырастыруға тиіссіз. Бұл кісі сізге

серік болады»,-дедім мен тағы да.

Енді сенің келісіміңді біліп, оған хат жазып,

хабарласып, ақпарымды Мәскеудегі Неміс

өкілдігіне тастап кетпекшімін. Ол өзі біздің

Қазақ өкілеттігіне соғып, анықтап сұрап ала-

тын шығар.

Тамыз айында өзің қайда болмақсың?

Мырзағалиұлын неміспен ұшырастыруға

жіберерсің. Еуропа сүзектің микробын әлдеқа-

шан тапқан. Лизажанның профессоры дәріс

үстінде айтатын көрінеді: «Макс па, жоқ, мен

бе, бұл микробты тапқан сияқтымын»,-деп.

Макс бұл жөнінде ештеңе демеп еді.

Бәлкім, оның зерттеуінің нысанасы да сол шы-

Парижде мәнді ән талап етеді. Әншіні Па-

рижге жібере отырып, бір әннің болса да сөзін

жаттатқызуға болады ғой! Әміремен бірге ба-

ратын басқа халықтардың әншілері ұлттық

киімдерін киген, ал біздің Әміре орыс меша-

нынша киініпті. Бұл соншалықты қиын ба еді?

Абай мен Алтынсариннің баласы жөнінде

жазуыңды күзге дейін бітірсең де кеш емес.

Нәзір де Абай туралы жазбақшы. Мейлі, жаз-

сын. Ыбырай хақында өзің жазсаң жақсы бо-

лар еді. Ол сенің ағаң емес пе? Егер ол қазір

өмір сүрсе сендей болар еді, ал сен ертерек

дүниеге келгенде, оның ісін жасарың хақ.

Сенің ересек сауатсыздарға арналған

кітабыңда «бізге» керексіз қазақ хандары мен

билердің сөздері бар екен. «Еңбекші Қазақтың»

30-санындағы 19 қосымшасында Ғаббас:

«Кітапта бір де коммунист жоқ» -деп жазыпты.

Оған жолдас Мардан жақсы айтыпты. Мен Мар-

данның мұны неге жазғанын білдім: Біздің «жа-

зушы» қазақ коммунистеріміз саған риза емес

әрі араз көрінеді. Сен кітабыңда Мағрифаның

інісіне дейін орын беріп, мына «жазушылардың»

еңбектерін кіргізбепсің. Орыстың мұндай

кітаптарында Лениннің мақалдары толы болады

екен. Ондайлар біздің қазақ кітаптарында байғұс

Сәкендікінен басқаларда жоқ. Мұны маған жа-

қында болған коммунистің бірі айтты. Мен оның

есіне мынадай мысалды түсірдім: «Көктем шы-

ғып, күн аспанға жоғары көтеріліп, тіршілік атау-

лы ояна бастағанда, Юпитер бұқа кейпінде жер-

ге төмен түсіп, сиырлардың арасында ұрпақ

өндіру қамымен жүреді екен. Бірде жай ғана

кәдімгі бұқа Юпитер құдай болуды ойлапты. Сон-

да біреулер айтыпты: «Бұқаның Юпитер бола-

мын деп армандауы -сандырақ, бос қиял»,-деп.

Қазақ коммунистері Ленин болуды қаласа,

жол ашық, әлгі бұқаның кебін құшып жүрген

қазақ коммунистері Ленин бола ала ма де-

генімде, мына «төрем» көңілсізденіп әрі өкпе-

леп қалады.

«Келініне барды» деп, Күрден әкесі Едігеге

қол жұмсағанда, Едіге айтқан екен: «Егер

сүліктей арғымақты болдыртсаң, жақсы ат қай-

дан келмек? Қара сұңқарды қорласаң, ондай

құсқа қолың қайта жете ме? Егер жерді өрте-

сең, азықты қайдан алмақсың? Суды қанға

бөктірсең, қара суды кім берер? Шашымды ақ

шалып, көзімді шел басып, қартайған шағымда

өз атаң - мені сынасаң, қайдан жақсы бола-

сың»,-деп. Көксілдір мен Шайырдың осындай

өлеңдері бар. Осыны жазуға болады ғой.

Орталық баспаның тапсырмасы бойынша

Мағжан Жұмабайұлы әліппе мен өз бетімен

оқитындарға арнап кіріспелік жазған-ды. Кеше

Нәзір айтады: «Мағжан Жұмабайұлының жаз-

ған кітабы Байтұрсынұлының кітабынан жақ-

сы»,-деп. Ол кітаптар әлі басыла қойған жоқ.

Маған көрсетпеді де. Бірақ, Нәзір сыншы емес.

Меңдешұлы жолдас «Бөкейханұлы «Ең-

бекші Қазаққа» мақалалар жазады», - деп ша-

ғымданыпты. Бұл шағымы 15 маусымда Орта-

лық Комитет жанындағы Баспа бөліміне түсіпті.

Мені әлгі шағым бойынша онда отырған татар-

лар тиісінше тезден өткізді. Мәскеу

коммунистері: «Қазақтар-ұлтшылдар»,-деп

жалпыға жар салып, айқайлап жүр, Мен

олардан: «Айтып жүргендерің не?»-деп

сұрасам, олар: «Өздерің өздеріңе шағым

жасап жүрсіңдер, яғни оны жазған - өз қазақ-

тарың»,-деп айтады.

Жазғандарымды аяқтайын. 30 маусым-

да елге қарай шығамын.

Мадиярдың (Міржақып Дулатовты айта-

ды -Қ.С.) балалы болуымен құттықтайын деп

едім, бірақ мекен-жайын білмедім. Осы

жөнінде Мадиярға жазып жіберші. «Еңбекші

Қазақ» маған тиесілі ақшамды бөлер ме

екен, соны Жолдыбайұлынан білші...

Хат жаз. Әлихан. Мәскеу, 23.ҮІ-25жыл».

Осы бір хатта қанша үлгі бар, ғибраты қан-

ша! Әлекеңнің бұл хатына кейін Ахаң -Ахмет

Байтұрсынов Орынбордан жауап хат жазған.

Қос алыптың бұл жазысқан хаттарында біріне-

бірі деген зор ықылас, адал көңілі бір көрінсе,

ең бастысы хат жай ғана амандық-саулықты

білдіретін хат емес, мұнда елдік мінездерді та-

нытатын маңыз бар. Әлекең Міржақып Дула-

товқа жазған хаттарын «Шырақ, Мадиярым!»,

Діншеге жазған хатын «Бауырым, Дінше!»-деп

бастайды, біреуді таныстырса «товарищ

бәленше«, деп таныстырады. Мысалы, «това-

рищ Мағжан» деген сияқты. 1927 жылдың 9

қаңтарында «Еңбекші Қазақ» газетінің бетінде

Бірімжанұлы Ахметтің қазасы туралы Мір-

жақып Дулатулының азанама мүнәһибі басы-

лыпты. Жақаң осы қоштасуын Әлихан, Ахмет

ағаларының атынан жазғандай, өздерінің ара-

сында Ахмет Бірімжановты «Ахаң-юст», «Ахмет

Байтұрсыновты «Ахаң-прос» атап кеткендіктен

Міржақып Бөкейханов, Бірімжанов, Байтұрсы-

нов ағаларын өзіне ұстаз тұтатынын әркез жа-

сырмайды. Сондағы Ахаң-юстпен қоштасуы

мынау: «Ғинуардың 5-і күні Ахмет қайтыс бол-

ды деген хабар алдық. Ақаң.-юст соңғы кезде

қылтамақ (рак) болып ауырған еді. Биыл жаз

Кавказға, Мәскеуге барып, одан кейін доктор-

лардың кеңесімен Ленинградтағы радий

сәулесімен емдейтін үнстетке кеткен еді. Міне

сол емді көтере алмай, қайтыс болған хабарын

бүгін алып отырмыз.

Ақаң алдыңғы қатардағы әлеумет қыз-

меткерлердің бірі еді. Жасы биыл 56-да,

марқұм Орынбор гимназиясын оқып шы-

ғып, одан кейін 1895 жылы Қазан универ-

ситетінің заң факультетін бітірген. Өзінің

алған біліміне қарай содан бері сот

қызметінде болды.

1905 жыл төңкерісінен кейін патшалы

Ресейдің қатаң тәртібі босаңсып, Г.Дума

ашылатын болып, әр жұрт өзінің өкілін

жіберуге тура келгенде, Ақаңды Торғай об-

лысының қазағы бірінші, екінші думаға депу-

тат қылып сайлаған еді. III Думаға қазақ сы-

қылды бұратаналардан өкіл алынбайтын бо-

лып заң шыққан соң, Ақаң бұрынғы қыз-

метіне қайта кірісті.

(Жалғасы бар),

АЛАШТЫҢ

ӘЛИХАНЫ

(Филологиялық эссе)




 Ә.Бөкейхановтың туғанына -140 жыл

Февраль төңкерісінен кейін Ақаң ел би-

леу жұмысына араласты. Жалпы Ресей

құрылтайына Торғай облысынан өкіл болып

сайланды. Кейін Алашордаға мүше болды,

Октябрь төңкерісінен кейін бұрынғы алашор-

дашыларға Кеңес үкіметінің кешірімі жария-

ланды. Ахаң заң маманы есебінде, содан бері

сот жұмысы жолында жауапты қызметтерге

үздіксіз сайланып отырды. Қазақстан заң

кеңестерінің неше жылдай алқа мүшесі бол-

ды. Соңғы кезде Ақаң Қазақстанның Жоғар-

ғы сотында мүше еді.

Ақаң қаяусыз таза, адамгершілігі артық

азамат еді. Әлеумет, мемлекет қызметіне тың-

ғылықты, өз ісіне аса шебер еді. Қазақстан

сықылды білімді адамға кедей, мәдениет са-

тысында енді-енді өрмелеп келе жатқан жас

республикамыз көрнекті бір қызметкерінен

айырылды. Жолдас-жоралары, туған-туыста-

ры қымбат жақынынан айырылды. Бірақ Ақаң

артына мұра қалдырмай кеткен жоқ. Осы күні

үш баласы Қызылорда мектептерінде оқып

жүр. Жасынан тәрбиесінде болған інісі Ғазым-

бек Герман астанасы - Берлин қаласында 5

жылдан бері оқып жүр, енді үш-төрт айдан

кейін оқымысты шаруа-агроном болып келгелі

отыр. Міне, бұлар Ақаңның орнын жоғалтпай-

тынына, Октябрь төңкерісі арқылы қатарға

қосылған еліне еңбегін сіңіріп, пайдалы қызмет

ететініне сенеміз. Осымен көңіл жұбатамыз!

Қош, аяулы ағамыз, жан жолдасымыз,

Ақа!

Міржақып».



Енді Әлекеңнің өмірбаянынан аз дерек:

Ә.Н.Бөкейханов 1870 жылы (туған жылы ту-

ралы деректер біркелкі емес, кейбір тұста

1866 жыл деп жазылып жүр, біз Әлекеңнің

Қарқаралы уезі берген куәлігіне сүйеніп 1870

жыл дөгенді аламыз, -Қ.С) кешегі Семей

облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысы,

Тоқырауын өзені бойындағы нөмірі 7-ші

ауылда дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқаз-

ған облысы, Ақтоғай ауданына қараған Қара-

тал кеңшарының жері (бұл елді мекенге 1992

жылы Ақтоғай аудандық кеңесінің шешімімен

Ә.Н.Бөкейхан есімі берілген).

Әлихан ата-тегі Шыңғыс ханнан өрбитін

төре тұқымынан -Бөкейханнан тарайды.

Көкжал Барақханның баласы Бөкейхан қазақ-

тың таққа отырған соңғы хандарының бірі екені

тарихтан мәлім. Бөкейханның бес әйелінен он

бір ұл,сол он бір ұлдың бірі - Әлиханның арғы

бабасы Батыр. Батырдан Рүстем, Әшімтай,

Мырзатай туады. Мырзатайдан Нұрмұхамед

(Әлиханның әкесі елдегі аты Мұқан) Қоске,

Шолақ, Әптіхан, Нұрмұхамедтен Әлихан, Сма-

хан, Базылхан, Әзімхан, Тәтіхан деген бес ұл

мен Нұрбек атты бір қыз туады.

Әлиханды әкесі 1879 жылы Қарқаралы-

дағы молда оқуына береді. Кейін оқуға ын-

талы Әлихан Омбыдағы 4 жылдық техника-

лық училищеге қабылданады. 1890 жылы

енді ол Ресей империясының астанасы

Санкт-Петербордағы Орман шаруашылығы

институтына түсіп, оны 1894 жылы экономист

мамандығы бойынша бітіріп шығады. Осын-

дай ірі қалада білім алған Әлихан бұдан соң

Омбы қаласына оралып, орман мектебіне

қабылданып, онда дәріс оқиды. Осылайша

оның еңбек жолы басталған. Кісіні өсіретін

қоғам, орта. Бұл жағынан Әлихан Бөкейханов

ғибратты өмір жолынан өткен. Атақ-даңқ

дегеннің бәрі адамға еңбекпен келеді. Өзі де

текті, ісі де мығым Әлихан туған елінің мұң-

мұқтажын көре білді. Езілген халқының

кеудесін көтеру оның басты мұраттарының

бірі болғаны еңбектерінен байқалды, соған

ұмтылды. Кісілік тірлік иектеген оны жатса-

тұрса қазақ халқының болашағы, ұлт тағды-

ры толғандырды. Осы салада ізденіп, көп

еңбектенді, ғылыми жұмыстармен айналыс-

ты. Оқу-тоқу мұратты мақсаттарға бастап,

толғақты түйін түюге жетеледі. 1905 жылдан

Әлихан Бөкейханов тісқаққан саясаткер, осы

жылы Семей қазақтарының атынан 1-ші

Мемлекеттік думаға депутат болып сайлана-

ды. 1905-07 жылдары кадет партиясының

Омбы губерниясының комитетінің құрамын-

да болып, «Иртыш», Омич», «Голос степи»

газеттерінің редакторы.бұл жылдарда ғылы-

ми жұмыстармен айналысады. Оның аты

шулы «Қазақтар» дейтін мақаласы осы жыл-

дарда жарық көреді. 1913 жылы А.Байтұрсы-

нов, М.Дулатовтармен бірге «Қазақ» газетін

шығаруды ұйымдастырады. Абырой - еңбек-

те, Әлихан бұл жылдары тынымсыз қалам

тербемеді ме, біресе өз атымен, біресе «Қыр

баласы» дейтін бүркеншек атпен «Қазақ»

газетінің бетінен түспейді, бәрі ұлт қамы,

сондағы айтатымы «Қазақ жұрты бас қамын

қыл, есік алдынан дауыл, үй артынан жау

келді. Алаштың баласы, ақтабан шұбырын-

ды, алқа көл сұламадан соң, 200 жылдан,

басыңа бір қиын іс келді. Ақсақал аға, аза-

мат іні отбасы араздық дауды қой, бірақ, жұрт

қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам

қыл!» деу. Жейтіні - қазақ қамы!» 1917 жылы

Алаи партиясын құрып, Алашорда үкіметінің

төрағасы болды. Бұл оның өмірбаянының

аттамалы ғана дерегі. Өстіп жүріп Әлихан

Бөкейханов 1922 жылы ұлтшыл деген себеп-

пен елден аласталған ғой, мәскеуге жер ау-

дарылған. Алаштың Әлиханы жаңа өкіметке

қызмет етуден бас тартқан тұңғыш қазақ

емес пе, мұнысын қызыл Үкімет кешіре ме,

оеынысын кек тұтқан большевиктер оны

көзден таса қылмай «жанында - Орталықта

ұстауға шешсе бұл да тәсіл. Оған Мәскеуде

«оны-мұны» жұмыс берген боп алдаусыра-

тып, әйтеуір елге жақындатпаудың амалын

істеп баққан. Кеңестің құрығы ұзын, кез кел-

ген сәтте салады, сондықтан да көзден таса

қылмаған. Солай жасаған да ғой бұл екі орта-

да ол сан рет абақтының бетін көрді. Әсіресе

елге келгенінде соңына тыңшы салатын. «Ұзын

арқан, кең тұсау» дегенмен, Мәскеуде оған

келетін хат-хабар, пошта мұқият тексеруден

өтіп, пәтерінің телефоны тындалатын-ды. Енді

Әлекеңді 1927 жылдан - он бес жыл бойы -

1937 жылдың тамызына дейін пәтерінде қамап

ұстайды. Сыртқа шығуға болмайды, ұлықсат

жоқ. Ақыры 1937 жылдың тамызында тұтқын-

дап, Мәскеудің Бутыр түрмесіне жабады.

1937 жылдың 27 қыркүйегінде КСРО Жо-

ғарғы Сотының Әскери Коллегиясы «возглов-

лял контрреволюционную войну против совет-

ской власти, устоновил связи с руководителя-

ми террористического центра в Казахстане и

Москве», деген жалған айыппен қазақтың ұлт-

азаттық қозғалысының негізін қалаған аса

көрнекті қоғам және мемлекет қайарткері, ұлт



Коғабай СӘРСЕКЕЕВ

АЛАШТЫҢ

ӘЛИХАНЫ

(Филологиялық эссе)

көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханды

елден тыс жерде Мәскеуде өлім жазасына

кесілсін деген үкім шығарады. Үкім сол күні-ақ

орындалған. Тым-тырыс. Үн шықпайды. Шы-

ғаратын кім бар. Ешкім де. Бұл қалай деуге

мұрша жоқ, оған кімнің шамасы келсін, дегіз-

бейді, бәрі орталықтың әмірі. Осылайша Алты

Алаштың көсемі - Әлихан Бөкейханов өмірі

үзілді. Атты. Атылды. Жазаның ең қатаң түрі

орындалды, осымен бәрі тынды. Бұл күн қазақ

қауымы үшін қаралы күн болуға тиісті еді, бірақ

тез ұмытылды. Кеңестің алып агрегаты өңешін

кең ашып, бәрін заматта жалмай жұтып қоятын

еді ғой, содан кейін бәрі тып-типыл, білімсіз

жылмиып жүре беретін, 1937 жылдың 27

қыркүйегі де тарих еншісінен осылайша түк

болмағандай өте шықты. Бәрі ұмыт болған. Тез

ұмытылды. Ұмыттырды. Саясат! Уақыт

бұйрығы!


Ахмет Байтұрсынов тағдырлас досы Әли-

хан Бөкейхановқа арнап өлең жазады. Ахаңның

бұл жыры досының ажалына орай емес,

Әлекеңнің тірі кезінде, торыққан бір кезінде

жазылған сияқты. Өлең бірінің көңілін бірі

жұбатқан сарынға көп ұқсайды.

Қырағы, қия жазбас, сұңқарым-ай!

Қажымас қашық жолға, тұлпарым-ай!

Үйілген өлексені өрге сүйреп,

шығармақ қыр басына, іңкәрім-ай!

Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр,

Түнерген төбемізден бұлт арылмай.

Көк етті, көн терілі, көніп қалған,

Сықса да шыдай беру - жұрт жарылмай.

Кім біліп, ер еңбегін сезіп жатыр?

Кім шыдап, жолдастыққа төзіп жатыр?

Сасық ми, салқын жүрек санасыздар,

Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр.

Сынайтын, жақсы менен жаманды өлшеп,

Құлдықтың қолдарында кезі жатыр.

Кешегі кеңшілікте керек қылған,

Бостандық болмаған соң безіп жатыр.

Айтқанмен таусылар ма оны-мұны?

Талайдың таңдамалы түпкі сыры:

Жанасқан шын көңілмен жақындық аз-

Көбінің іші салқын, сырты-ақ жылы.

Ақшаға абыройын, арын сатып,

Азған жұрт, адамшылық қалмай сыны.

Жаны ашып, жақын үшін қайғырар ма,

Жаны - мал, жақыны - мал, малдың құлы?!

Енді Әлекеңнің отбасылық жайына келейік.

Әлихан атамыз кезінде орысқа үйленген ғой,

содан ба екен, әрі өмірінің көбі ішкі қалада,

елден жырақ жерде өткесін де ме, әлде жаз-

мыш па-Әлекеңнің өз кіндігінен көп ұрпақ жоқ.

Жұбайы Елена Яковлевна Бөкейхан (Севость-

янова) бір ұл, бір қыз ғана көтерген әйел. Ұлы-

ның аты Үкітай (Сергей), қызының аты Елиза-

вета (Лиза). Лизаның күйеуі Смағұл Сәдуақа-

сұлы. Бұлардың Ескендір (Кене) дейтін ұлда-

ры болған. Әлекеңнің өзіне деген бар маңайы

осы. Өмірлерінің денін әсіресе, соңғы жылда-

рын тағдыр тауқыметімен Москва қаласында

өткізген. Адамның басы - Алланың добы. Әли-

ханды да өмір әбден шыр айналдырыпты-ау,

ғұмырының көбі - басқан әр қадамы бақылау-

да болған, содан жаңа өкімет оны Мәскеуге

әкеп бір-ақ тықты. Кеңестің үкіметінің сондағы

көздегені Әлекеңді -Әлихан Бөкейхановты

әбден тезден өткізу еді. Әлде де аңысын-аң-

дауы керек, не ойы бар, бұл өзі қандай қазақ,

неге тиыш жүрмейді, неге түртінеді, халқын

қайда үндейді, қайда бастамақ? Омбыда тұр-

ды - бақылады, Семейге келді - мұнда да со-

лай. Өздері бір қауым: Ахмет, Міржақып, Сұл-

танмахмұт, Мағжан, Халел, Жиһанша, Смағұл,

Жүсіпбек, Ғұмар

г

 Мұстафа, Мұхамеджан, Жа-



қып Ақбайұлы, Ахмет Бірімжанов, Дәуіт Тұндыт,

Сәлімгерей Жантөре, Әлімхан Ермеков, Ал-

пысбай Қалмен, Әубәкір Диваев, Шәкәрім

Құдайбердіұлы. Қатарлары мол, осынша ұзын

тізім, өздері тіптен көп өкен-ау, міне, осылар-

дың ішінен Әлихан Бөкейхановты айрықша

ыңғайға апды, бақылап, сірә, көсемі деді ме -

Москваға ығыстырған, дәлірегі - жер аударғ-

ан, елге, басқадай жерге шығуға рұқсаты жоқ.

ОГПУ бақылауында.

Әлекең қарап отырған ба, Москвада ол

қазақ зиялыларының «Алқаң» атты ұйымын

құрып, соның бағдарламасын жасады. Ұйым-

ның мақсаты жаңа жүйеге төңкеріс жасау емес,

аңдағанға есті азаматтардың адаспай сақ

жүруі сақ жүргенде қазақтың болашағы жө-

нінде адалдықпен ұйыса жүруі қарастырыла-

ды, ішті бермеу, идея бірлігі негізгі қағида еді.

Бағдар айқын-тын. Бөлінгеннің адасуы оңай.

Өзі КСРО Орталық баспасынан Қазақ бөлі-

мінде әдеби қызметкер. Бірақ маза жоқ.

Арыз... Арыз...Төпелеп жазады... Сырт емес,

арыз жазатындар іште, өз арамыздан табыл-

са не шара? Бір Мұқанның Сәбитінің өзі

дүниенің әлек-шәлегін шығаруға жарады.

Сталиннің алдында болғанын зор бедел тұтып,

былайғы жұртты қырып жібере жаздамады ма,

қазақтан шыққан тәу «пролетариат жазушысы»

атана бастаған Сәбит дәл сол тұста кедей тап-

тан шыққанын анық танытты. Қызды-қызды-

мен төңірегін түгел торыған інісі Әлекеңнің

өзіне тап берген. Ахмет, Міржақып, Мағжан,

Смағұлдан ауысып Ленин еңбектерінің Бөкей-

ханов аударған тәржімасынан ілік іздеуге

кіріскен-ді. Тергенге телім табылады. Өренің

жеткен-жетпегеніне, аударма өнерінің қырын

білу-білмегеніне қарамастан Әлихандай ше-

бер аудармашыға ауыз салсын. Жаңа өкіметтің

жанды жері - Ленин, Ленин еңбектерін шикі

аударды дегенге шыдау қайда, сыбыс шығы-

сымен қырағы Орталық аудармашы соңына

шырақ алып түссін, қарақтау басым. Бірақ

Ә.Бөкейханов өзіне үйреншікті елдік мінезден

қайтпайды. Ақталмайды дәлелдейді, жеңіп

шығады. Сонда да түйткіл тыйылмайды, сөз

қайта бықсиды... 1923 жылы «Еңбекші Қазақ-

та» «Қара тақтаға жазылмаңдар, шешендер»

дейтін мақала шығады. Белсенді мақала.

Төңірек «түрт, шайтан түрт!» - деп тұрған кез,

іздегенге сұраған. Осы кезде Смағұл Сәдуақа-

сұлының Ахмет Байтұрсыновтың 50 жылдық

мерекесіне орай Орынборда жасаған баянда-

масы ушықсын. Мұны түрткен де -Сәбит, про-

летариат жоқшысы. Смағұл баяндамасында

ұлт көсемдері деп Кенесары, Шоқан, Ыбырай,

Абай, Ахмет есімдерін бөліп атағанда, қарсы

жақ бүл пікірмен келіспейді. Дәлелі: Шоқан -

хан тұқымынан, Ыбырай мен Абайдың тегі -

бай Кенесары -қанішер, Ахмет - ұлтшыл.

Бөкейханов осының бәрінен хабардар, сөз

Москваға күнбе күн жетіп жатады, содан да

көңілі пәс. Қарап отырыпзығырданы қайнайды,

қаны тасып біразға дейін өзіне-өзі келе алмай,

әйтеуір бір кезде барып жұбанады-ау, не

істесін - басқа амалы жоқ. «Адасудың жолы көп

екен-ау,-дейді ол сондайда іштей кіжініп, -

қарашы мына бейбақтарды, қарадай шатасу-

ын... Қазақ өзін жұбатқанда «Ит үреді, керуен

көшеді» деуші еді-ау, иә... Жоқ жерден ілік іздеу

бізде ғана бар кесапат! Кенесарыны ғайбаттау

көрсоқырлық! Өзі жазды ғой, бұл қазақтар ең

құрыса соны оқымас па, 1923 жылы Ташкент-

те шықты». Күйінеді. Орысша жазғанын әлде

жұрт түсінбеді ме?.. Жоқ, түсінді ғой, бірақ

ағайындар бәрін жория істейді сондағысы

мені мұқатқаны ма?.. Енді ол қайратына

мініп, қолын бір сілтейді де әдеттегідей үде-

те еңбектеніп көркем аударма жұмыстары-

мен айналысып Л.Толстой, В.Короленко,

Эзоп шығармаларына үңіліп кетеді. Ол бұл

жылдары мектеп оқулықтарын шығаруға ат

салысып, газет-журналдарға зерттеу мақа-

лаларын жазып, шығарып тұрды.

Баспада жұмыс істеген жылдары Әлихан

Бөкейханов оннан астам оқу құралдарын,

аудармаларын, ғылыми еңбектерін кітап етіп

шығарады, 1926 жылы Әлекеңді СССР Ғылым

академиясы жұмысқа шақырған. Бұл жылы

табысты етті. Бірақ 1927 жылдың 1 қазанынан

Әлекең себеп-салдарсыз, «қысқарту» деген

желеумен жұмысынан шығарылады, ізіне түсу

басталған. Иә, бұл айтуға ғана жеңіл, Әлекең

осындай азапты жылдарды басынан өткерді-

ау... Күн өтпейді, жыл жылжымайды. Тордағы

арыстандай бұлқынады, бірақ сыртқа шығуға

аяқта «тұсау», қолда «кісен» десе болар, Ке-

ңес өкіметінің әмірі зор, өз үйің өзіңе үйқамақ

- абақты болғасын бұл қай тірлік? Бәрі аңду...

Сындарлы жылдар, тоқырау жылдары... Сон-

да ғой әлгі қызы Лиза айтты деген әңгіменің

шығып жүргені. Мәскеуге Сәбит Мұқанов

келіп лекция оқитынын Әлекең естіп, сол жер-

ге барыпты. Көпшілік ішінде отырған Әлихан

Бөкейхановты Сәбит көріп қалып: Мен Әли-

хан Бөкейханов бар жерде лекция оқымай-

мын, ол бұл жерден шығып кетсін», - депті.

Әлекең орнынан тұрып жүре берген, үйге

келіп Лизасына болған уақиғаны айтқанда,

Лизасы қатты ашуланады. Мен, папа, саған

айтпап па едім, ондай жерге жолама, барма

деп. Бұл жайды біз Гүлнар Міржақыпқызының

кітабынан оқып едік. Автор сол әңгімені Әле-

кеңе немере болып келетін Райымжан Бөкей-

хановтан естігенін жазған. Ауыр әңгіме. Сырт-

қа да қиналып шығаратын әңгіме...

Гүлнар Міржақыпқызы Дулатова Алаш

арыстарын кезінде көзімен көрген кісі. Жасы

бүгіндері 90-ға келіп отыр. Міне осы кісі «Шын-

дық шырағы» дейтін екі томдық кітап жазды.

Кітабы аса құнды. Өкінішке орай, тарих ал-

дында зор мәні бар осы еңбек еленбей келеді,

Мәселен, Алаш зиялыларының ортасында

өскен Гүлнар апай Әлекеңді «атакем» дейді

екен. Енді Міржақыпқызын тыңдалық, қазіргі

тірі архив осы Гүлнар апай, асылдың сынығы,

жақсының тұяғы тұнған бір қазына:

-1934 жылды ұмытар емеспін. Жазушы

Максим Горькийдің жұбайы, белгілі қоғам

қайраткері Екатерина Павловна Пешкова

«Қызыл крест» қоғамын басқарып тұрған

жылдарында саяси тұтқындардан келген

арыз-өтініштерін аяқсыз қалдырмай шама-

сы келгенінше орындап, жеке басы қамқор-

лыққа алып, түрлі көмегін беріп тұратын.

Көпті көрген, барынша адал, өте мейірбан

әділ кісі екенін естіп білетін едік. Айдауда

жүрген Байтұрсынов пен Жұмабаевтың

арыздары бойынша сол Пешкованың тікелей

араласуымен үкім жазасының мерзімін қыс-

қартқызып елге қайыруының өзі не тұрады,

айдауда арып-ашып жүрген кездерінде бон-

на (ақша) салып жәрдем бергенін қалай ба-

ғаламаймыз, міне содан бері талай жылдар

өтседағы алғысымызды айта жүрдік, мар-

құмның рухы риза болсын. Менің әкем Мір-

жақып бұл кісіге жолдаған өтінішінде өзінің

ауруға шалдыққанын, ендігі уақытта Солов-

киде ұзақ өмір сүре алмайтынын басқа жер-

ге аудартсаңыз, мүмкіндік болса әйеліммен

кездесуге (свидание) рұқсат етсеңіздер, деп

жазыпты. Пешкова арызын аяқсыз қалдыр-

май папамның тілегін орындады, сөйтіп

Ақтеңіз-Балтық каналының бойындағы Каре-

лия Автономиялық республикасына қарасты

Сосновец станциясына таяу поселкеге ауыс-

тыртыпты, онымен бірге жұбайымен жо-

лығуға жол ашыпты. Пешковадан хабар алы-

сымен, папамнан: «Гая, тез келіп жет, бәрің-

ді, сүйдім, Міржақып» деген телеграмма ал-

дық. Сондағы қуанғанымызды айтып жеткізу

қиын, әкемнің өзін көргендей болдым, Осы-

дан кейін мамам каникулда жүрген тоғыз жа-

сар ұлы Әлібекті өзімен бірге алып кетуге ұй-

ғарды. Сол күннен бастап жинала бастады.

Папама қажет деген киім-кешегін, азық-

түлікті әзірлеуге бәріміз жабыла кірістік. Өзім

қызмет істеп жүрген Түрксиб теміржол бас-

қармасының жылына бір рет тиісті қалаған

қалаңа барып қайтуға берілетін тегін билетін

жаздырып алдым (бұрын үй мүшелеріне де

берілетін), бұл да себін тигізген жеңілдіктің

үлкені еді. Қоштасып шығарып салуға туыстар,

әке-шешемнің жолдастары жиылды, мамама

сәт сапар тілеп, папама сәлемдерін айтқан еді.

Ертеден келе жатқан дәстүр бойынша жақын-

дар қарап қалмай, сәлемдеме жәрдем

көрсетіп жіберетіні болмай ма, сондай жана-

шыр тілектес кісілердің есімін атамауға бол-

майды, олар: Қазақстан баспасында (Қазиз-

дат) бірге жұмыс атқарған редактор Қартқожа

Тоғамбаев пен жазушы Әлібек Қоңыратбаев,

тағы басқалар мамама конверт табыс етті. То-

бымызбен жолаушыларды Мәскеу поезына

отырғызып жөнелттік, күн бұрын «қарсы алы-

ңыз, Гая»,- деп Мәскеудегі Әлихан Бөкейха-

нов атакеме телеграмма салдық. Шешемнің

Москваға жолшыбай аялдамауының жөні кел-

мес, Әлекеңнің тұсынан оған соқпай, көріп,

сәлем бермей өтуі қолайсыз, көргенсіздік деп

санайтын мамам, оның бер жағында Әлекеңнің

күйеу бал асы Смағұл Сәдуақасовтың дүние са-

лғанына жыл толуы, Лиза екеуіне қайғылары-

на ортақ екенін білдіруі, көңіл айтуы керек еді.

Қазан вокзалының алдынан мамамды қарсы

алуға Әлихан атакеме еріп семейлік Шәмен

Ғалиев ағамыз шығыпты, бұл кісі Тимирязев

академиясының студенті екен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет